facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zhauzh-rek-polk-bolasha-ymyz-sh-n-k-resken-adamdardy-7-o-i-asy
logo
Жаужүрек полкі: болашағымыз үшін күрескен адамдардың 7 оқиғасы
Таңғажайып Қазақстан

04.05.2017

Жаужүрек полкі: болашағымыз үшін күрескен адамдардың 7 оқиғасы

Төреқұлова (Нұрғалиева) Сағат Сәкенқызы, 65 жаста, туған қаласы — Петропавл, зейнеткер


Біздің үлкен отбасымыздан Ұлы Отан соғысына 1941-1945 жылдары ағам, әкемнің туған ағасы — Нұрғалиев Мағжан Нұрғалиұлы, әкем — Нұрғалиев Сәкен Нұрғалиұлы, қайын атам — Райымбеков Төреқұл және менің нағашы ағам — Бегалин Нығметжан қатысқан.


Нұрғалиев Мағжан Нұрғалиұлы 1923 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Советский ауданы, Аралағаш кеңшарының Төңкеріс ауылында туған. Алматылық С. М. Киров атындағы №12 үлгілі қазақ орта мектебінде оқыған. Кейіннен Қара-Ағаш ұжымшарына қайтып келіп, 1940 жылдың 5 қазанынан 1941 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қарағаш орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған. Мектепте оқуға түсу үшін Мағжан ағама берілген анықтамада «Әкімшілік жазасы жоқ» делінген. Мұғалім бола жүріп, Мағжан аға Қазақ КСР-ның бастауыш және орта мектеп жұмысшыларының кәсіподағы мен Төңкеріс күрескерлеріне көмек халықаралық ұйымының қатарына енді.


1942 жылы жұмыспен қатар Петропавл Қазақ педагогикалық училищесінде сырттай оқып жүргенде әскерге шақырылады. Мағжан ағатайым 3-ші Калининдік соққылау әскерінің әуе қорғанысының 609-әскери полкінде барлаушы-алыстан өлшеуші болған. Бұл оның қырағы болғанын білдіреді. Соғыста барлаушы-алыстан өлшеуші соғыс алаңын бақылайды, нысананы көздейді және олардың координаттарын, өлшемдері мен типін анықтайды, артиллерия отын реттеуді жүзеге асыру үшін снарядтардың жарылуын бақылайды. Мамандықты алып жүру үшін орта мектеп көлемінде жалпы білім дайындығы болуы тиіс. Ал оның дайындығы тамаша болды.


Ол сүйікті ұл әрі бауыр болды, сол кезде Алматыда жоғары қызметте істеген ағасы Мұстақымға сыйластықпен қараған. Оның анасы, Күлжәмилә әже айтқандай, Мағжан аға ешқашан ешкімге дауыс көтермеген, әрдайым жұмсақ әрі мейірімді адам болған, көп жұмыс істеп, бәріне көмектесіп жүрген. Мағжан аға сауатты адам болған, ол тұрып, жұміс істеген ұжымшарда онсыз еш шаруа бітпеген. Ауылдастары оны еңбекқорлығы, өмірге құштарлығы, үлкендерге деген сыйластығы үшін құрметтеген.


1943 жылы 13 қарашада оның анасы хабарлама алады. Онла «Ер. Қызыл әскер Нұрғалиев Мағжан, Солтүстік Қазақстан обл., Ленин ауданы, Қараағаш ұ-ш тумасы. Кеңестік Отаны үшін күресте әскери антына адал боп, ерлік пен батырлық танытып, жараланды. 1943 жылдың 15 қазанында өмірден озды, Витеб облысы, Мехов ауданы, Солодухино қыстағының солтүстік-батыс жағында 800 метр жерде жерленген. Нақты хабарлама зейнетақы туралы өтінішті қозғауға арналған құжат болып табылады (приказ НКО СССР № 38-41 г)».


Күлжәмилә әже өмірінің соңына дейін 1941-1945 ж. ж. Ұлы Отан соғысында қайтыс болған ұлы Мағжан үшін зейнетақы алып келді. Осылайша, 20 жасында қаза тапқан ұлы анасының өмірінің соңына дейін зейнетақы қалдырып кетті, ал Күлжәмилә әже 1982 жылы дүниеден озды. Зейнетақы мөлшері өзгеріп отырды, азғантай болды, алайда еліміз Отан қорғаушыны туған әйелге алғыс ретінде оны назардан тыс қалдырмады.


Біз қатардағы Нұрғалиев Мағжанды «КНИГА ПАМЯТИ РБ» (Белорусь Республикасы) республикалық автоматтандырылған деректер банкінен іздедік. Менің ағам жерленгендердің қатарында болмай шықты. Ары қарай «ОБД-МЕМОРИАЛ» сайтында іздеуді жалғастырдық. Сайт ақпараттары бөліктермен ашылатын болған соң, бірден ағам туралы мәліметтерді таба алмадық. Бірақ, біз үмітімізді үзбедік, бір кезде ағам, Нұрғалиев Мағжан, 173 ОМСБ құжаттарының арасынан табылды, тек ол Мағжан емес, Могжан деп жазылған екен.


Қаза тапқан Отан қорғаушы Нұрғалиев Мағжан Нұрғалиұлының тегі Белоруссияның Витебск облысының, Руднян ауылдық кеңесінің Кудины қыстағында орналасқан № 2422 әскери жерлеу мемориалды тақтасында тұр.


2013 жылдың мамырында біз, қатардағы Нұрғалиев Мағжанның немерелері мен шөберелері, Белорусь Республикасының Витебск облысы, Кудины қыстағындағы бауырлар мазарында болдық. Жарқын болашағымыз бен әлемдегі бейбітшілік үшін Ұлы Отан соғысында қазақ тапқан әскерилерге басымызды идік. Осы бауырлар мазарынан туған жерімізге, Солтүстік Қазақстанға топырақ алып келдік те, дүниеге әкеліп, өсірген және «қара қағаздың» қорқынышты жолдарына сенбеген күйі оны өмір бойы баласын күткен анасының жанына көмдік.


Барлаушы-алыстан өлшеуші Нұрғалиев Мағжанның есімі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰОС қатысушыларының «Книга памяти» 5-томдық басылымында айтылады.


Нұрғалиев Сәкен Нұрғалиұлы 1926 жылдың 15 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданы, Аралағаш ауылдық кеңесінің Төңкеріс ауылында туған.


Ұлы Отан соғысының қатысушысы, соғыстың аяқталуын 1945 жылы Румынияның Сталино қаласында қарсы алды. Соғыстан кейін Совет ауданының «Қазақстанның 30 жылдығы» ұжымшарында Комсомолда партбюроның босатылған хатшысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданының «Ленинский» астықкеңшарында бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.


Райымбеков Төреқұл Райымбекұлы 1913 жылдың 15 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.


1941 жылдың 12 шілдесінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысынан Кеңес әскері қатарына шақырылады. Соғыс жылдарында Сталинград, Курск, Калининград және Украинаның барлық аймағын жүріп өткен. Ол тек бұл аумақты азат ету үшін ғана күрескен жоқ, сонымен қатар ұрыс пен бомбалаудан зардап шеккен темір жолдарды қалпына келтіруге қатысқан. Жау қиратқан аймақтың толыққанды өмірі оның еңбегіне байланысты еді. Соғыс жылдарындағы ерлігі үшін әкеміз ІІ дәрежелі Отан соғысы Орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Сондай-ақ, ол «Ұлы Отан соғысының Қатысушысы» кітабын иеленген.


Соғыс аяқталған соң атамыз бірден үйге оралған жоқ. Оның жол жұмыстары жөніндегі білімі Отанымыздың темір жолдарын іске қосуды қалпына келтіруге қажет болды. Үйге оралысымен ол жұмысын жалғастырып, 1970 жылы зейнетке шықты.


Өмірінің соңғы жылдары сүйікті балалары мен немере, шөберелерінің ортасында өтті. Әкем 94 жасқа қараған шғында 2006 жылы дүниеден озды.


Бегалин Нығметжан Бегалыұлы 1906 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданы, Амангелді ауылында туған.


1942 жылдың 3 қазанында Кеңес АӘК шақырылған, қатардағы жауынгер, атқыш. 86-шы гвардиялық полкінің 28-ші атқыштар дивизиясында қызмет еткен. 1943 жылдың 20 ақпанына ерлікпен қаза тапқан. Ленинград облысы, Лычков ауданы, Симонов қыстағының оңтүстік-батыс жағында 1,5 км жерде жерленген.


Біздің ҰОС-да қайтыс болғандардың деректер базасынан Нығметжанды іздегенімізден түк шықпады, алайда біз үміт үзбейміз және іздеуді жалғастырамыз.


«Жаужүрек полкі» қозғалысы туралы Ғаламтордан білдік. Ол кезде 2014 жылы бұл акция Қазақстанда әлі дұрыс танымал болмады және қазіргідей Қазақстанның көп қалаларында 9 мамырға арналған шерулер өткен жоқ. Біздің іздеуіміз «Жаужүрек полкі» азаматтық акциясының Астанадағы үйлестірушісі Аида Баймакоаға алып келді. Жыл сайын бұл акция күш жинап келеді. Біз бұл үлкен шеруге мақтанышпен әрі алғыспен және ішкі көтеріліспен қатысамыз. Бұл өскелең ұрпақты, жрқын болашақ үшін жанын қиғандардың немере, шөберелерін тәрбиелеу. Бұл акцияның арқасында балалар мен немерелер сол сұрапыл соғыс туралы біледі, өз ата-бабасының суретін мақтанышпен алып шығады, соғыс жылдарының әндерін айтып, тыңдайды, және өз Батырларын ешқашан ұмытпайды. Бұл естелікті ұрпақтан ұрпаққа жалғайды.


Астанада 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Батыр-қатысушыларының ұрпақтарының шеру маршын ұйымдастырудағы зор еңбегі үшін Аида Баймаковаға, Аида Сагимбаева мен үйлестірушілік кеңестің барлық мүшесіне үлкен рақметімді айтамын.



Балжан Бейсенова, 43 жаста, туған қаласы — Астана (Целиноград), Kazsport телеарнасының редакторы

Менің атам, анамның әкесі Мәжит Нұғмановты 1942 жылдың сәуірінде Петропавл қалалық әскери комиссариатынан майданға шақырады. Ол сол кезде тарих пен географиядан сабақ берген Көкшетау Қазпедучилищесінде директор болып қызмет еткен.


Ол кезде анам сегіз жаста болған. Ол әкесінен офицерлік курстан өтіп, жақын арада майдандағы әрекет етуші әскерге аттанатынын жазған бір-екі хат алғанын айтқан. Содан кейін, шамамен, 1942 жылдың қарашасында хат келуін тоқтатады, 1943 жылдың наурыз айында оны хабарсыз кетті деп таныды. Анам оны өмір бойы іздеді, 2004 жылы дүниеден озды. Соғыс біткен соң ол кішкентай қыз болса да әскери комиссариатқа ақпар сұрап жиі брып тұрған, бірде оған әсери комиссариат: «Сара, сен мұнда жұмысқа келгендей келесің. Біз барлық құжатты Мәскеуге жібердік, әкеңді іздеп жатырмыз, хабар болса, біз саған хабарлаймыз» деген. Алайда, содан бері атам туралы ешқандай мәлімет шықпаған.


Анамның болжамына қарағанда атам Сталинград түбінде қаза тапқан. Мен өзім тарих пәнінің мұғалімі болғндықтан, Сталинград түбінде не және қалай болғанын білемін, сол ет турағышта қанша адам жан тапсырды, сондықтан шынымен жоғалып кетуі мүмкін.


Жыл сайын астаналық «Мемориалды аймақ» іздеу отрядының жтекшісі Майдан Құсайынов хабарсыз кеткендердің ұрпақтарына ерекше төсбелгі тапсырады. Пішіні бойынша ол Отан соғысы Орденін еске салады. Тек ортасында сынған касканың суреті салынған. Бұл саңылаудың арғы жағынан ешқашан ұмытылмайтын қаза тапқан солдаттың белгісі — меруертгүл өскен. Бұл марапатты өмірде орден алу бұйырмаған, соғыстан оралмаған жауынгерлердің ұрпақтарына береді. Біз, ұлым екеуміз, атамыз үшін төсбелгі алдық. «Мемориалды аймақтың» арқасында біз бір жылдан астам уақыттан бері атамызды хабарсыз кетті деп емес, Ұлы Отан соғысында қаза тапты деп айтамыз.

«Жаужүрек полкі» акциясы туралы Ғаламтордан білдім. Бұл қажетті іс деп ойлаймын. Уақыт өте, ардагерлердің азайып жатқаны белгілі, сондықтан бұл дұрыс. Былтыр ұлым екеуміз шеруге қатыстық, мұнша адам қатысады деп ойламаппын. Жиналғандардың бәрі үнсіздікте өз соғысқа қатысқан аталарының суретімен «Отан-Ана» монументінің жанында тұрған кездегі сезімімді айтып жеткізе алмаймын. Кейін ұлым маған портреттердегі адамдар бізбен бірге тұрғандай болып көрінді деп айтты.




Камал Әлпейісова, 61 жаста, туған қаласы — Арқалық, журналист, аудармашы, жазушы, қазіргі таңда ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің жетекші сарапшысы

Анам жағынан атам — аға сержант Жұмасай Карибаев, артиллериялық қару командирі. Көптеген медальдармен және Қызыл Жұлдыз Орденімен марапатталған. 1944 жылдың 28 маусымында қаза тапқан және Молдова Республикасынығ Орхэй қаласындағы бауырлар мазарына жерленген.


РФ Қорғаныс Министрлігінің мұрағатынан Продольск қаласына мынадай хабарлама келген:

«Аға сержант Кирабаев Жұмасай, 932-ші артиллериялық полкі, 375-ші атқыштар дивизиясының нысанашысы 1943 жылдың 24 шілдесіндегі №236920 бұйрығымен Қызыл Жұлдыз Орденімен марапатталды, марапат тапсырылды деп есептеледі, уақытша куәлік №975084 деп хабарлаймыз.

Негіздеме: марапатталғандар есебінің каротекасы.

Абилов Мұқаш пен Абилов Келдігұл бөлім құжаттары бойынша маңызы жоқ.

Бөлім бастығының орынбасары (Баслядинский)».


Абилов Мұқаш және Абилов Келдіғұл — менің ағаларым, ағамның бауырлары. Екеуі де хабарсыз кеткен. Келдіғұл әскерге әжемнің айтуынша «мұғалім» мамандығын оқып жүрген Қостанайдан шақырылған. Майданнан хаттарды өлеңмен жазған, ал ауылда бұл хаттарды әйелдер өз әуендері мен халық әндерінің ырғағына салып айтқан. Сондықтан да болар, ағамның өлеңдері әлі күнгедейін сақталған. Егер Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Қызбел елді-мекеніндегі үлкен кісілерден сұрасаңыз, майданнан келген хат-әндерді айтып береді.


Анам мен әжемнің әңгімесіне қарағанда ол өте ақылды, сауатты, мақсатшыл адам болған. Ауылдың барлық тұрғындары қандай да бір қағаз жасау керек болғанда оған келген екен. Ол о дүниелік болғанда бар-жоғы 33 жаста болған. Оның дивизиясы Челябі облысында құрылған. Оның құрамында Қазақстанның солтүстік аймағынан қазақтар көп болған.


Әжем — Карибаев Үкіжайдың айтуынша, оның кішкентай жастағы ұлы қайтыс болған кезде әскери коиссариаттан оның қайғысын еселей түскен хабар — күйеуінің қазасы туралы «23 бөлек қағаздан» тұратын хабар келген. Оған олардың біреуі «жерлеу қағазы», қалғандары — марапат қағаздары деп түсіндірген.


Атамыздың қабірін 2007 жылдың көктемінде іздедім. Сол жылдың жазында Такира әпкем мен үлкен қызым Меруертпен сонда барып, туған жердің топырағын апардым. Өзім құран бағышттап, Жаратушыдан бауырлар мазарында жерленгендер үшін дұға тіледім.


РФ Қорғаныс Министрлігінің мұрағатынан алынған анықтамада: «Кеңес әскерінің жоғалып кеткен сержанттары мен солдаттары есебінің құжаттары бойынша Қостанай облысы, Семиозерный ауданының тумасы, 932-ші атқыштар полкі, 375-ші атқыштар дивизиясының командирі, аға сержант Карибаев Жұмасай СА Семиозерный РӘК шақырылған, 1944 жылдың 28 маусымында қаза тауып, Молдава КСР (қазіргі Молдова Республикасы), Оргеев ауданы, Инкулей ауылының солтүстік-батысында 200 м жерде жерленген».


Ауылдың дұрыс атауы — Инкулец. Бірақ, атамның сүйегі басқа да қаза тапқандармен бірге өткен ғасырдың 60-жылдары Орхэй қ. Аудан орталығындағы бауырлар мазарына көшірілген. Біз бұл туралы аудандық әскери комиссариаттан білдік.


«Жаужүрек полкі» акциясына қатысып көрген жоқпын, алайда ол туралы өте жақсы білемін. Бұл өсіп келе жатқан ұрпақ үшін өте пайдалы іс депойлаймын. Соншама адам жиналып, ардагерлерді құрметпен еске алғанда қатты толқимын. Біз біріксек, күш екенімізге сенімділік туады. Бұл адамдар қан төккен Жеңістің нағыз мұрагерлері екенін білдіреді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар