facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zhasy-z-nen-ek-ese-lken-adamdardy-bas-aru-turaly-3-o-i-a
logo
Жасы өзінен екі есе үлкен адамдарды басқару туралы 3 оқиға
Мамандықтар

12.05.2017

Жасы өзінен екі есе үлкен адамдарды басқару туралы 3 оқиға


Алина Абдрахманова


23 жаста, Қазақстандағы Geneva Business school өкілдігінің директоры


Алина.jpg


2012 жылы Швейцариядағы Geneva Business school – да жұмыс істей бастадым. 2014 жылы Қазақстанға Астанада кеңсе ашу мақсатымен көшіп келдім. Қазір біздің тұрақты шағын штатымыз бар, менен басқа бас қалада үш адам, сондай-ақ Алматыда екі адам жұмыс істейді. Сонымен қатар біз қашықтықтағы қызметкерлер, оқытушылармен жұмыс істейміз, олардың саны 40. Егер астаналық кеңседе қызметкерлер менімен жасты болса, Алматыдағы даму бойынша директорымыз Меруерт менен 20 жас, академиялық үйлестірушіміз Дмитрий 10 жас, ал оқытушылардың көпшілігі кем дегенде 15 жас үлкен.


Мәдениетіміздің ерекшелігіне сай бізде үлкендерді сыйлау жоғары деңгейде және жас айырмашылығының белгілі бір иерархиясы бар. Алғашында алматылық кеңседегі әріптестерімде, менен әлдеқайда үлкен әріптестерімде осындай жас басшымен жұмыс істей аламыз ба деген кішігірім қорқыныштың болғаны рас. Бірақ, жұмыс барысында бәрімізге де ыңғайлы екенін түсіндік.


Компаниямызда серіктестік қатынас бар және «бағынушы — басқарушы» түсінігі жоқ. Әлбетте, қол қою мен қорытынды шешімдер менің жұмысым, алайда жалпы үдерісті әрдайым бірге талқылаймыз. Мен тобымның бәріміздің бірге шешім қабылдайтынымызды сезінгенін қалаймын. Негізгі ұжым шағын болғандықтан, бұл нәрселер қиындық тудырмайды.


Жас басшы болсын, жасы үлкендеу басшы болсын, барлығында бірдей принциптермен, ережелермен жұмыс істейді. Бұл мотивация, өтемақы мен сын мәселелері. Менің жеке тәжірибемнен түйгенім, кез келген сынды қызметкерге жабулы есіктің артында бетпе-бет айтқан жөн. Оның жеке қасиеттеріне тиіспей, әңгіменің жағдайды түзету мен жақсартуға бағытталғанын түсіндіре отырып, сөйлесу керек. Бәрінің алдында мақтау ұжым үшін мотивация береді және адамдарға оларды бағалайтынын сезінуге көмектеседі.


Жасқа байланысты қиындықтар клиенттермен қарым-қатынас кезінде туындайды. Біз жоғары менеджмент деңгейінде шешім қабылданатын корпорациялармен — халықаралық және ұлттық компаниялардың басшыларымен жұмыс істейміз. Олардың көпшілігін жасы менен екі есе үлкен адамдар басқарады. Олармен келіссөз жүргізу аздаған қиындықтар тудырады, себебі кездескен кездегі алғашқы әсері — оқуды жаңа бітірген қыз келді деп ойлайды. Тіпті, кейде хатшы немесе көмекші деп ойлап жатады. Бірден дұрыс қабылдайтындар сирек кездеседі. Және мұнда сыртқы келбеттің көмегімен үлкендеу көрінуге тура келеді: макияж бен дресс-код. Бірақ, ең бастысы — мен таныстыратын материалдар мен сөйлеген сөзім. Таныстырылымға әрқашан дайындалып келуге және кез келген сұраққа жауап беруге дайын болып баруға тырысамын. Кәсібилік пен детальдарға өте мұқият қарау жастың еш маңызы жоқтығын көрсетеді.


Соңғы кезде тобымызда бизнесті дамыту бойынша директор — Меруерттің болғаны өте жақсы көмектеседі. Энергиям бар және жұмысқа тез бейімделемін, менде қорқыныш аз, қандай да бір тәуекелге бара аламын, ал Меруерттің жасы үлкендермен сөйлесу тәжірибесі бар, оны жақсы қабылдайды және маңызды келіссөздерге үнемі бірге барамыз.




Айгерім Нұрғалиева


30 жаста, Астанадағы Toni&Guy иесі және басқарушы директоры


айг.jpg


Астанадағы Toni&Guy 2013 жылдың қарашасында ашылды. Ашу барысында тобымызда үш-төрт адам ғана болды. Қазір бізде екі сән салоны мен оқыту орталығы бар. Бүгінде бізде 38 адам жұмыс істейді.


Біздің тобымызда белгілі бір иерархия, қызмет дәрежесі жоқ. Мен демократиялық басқару принципін ұстанамын. Тобымыздың бір ғана қызметі бар — топ мүшесі, әмбебап күресуші. Ол бәріне жауап беретін адам. Шаштараздарымыз тек шаш қиып қана қоймайды, ал әкімшіліеріміз тек есеппен ғана айналыспайды. Бізде қызметтік міндеттер бөлінбейді және бұл жақсы нәтиже береді.


Біздің қызметкерлеріміз жас, ең үлкені 37 жаста. Toni&Guy бұл — спецификалық бизнес, шаш қию техникалары патенттелген, қызметкер жұмысқа шықпас бұрын біз оны оқуға жібереміз. Бұл оқудан әкімшілер де, шаш қию шеберлері де өтеді. Адамның жасы ұлғайған сайын оған жаңа ақпаратты қабылдау қиынға соғады.


Жас басшы ретінде қиындықтар туындап жатады. Кейде, сені дұрыс қабылдай білуі үшін үлкенірек көрінуге тырысасың. Біздің менталитетімізде екі стереотип бар: «Басшы» дегенде бұл салада көп жылдық тәжірибесі бар, шашына ақ түскен егде адам мен костюм киген адамды елестетеді. Ал кездесуге мұндай адамның орнына 30 жастан аспаған жас қыз келсе, бәрі күмәнмен қарайды. Тіпті қызметкерлер мен серіктестер сенің шешімдеріңнің қаншалықты дұрыс екеніне күмәнданады. Көпшілігіне, оның ішінде өзіңе де адамдарды басқаруға лайықты екеніңді дәлелдеуге тура келеді.


Сен әрқашан шешімдеріңнің экономикалық тиімділігін дәлелдей білуің қажет. Ал жас директор болсаңыз, бұл екі есе қиын. Тіпті, франшиза үшін Ұлыбританияға барған кезде бізге қараған жанарларынан: «Мектепті енді бітірген қыз, қандай франшизаны айтасыз?» дегенді оқыдық.


Мен Google корпорациясының басшысы Сергей Бринді көрдім, ол метрода жүретін, денесіне татуировка салынған, пирсинг таққан жас жігіт. Оның сыртқы келбеті мен өмір сүру салты таңғалдырады. Егер оны бір жерде көрсем, бұл адамды Google корпорациясының басшысы деп еш ойламас едім. Сондықтан, менің тәжірибем көрсеткендей, сырт келбет алдамшы болады. Ол сөйлей бастағанда ғана алдыңызда Google корпорациясының иесі тұрғанын түсінесіз.


Маған жақсы басшы қызметкерлерінен екі есе артық жұмыс істеуі қажет деген нәрсе көмектеседі. Бір нәрсені айта беру пайдасыз, ал қызметкерлерге теңдессіз жұмыс процесін жеке мысалда көрсеткен тиімдірек болады. Сондықтан, мен таңертеңнен ең бірінші болып салон есігін ашамын және соңғы болып жауып кетемін. Жұмыста болатын барлық жағдайға қарамастан, қызуқандылыққа жол бермеуге тырысасың. Ал ол үшін мәселені жан-жақты қарастырып, шешім шығаруға асықпаған жөн.




Нұркен Беркінбаев


28 жаста, «Қазатомпром-Даму» басқарушы директоры


нурк.jpg


«Казатомпром-Даму» компаниясына бір жыл жарым уақыт бұрын бірден басқарушы директор қызметіне келдім. Бұған дейін Kaznex Invest ұлттық агенттігінде экспорт пен инвестициялар бойынша басқарушы директор болдым. Менің алғашқы қызметім — БҰҰ-да Солтүстік Кавказ бен Орталық Азия бойынша ұлттық кеңесші.


Бүгінгі таңда көмекшілерім мен әріптестерімнің аппараты он адамды құрайды. Жалпы, біздің жұмысымыз «Қазатомпром» компаниясының бейінді емес кәсіпорындар тобын басқарудан тұрады. Жалпы алғанда менің қол астымда 7 кәсіпорын мен 5000 адам бар. Бұл кәсіпорындармен күнделікті жұмыс жүргіземіз. Сондай-ақ, үнемі шетелдік инвесторлармен, қонақтармен, болашақ серіктестерімізбен қарым-қатынаста боламыз.


Менің аппаратымда менен жасы үлкен екі қызметкер бар, олар 60-қа жақындаған: бірі химия ғылымдарның докторы, ал екіншісі — бүкіл өмірін Экология министрлігінде жұмыс істеуге арнаған адам. Басқару үдерісінде қиындықтар жоқ. Себебі, егде тартқан адамдар өздерінің қызықты тәжірибесі мен білімімен бөліседі. Егер мен басшы ретінде бірдеңені білмейтін болсам, бұл саладағы тәжірибелі әріптестерімнен сұрай аламын. Ал бізге —энергиясы тасып тұрған жасқа қарап, олар сергек жүреді және өз жастарын сезбейді.


Басшы ретінде жас немесе егде жастағы қызметкерлердің арасында тапсырма дәрежесіндегі айырмашылықты болдырмауға тырысамын. Себебі, егер адам ұлттық компанияда жұмыс істейтін болса, оның белгілі бір білімі бар және ешқандай жеңілдік болуы мүмкін емес.


Алғашқы басшылық қызметімді 22 жасымда бастадым. Ол кезде менің жасымды дұрыс қабылдамағандар болды. Соған байланысты күнделікті кездесудің өзіне үйде жақындарыммен қоятын сұрақтармен дайындалатын болдым. Тіпті, кездесудің алдында әріптестеріммен бірге дайындалуға тура келді.


Өкінішке орай, немесе бақытқа орай, шетелден білім алған жас мамандар қоғамда көзге бірден түседі. Жастардың жеңілісі де көп талқыланады. Осындай келеңсіз жағдайлар болмас үшін, компания дәрежесін түсірмес үшін әр кездесуге күн сайын мектеп, университетте сабаққа дайындалғандай дайындалып барған жөн. Бұл әдет барлық кезде де сақталуы тиіс. Ал адам кәсіпқой болғанда, ол ештеңеден қорықпайтын болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.