facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zhastardy-aza-standa-y-d-kenderge-sen-m-b-ld-rmeyt-n-zh-ne-sportty-aya-ki-md-60-000-te-gege-satyp-alatyny-zhayynda
logo
Жастардың Қазақстандағы дүкендерге сенім білдірмейтіні және спорттық аяқ киімді 60 000 теңгеге сатып алатыны жайында

21.01.2019

Жастардың Қазақстандағы дүкендерге сенім білдірмейтіні және спорттық аяқ киімді 60 000 теңгеге сатып алатыны жайында

Ерасыл Төлегенов, 17 жаста, туған қаласы — Алматы, мектеп оқушысы

crosy.jpg


Мен аяқ киімді Америкаға тапсырыс беріп аламын. Орташа бағасы 100-ден 200 долларға дейін жетеді. Мен Қазақстандағы аяқ киім сататын дүкендерге сенім білдірмеймін. Аяқ киімді ресми сайтқа тапсырыс беріп, бір-екі апта күтіп алғаным артық. Осылайша мен аяқ киімнің сапасы мен оның түпнұсқа өнімі екеніне сенімді боламын. Ал егер бір мәселе туындаса, мен ресми өндірішуге жүгіне аламын.

Ресми сайтқа тапсырыс беріп алғанда, өнімнің түпнұсқалығы туралы арнайы сертификат беріледі. Мен ұлтарақтың ортопедиялық, ал былғарысы табиғи екеніне сенімдімін. Менің денсаулығым мен ағзама зиян келтірмейтін сапалы аяқ киім киіп жүргеніме сенімді болуым қажет.

Әрбір адам өзіне қамқорлық жасайды және ақшаны өзінің денсаулығын сақтау үшін, өзіне жайлы және ыңғайлы жағдай жасау үшін жұмсайды. Сол себепті мен шетелдегі сапаны таңдаймын.



Зәуреш Акашева, 18 жаста, туған қаласы — Қарағанды, үстел теннисі бойынша спорт шебері

zaure.jpg


Үстел теннисі және кез-келген спорт түрі үшін ыңғайлы, әрі сапалы аяқ киімді таңдап алу маңызды. Аяқ киім жаттығулардың сапасына, менің еңбек қабілеттілігіме ықпал етеді. Көбінесе дұрыс таңдалмаған аяқ киімнің әсерінен жас ағзаның бойында әртүрлі аурулар пайда болады. Адамның аяғы жазықтықпен жанасқан кезде, ауырлықты сезінбегені маңызды. Қозғалыс кезінде тоқтап қалу мүмкіндігінің болуы үшін,спорттық аяқ киімнің бүйір жақтары резеңкеден жасалуы тиіс. Адамдар көбінесе сүйелдер, жалпақтабан, аяқтар мен саусақтардың ісінуі сияқты мәселелерге тап болады.Сол себепті өзіңіздің аяғыңызға сай келетін сапалы аяқ киімді таңдап алу маңызды.

Мен кроссовкиді шамамен екі-үш айда бір рет аламын. Негізінен күнделікті киюге аналған аяқ киімді немесе спорттық аяқ киімді таңдаймын. Күнделікті киіп жүруге арналған аяқ киімді өзіме ұнайтын нәрселерге, яғни түсіне, құрамына, ыңғайлылығына негізделіп аламын. Бағалар 15 000 теңгеден 50 000 теңге аралығында өзгеріп тұрады.

Пішіні мен аяқ киімді үстел теннисі үшін шығаратын әртүрлі фирмалар бар. Бұндай аяқ киімнің сапасы әртүрлі болады. Спорттық кроссовкилердің бағалары 25 000 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өзгереді.

Күнделікті өмірде мен Adidas фирмасын пайдалануды жөн көремін – маған үлгілердің тұжырымдамасы, дизайны, аяқ киімдерінің сапасы ұнайды. ASICS фирмасы үстел теннисі ойынына сай келетін кроссовкилерді шығарады, сол себепті мен теннис ойыны үшін және жаттығуларым үшін әртүрлі үлгілерді қолданамын.

Көптеген жасөспірімдер сәнге сай болу үшін қымбат кроссовкилерді сатып алады. Барлығының сапалы брендтегі түпнұсқа аяқ киімдерді сатып алуға қаржылық мүмкіндігі бола бермейді, сол себепті олар жақсы жасанды көшірмелерін алады. Жастар көптің арасынан ерекшеленіп көрінгісі келеді, сол үшін танымал аяқ киімге көп ақша жұмсауға дайын.



Сұлтан Темірханский, 19 жаста, туған қаласы — Астана, студент

n.jpg


Адамдар көбінесе алдымен сенің аяқ киіміңе қарайды. Бұл жастардың аяқ киімге көп ақша жұмсауының негізгі себебі. Қандай әсер қалдыратының сенің аяқ киімінің сапасы мен дизайнына байланысты. Аяқ киім – сырт келбеттегі шешуші элемент. Образдың қалған нәрселері қымбат болмауы мүмкін. Мысалы сенің үстіндегі футболқаң 2000 теңге, ал джинсиің 4000 теңге тұруы мүмкін, бірақ 40 000 теңгеге алынған ақ найктегі аяқ киімің болса, толықтай 100 пайызға көрінесің.

Мен 15 000 теңге тұратын үш жұп қытай аяқ киімнің орнына 40 000 теңгеге бір жұп кроссовкиді алуды жөн көремін.

Арзан аяқ киім көп мәселелерді туғызады. Біріншіден, ол тез тозып, жыртылады. Сонымен қатар жайлылық пен гигиенаға қатысты мәселелер бар. Арзан аяқ киімнің табаны жаман болады және аяқ өзін ыңғайсыз сезінеді, жалпақтабан немесе денсаулықпен қатысты басқа да мәселелер дамуы мүмкін. Сол себепті мен жақсы, сапалы, демек қымбат аяқ киімді таңдаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.