Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Жас жұптың пәтер сатып алудан бас тартып, жарты жылдың ішінде балалар киімін сататын екі бутик ашқандары жайында
2787

Динара Сүлейменова

туған қаласы — Павлодар, кәсіпкер

16.05.2019

Жас жұптың пәтер сатып алудан бас тартып, жарты жылдың ішінде балалар киімін сататын екі бутик ашқандары жайында

Компания атауы: Kitikate балалар киім дүкені

Негізі қаланған жыл: 2018

Бастапқы капитал: 18 000 000 тг


Кәсібінің бастамасы


409.jpg

Мен он жасымнан бастап саудамен айналысамын – ата-анама көмектесіп, көршілерге бішкек трикотажын сатып жүрдім. Қазірде екі баланың анасымын: үлкен қызым жақында алтыға толады, ал кіші ұлым үш жаста. Сол себепті маған балаларға байланысты барлық нәрселер қызықты.

Қызымда аллергия болғандықтан, оған сай келетін киімді табу қиынға соғатын. Мен бұл саланы зерттей бастадым және Kiti Kate деген түрік бренді шығаратын қауіпсіз органикалық киімді таптым.

Бұл фабриканың өндіріс бақылауы бойынша халықаралық сертификаты бар, олар барлық процестерді толықтай қадағалайды. Киім мақтадан жасалады, қосымша желім, декоративті элементтер қолданылмайды.

Маған брендтің философиясы ұнады, ол менің ұстанымыма сай және мен олардың Қазақстандағы өкілі болуды шештім. Бұл брендті елімізде кеңге тарату құқығына иемін.

421.JPG

Бізде күйеуімізбен 18 миллион теңге көлеміндегі жиналған қаражатымыз болды – біз пәтерді немесе көлікті сатып алуды, не болмаса сол қаражатты бизнеске жұмсауды қаладық. Тәуекелге бел буып, екінші жолды таңдадық. Біз әлі күнге дейін пәтерді жалдап тұрып жатырмыз, бірақ балалар киімінің екінші бутигін ашып үлгердік. Күйеуім маған 24/7 уақыт бойы көмектеседі. Егер ол бутикте болмаса, үйде балалармен отырады. Егер балалармен болмаса, ұйымдастырушылық мәселелермен айналысып жүреді.

Менің мақсатым – 5 жыл ішінде балаларға арналған органикалық киімді сататын кем дегенде 25 бутикті ашу. Біз алғашқы бутикті 2018 жылдың 25 желтоқсан күні Астанада аштық. Осылайша барлық процестерді ретке келтіріп, Алматыға көшіп кеттік және сол жерде екінші бутикті аштық.

Бизнес шығындарының орны 15-18 айдан кейін толады деп жоспарлаймыз.


Идея жайында


Мен қоғамға пайда әкелетін кәсіппен айналысуды қаладым. Сатып жатқан өнімнің ешқандай зиян келтірмейтіні маңызды. Біз балаларға зиян келтірмейтін органикалық киімді таңдадық.

437.JPG

Біздің ұранымыз: «Саналы ата-аналардың таңдауы». Адамдар ата-ана атануға саналы түрде келгенін және тәрбие процесіне жауапкершілікпен қарағанын қалаймыз.

Біздің ұранымыз: «Саналы ата-аналардың таңдауы»


Біздің клиенттеріміз – 25-тен 45 жасқа дейінгі жас аналар, әжелер және аталар. Негізінен, ақпаратты жақсы қабылдайтын, тыңдауға дайын тұратын және саналы таңдау жасай алатын адамдар. Балаларын жақсы көретін аналар мен әкелер.

Органика дегенді және оның артықшылығын барлығы түсіне бермейді. Кейбір кезде клиенттерге түсіндіру үшін, уақыт бөлу керек.

Мақсатымыз – жақсылық әкелу. Және мен адамдарға бізге білдіретін сенім үшін алғысымды білдіремін.

229.JPG


Жұмыс қағидалары жайында


Мен перфекционистпін, мен үшін ұсақ-түйек деген нәрселер жоқ – барлығын мінсіздікке дейін жеткіземін. Оған қоса маған табандылық қасиетім көмектеседі.

Егер сіз бизнеспен айналысамын деп шешсеңіз, отбасыңыз, балаларыңыз, қызығушылықтарыңыз жайында ұмыту керек. Мен жауапты анамын, балаларымды туғаннан бері олармен айналысып жүрдім. Ал қазірде біз таңғы ас ішкен кезде және ұйқыға жатқан кезде бірге боламыз. Бірақ мен олай болатынын білдім. Біз күйеуімізбен осыны алдын-ала талқылап қойдық. Кейбір кезде қиын болады, бірақ бұны не үшін істеп жатқаныңды есте сақтау керек.

Біз барлық ресурстарымыз бен уақытымызды бизнеске бағыттаймыз. Ешқандай іс-шараларға, туған күндерге, тойларға бармаймыз. Ақшаны мейрамханаларға жұмсамаймыз. Бос уақытты балаларымызбен өткіземіз.


Қиындықтар жайында


Қиындықтар әрқашан орын алады. Біріншіден, қаражат мәселесі. Екінші бутикке бір жарым есе көбірек қаражат қажет болды. Мен әрдайым қаражат іздеп отырамын.

318.JPG

Бутикте барлығын өзім істеймін – әкімшілік мәселесіне жауап беремін, сатамын, еден жуамын. Барлық нәрселерге үлгеруді қалаймын. Тапсырмаларды жүктеуге болатын мамандар бар, бірақ мен үнемдеп, барлығын өзім жасаймын. Тек істей алмайтын нәрселерімді аутсорсқа беремін.

Бутикте барлығын өзім істеймін – әкімшілік мәселесіне жауап беремін, сатамын, еден жуамын


Кадрлар – бұл да қиындық. Бағынушылармен сауатты қарым-қатынас құруды білу керек.


Жоспарлар жайында


Мен физикалық және моральдық тұрғыдан шаршап жүремін. Адамдармен араласып, клиенттерден эмоциялар алуды ұнатамын.

Қазақстанның басқа қалаларында бутиктерімді ашып, еліміздің шекарасынан шығуды қалаймын. Біз желіні және франшизаны дамытамыз.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу