Асель Сапакова, туған жері — Петропавловск, «Мама, қазақша сөйлеші» тілашарының авторы, «Менің отбасым», «Тамақ қайдан келеді?», «Қыстың бірінші күні», «Қыс туралы әндер», «Жұмыртқадағы кішкентайлар» балаларға арналған кітаптардың авторы
Барлығы қалай басталды
Мен үшін ең бастысы — отбасым. Бала кезімде жиі анамның назары жетіспейтін, сол себепті бірінші баламды туғаннан кейін банктегі жұмысымды тастап, өзімді балаларыма арнадым.
Төрт жыл бұрын сол кезде бес жасар Мади деген ұлым болашақта кім болғысы келетінін жайлы айтып отырды, кейін кенеттен маған бұрылып: «Анашым, ал неге сен ешкім болмадың?» — деп сұрады. Екінші рет бұл сұраққа егер ана отбасынан басқа тағы бір іспен айналысса, ол балаларының болашақта табысқа жетулерінің бастамасы болатыны жайлы оқыған кезде қайтып келдім.
Төрт баламмен банкке қайтып келе алмайтынымды түсіндім, түрлі хоббилармен айналысып көрдім, кейін осалдылығым бар іспен айналысуды шештім. Мен мүлдем қазақ тілін білмейтінмін, сондықтан өз алдыма мақсат қойдым — балаларыммен қазақ тілінде еркін сөйлеу. Қаншама наразылықтардан кейін бұған өзім келгенім жайлы басқаларға айтуға ұялып, қорықтым.
Мен мүлдем қазақ тілін білмейтінмін, сондықтан мақсат қойдым — балаларыммен қазақ тілінде еркін сөйлеу
Алдымен жылы сөздерді жаттай бастадым, кейін ұйқыға жатар кездегі өлеңдерді меңгердім. Содан соң көшедегі таныс емес аналарға жақындап, балаларына айтқан сөздерін қайтадан айтуларын сұрадым. Алайда бірінші жылы маған бала күтушілер көмектесетін: олардың соңдарынан жүріп, балаларға айтқан барлық сөздерін дәптеріме жаза бастадым, ал уақыт өте келе Instagram желісінде парақша ашып, үйренген білімдеріммен оқырмандармен бөлісе бастадым.
Бастапқыда қазақ тілінде шағын тақпақтарды, өлеңдерді, тұрмыстық сөз тіркестерін салып отырдым, кейін түрлі дәстүрлерді, тарихи аңыздарды, мақал-мәтелдерді жүктеп отырдым. Instagram арқасында жалғыз емес екенімді түсіндім, алғашқы 500 оқырманым жиналды, бұл керемет екен деп ойладым. Бүгінгі күнде 82 000 оқырманым бар, бірақ мен үшін нағыз шабыт болған сол 500 адам әлі де есімде.
Бастапқыда қазақ тілінде шағын тақпақтарды, өлеңдерді, тұрмыстық сөз тіркестерін салып отырдым, кейін түрлі дәстүрлерді, тарихи аңыздарды, мақал-мәтелдерді жүктеп отырдым
«Мама, қазақша сөйлеші» тілашары туралы
Оқырмандарыма ең ұтымды тіркестердің он парағаны бар екені жайлы айттым. Осы парақтарды шығарып, оқырмандармен кездесу кезінде әкеліп отырдым, ал басқа қаладағы қыздарға электронды пошта арқылы жібердім. Бір күні оқырман қыз: «Сіз берген ақпаратқа негізделіп, кітап шығарсам бола ма?» — деп сұрады. Кітап шығару туралы ешқашан ойлаған емеспін, бірақ біреудің менің еңбегімді пайдаланатыны өкінішті көрініп, бұл дұрыс емес екенін шештім.
Мені шабыттаған және бағыттаған адам Қанат Тасибеков, танымал «Ситуативный казахский» кітабының авторы. Төрт жыл бұрын ұлыммен сауда орталығында серуендеп жүрген кезде сол жерде кездесу өткізген Қанатқа жолықтым. Оның кітабын сатып алдым. Сол сәттен бастап өмірім жақсы жаққа өзгеретініне сенімді болдым, ал үш жылдан кейдін авторлық тілашарымды жарыққа шығардым.
Тілашарға ақпаратты арнайы жинадым деп айта алмаймын. Қазақ тілін меңгерген кездегі барлық жазғанымды сақтап, білімімді толықтырдым. Біздің кітапта орыс тілінде аудармасы бар балаларға айтылатын ең танымал тіркестердің 200 беті бар. Бұл «төсегіңді жина», «жүр тамақтанайық», «төбешіктен түс» секілді тұрмыстық тіркестер. Бұдан басқа тілашардың ішінде шағын тақпақтар мен кішігірім сөздік бар.
Бүгінгі таңда 5000 дана сатылған, ал өткен жылы тілашар «Меломан» желісінің ең сатылымы көп кітаптардың қатарына кірді. Кітаптың дизайны мен суреттерін өзім ойлап таптым. Оның маған байланысты болғанын қаладым, сондықтан кітаптың мұқабасында өзім және балаларым бейнеленген. Сондай-ақ, адам өз білімін сынап, соңғы рет тоқтаған орнын жоғалтпас үшін тілашар ішінде арнайы белгі бауды да ойластырдым.
«Мама, қазақша сөйлеші» тілашары 2700 теңге тұрады. Оны қаламыздың барлық кітап дүкендерінде немесе Flip.kz сайтынан тапсырыс беруге болады.
Балаларға арналған кітаптар туралы
Бірінші кітабым шыққаннан кейін балаларым қазақ тілінде кітап оқымайтыны жайлы ойландым, өйткені оларды басқа суреттері бар басқа кітаптар қызықтырады. Сонда есейген кездерінде еске алатын, туған тілінде кітаптары көбірек болғанын жасай алатынымды түсіндім.
Сонда есейген кездерінде еске алатын, туған тілінде кітаптары көбірек болғанын жасай алатынымды түсіндім
Жаңа жылда әдеби-музыкалық «Зерек ботақан» альманахымен бірлесе отырып, «Қыс туралы әндер» атты дискісі бар екінші кітапты шығардым. Кітап тез тарады, көбісі оны тек көлік ішінде қоя алды. Сол кезде біз «Ботақан» қосымшасын ойлап таптық, оны AppStore немесе PlayMаrket-тен жүктеп алуға болады.
Екінші кітаптың қатарында бірден «Қыстың бірінші күні» атты үшінші кітап та шықты. Сол уақытта редактор, корректор, иллюстратор бар толық жұмыс тобым болды. Жақында «Тамақ қайдан келеді?» кітабын шығардық. Кітапта қандай да бір өнімнің, мәселен, нанның, сүттін қалай жасалатыны қолжетімді формада түсіндірілген.
Сонымен қатар, кітапта қарапайым тағам жасаудың рецепттері келтірілген.
Жаңа кітаптарымның тағы біреуі «Менің отбасым» деп аталады. Жиі жағдайда балалар отбасы мүшелерін айыра білмейді. Менің балаларыма кімнің нағашы, нағашы әпке, аға екенін түсіну қиын. Бір ретте оларға қарапайым суреттер арқылы кімнің кім екенін түсіндіре бастадым, ал кейін бұл жаңа кітап шығарудың идеясы екенін түсіндім.
«Қыстың бірінші күні» атты кітаптан басқа әр кітаптың соңында орыс тілінде аудармасы батр. Менің ойымша, адам бір нәрседен күмәнданса, кез келген уақытта өз аудармасының дұрыстығын көре алатыны дұрыс.
Келесі аптада «Жұмыртқадағы кішкентайлар» атты балаларға арналған жаңа кітабымыз шығады. Қызықты дизайнның арқасында балалар ойын түрінде жұмыртқадан шығатын барлық жануарлар мен құстар түрімен таныса алады.
Сондай-ақ, жақын арада біз Қастеев атындағы мұражаймен бірлесе отырып, керемет жобаны іске асырамыз. Балалар өздерінің жастығына қарамастан көркемөнерге жақындай алу үшін альбом шығаруды жоспарлап отырмыз. Альбомның бір бетінде белгілі суретшінің суреті, ал екінші бетінде бала оны жалғастырып, қоршау үшін сұлба бейнеленеді.
Сонымен қатар, балаларға арналған жеңіл рецепттері бар кітап шығарғымыз келеді. «Тамақ қайдан келеді?» кітабында біз бірнеше рецепттерді енгіздік, олардың сәтті болғаны соншалықты, адамдар сол бойынша шын мәнінде тамақ дайындайды.