Бұдан былай қонақүй мен такси қызметіне жүгіну Big Date мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады. «Ақылды қала» тұжырымдамасы аясында қолға алынған жоба Жаңа жылдан бастап іске қосылмақ. Қосымша арқылы бір пәтерге қанша адам тіркелгендігін білуге болады. Бұдан бөлек биыл «Сергек» арқылы жазылған әкімшілік айыппұлды онлайн тексеретін «Чат-бот» қосымшасы да бар. «Чат-бот» тұрғындарға өз емханасын табу қызметін ұсынады. Яғни медициналық мекемеге тіркелу және «109» кезекші қызметіне де коммуналдық мәселелер бойынша өтініш жолдауға мүмкіндік береді.
Дерек көзі: 24.kz