facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/1e8/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/1e848bad47a1dcba784e343cb0f6e163.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
zha-a-zhayau-promenadtar-men-skverler-elnar-bazyken-aza-stanny-ortaly-ynda-y-zha-a-zger-ster-zhayly
logo
Жаңа жаяу променадтар мен скверлер: Елнар Базыкен Қазақстанның орталығындағы жаңа өзгерістер жайлы

31.05.2022

Жаңа жаяу променадтар мен скверлер: Елнар Базыкен Қазақстанның орталығындағы жаңа өзгерістер жайлы

Елнар Базыкен — Нұр-Сұлтан қаласының Урбанизация Орталығының жетекшісі, елордадағы жаңа өзгерістер және қалада қандай жаңа қоғамдық кеңістік пайда болатыны жайында.


Елнар Базыкен, қаласы — Нұр-Сұлтан, Урбанизация Орталығының жетекшісі, @у.bazyken

Елнар Базыкен.jpeg

Өзі жайында


Нұр-Сұлтан — менің туған және сүйікті қалам. Бала кезімнен оның көз алдымда өсуін көрдім. Менің де оның дамуына өз үлесімді қосқым келді.

Мен архитектордың білімін алдым. Енді Нұр-Сұлтан қаласының Урбанизация Орталығының жетекшісімін. Біз тобымызбен елорданы жақсы жаққа өзгерту үшін жұмыс жасаймыз. Әртүрлі урбанизациялық идеяларды қалалық ортаның дамуы мен инфрақұрылымы үшін қолданамыз.

Қаланың инфрақұрылымы қалай өзгеріп жатыр


2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Урбанизация Орталығы әкімшілігімен бірігіп «Нұр-Сұлтан жайлы қала» мастер-жоспарын құрды. Бұл әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы аясында жайлы, тұрақты және белсенді өмір салты бар сау қала құру мақсатын қойды.

Біз тұрғындардарға арнап жайлы орта қалыптастыру үшін жұмыс жасаймыз. Сол себептен азаматтарды тарта отырып, қоғамдық орындарды, аулаларды бірлесіп жобалау және елорда көшелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдан бері қала әкімдігі 500-ден астам жерді реттеді. Биыл 250 локация, соның ішінде бос жатқан орындар, аулалар мен скверлер де өзгереді.

балалар.jpeg

Елбасының тапсырмасымен біз көгалдандыру жұмыстарына баса назар аударамыз. Өткен жылы елордада миллионнан астам жасыл өсімдіктер: бұталар, ағаштар, көшеттер отырғызылған. Триатлон-саябағы жанында жөке мен бозқараған бұталарын отырғыздық. Ал «Астана Опера» театыры маңында — 1000 бозқараған бұтасы мен 700 емен ағашы орналастырдық. Солай қалада бозқараған мен емен бағы пайда болды. Осы жылы да көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.

Біз жаяу серуендеуге арналған Demalys Promenade және «Театрлық бульварын» құрдық. Қалалық жағалаумен маршрутын байланыстырдық, қасындағы саябақты жаңарттық. Бұл Нұр-Сұлтанның тарихи орталығының қоғамдық жандануына әкелді.

променад.jpeg

бульвар.jpeg

Көпір астындағы қараусыз қалған кеңістіктер көрікті жерлерге айналды. Алғашқы тәжірибе — «Сарайшық» көміріндегі жаңа арт-кеңістік болды. Тағы да бір танымал, стритболдық аумақ, паблик-арт бар көпір асты кеңістік Гумилев атындағы ЕҰУ-да орналасқан. Таңертеңгі уақыттан кешке дейін сол жерде баскетбол ойнап жатқан жастарды немесе демалып жатқан адамдарды кездестіруге болады.

мост.jpeg

бала мен доп.jpeg

Бұл кеңістіктер қала тұрғындары үшін көрікті жерлерге айналды. Бұл баруға, басқа адамдармен әңгімелесуге қызық және жанды орындар. Сол жерде әрдайым көп адамды көруге болады. Біз жанды және жайлы локация құруға ұмтыламыз.

Қиындықтар жайында


Қалада түрлі қиындықтар орын алады. Нұр-Сұлтан тез дамиды және көп адамды өзіне тартады. Қазіргі таңда елордада 1,2 миллион адам тіркелген және тағы өсіп жатыр. Есептеу көрсеткіші бойынша 2030 жылға дейін мұнда екі миллионнан астам адам болады.

качели.jpeg

Қала халқының тез өсуі жүйелік сұрақтарға әкеледі: тұрғын үй қоры, әлеуметтік объектілер: мектептер, балабақшалар, транспорттық шешімдер, жылжымайтын мүліктің қымбаттауы және қала инфрақұрылымынның ескіруі.

Біз қала тұрғындарының өздерінің азаматтық позициясын айтқан кезде оны ескереміз. Мәселен, қала тұрғындары ауданды абаттандыру мен нығыздауға қатысты пікірлерін білдіргенде, елорда әкімдігі көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін салудың орнына әлеуметтік нысандар мен қоғамдық орындарды: алаңдарды, бульварларды, аулаларды құруды ұсынды.

Қандай өзгерістер күтілуде


Биыл қала әкімшілігі аулаларды жақсартуға көп көңіл бөлуде. Себебі бұл тұрғындарды қалыптастыратын жерлердің бірі, олардың әдеттері мен іс-әрекеттерін. Барлық аудандарда аулаларды жақсартуға белсенді жұмыстар басталды.

Жалпы қоғамдық орындарды қайта құру арқылы біз халыққа әсер етеміз. Адамдарды бақытты еткіміз келеді. Белсенді және салауатты өмір салтына, жаяу белсенділікке қызығушылық қалыптастырамыз. Сонымен қатар қала баса назар аударды масштабты көгалдандыруға және кедергісіз ортаны құруға.

Үлкен өзгерістер Бараев көшесінде, Уәлиханов көшесінен Республика даңғылы бойында басталады. Сонда жаяу променад пайда болады. Бұл жаяу жүргіншілер үшін қаланың ең рельефті және тосқауылды көшелерінің бірі. Оның жекелеген бөліктерінде жаяу жүргіншілер жолы жоқ, бөгеттер мен беткейлер, жаяу жүргіншілер байланысын бұзатын тұрақ үшін пайдаланылмаған жерлер бар. Біз ол жерде 100-ден астам безендірілген ағаштар отырғызуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ қосымша жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылады. Қала жиһаздары, арт-нысандарды орналастырамыз. Тозған тротуарды ауыстырамыз, қоршауларды бұзамыз.

Бараев көшесі.jpeg

проект Бараева.jpeg

Елорданың әкімшілік ғимараты алдындағы Орталық алаңда қалалық сквер пайда болады. Бұл аумақта бұталар мен гүлдер отырғызылған ландшафты аралдар болады деп жоспарлап отырмыз. Мұнда бетонды блоктар мен бос аймақтардың орнына қалалық өмірдің элементтері пайда болды.

проект сквер.jpeg

сквер проект.jpeg

Абылай хан мен Манас көшесі қиылысында, «Встреча» сауда үйінің маңында жаңа қоғамдық кеңістік болады. Бұл алаңда жазда бейберекет көше саудасы орын алады, көлік тұрағы және шу проблемасы бар, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жоқ. Балалар ойын алаңын, көлеңкелі шатырларды, гүлзарларды жасау, коммерциялық павильондарды ретке келтіру жоспарда бар. Сондай-ақ асфальт жабындысын брусчаткаға ауыстырып, автотұрақ орнын оңтайландырып, кедергісіз орта жасағымыз келеді. Жол қиылысында диагональды жаяу жүргіншілер өткелі енгізіліп, рұқсат етіледі.

Встреча.jpeg

прект Встреча.jpeg

«Алматы» ауданындағы Момышұлы мен Төлебаев көшелеріндегі «Достық Саябағын» өзгертеміз. Кедергісіз жер болады, үлкен ағаштармен көгалдандырамыз. Негізгі міндет — активация мен жақсы уақыт өткізуге арналған жағдай жасау.

Достар парк.jpeg

Достар парк жобасы.jpeg

Нұр-Сұлтанды жайлы және инклюзивті қалаға айналдыру үшін қала әкімшілігі Урбанизация Орталығымен бірге көркейту жұмыстарын жалғастыруда.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Неге мектептерде гаджеттерге тыйым салуға болмайды және жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді
Неге мектептерде гаджеттерге тыйым салуға болмайды және жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді
Болашақта мектептер қандай болады және неге балаларға бағдарланып өзгерістер енгізу маңызды
Болашақта мектептер қандай болады және неге балаларға бағдарланып өзгерістер енгізу маңызды
Фрилансерге интернетте қалай ақша табуға болады: Freelancer биржасын пайдалану тәжірибесі
Фрилансерге интернетте қалай ақша табуға болады: Freelancer биржасын пайдалану тәжірибесі
Байжан Қанафин бизнестегі өз жолы, ІТ-саласын дамыту және әлемдік нарықта өсіп келе жатқан бәсекелестік туралы
Байжан Қанафин бизнестегі өз жолы, ІТ-саласын дамыту және әлемдік нарықта өсіп келе жатқан бәсекелестік туралы
Жанна Кан деген кім
Жанна Кан деген кім