TikTok-пен бірге біз сізді ең қызықты мазмұн авторларымен таныстыратын тікелей эфирлер сериясын бастадық. Олар TikTok есептік жазбасын жүргізу тәжірибесі және бейне платформа олардың өміріне қалай әсер еткені туралы әңгімелейді. Жақында біз әйгілі актриса Индира Сабировамен бірге эфирге шықтық. Біз сіздер үшін әңгімеміздің ең маңыздысын жинадық.
Индира Сабирова, 26 жаста, Алматы қаласы, актриса, @indikosh_s
Өзі туралы
Мен кино және театр актрисасымын. Өзім Семей қаласынан боламын, бірақ Алматыда 10 жыл тұрып жатырмын. Қазіргі уақытта декреттік демалыста жүрмін. Осыған байланысты театрға қарағанда кинода жиі көрінемін.
Шығармашылығы туралы
Мен колледжде оқып жүрген кезімде бір жобаға кастингті көрдіп, соған қатыстым. Ары қарай актерлік маңсабым басталды. Мен сахнаны, көрермендерді, қол шапалақтауды және театрға қатысты барлық нәрсені жақсы көретінімді түсіндім.
Менің алғашқы тәжірибем — «Гламур для дур» жобасы. Содан кейін кішкентай рөлдер де басталды. Бірінші түсірілген фильмім — «Шестой пост», онда кішігірім рөл ойнадым. Содан тағы «Батырлар жыры», «Аппақ келін», «Первая отрицательная» деген жобаларға қатысқанмын. Қазіргі уақытта кинотеатрларда мен ойнаған «Родной» фильмі шығып жатыр, ал жақында «Жанталас» атты телехикаяны тамаша аласыздар.
Түсірілім туралы
2021 жылдың қаңтарында «Первая отрицательная» жобаға қатысты кастинг болды. Мен соған бейне сынақ жібердім, бірақ жауап алған жоқпын. Тек қана екі айдан кейін мені кеңсеге шақырып, рөлі туралы айтып, бекітті. Түсірілім бір айға созылды. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болған, және мен жобаның арқасында екінші жағынан ашылдым.
Актер болам десеңіз, сізге 99 пайыз еңбек, 1 пайыз талант қажет
Маған түсіру процесі ұнайды. Сен әр уақытта әр түрлі актерлермен мен локацияларда жұмыс жасайсын. Ол жаңа бір тандем мен мүмкіндік. Егер сіз өз мамандығыңызды жақсы көрсеңіз, онда сіз сол процестің өзін де жақсы көресіз. Актер болам десеңіз, сізге 99 пайыз еңбек, 1 пайыз талант қажет.
Қазір театрларда қызықты. Адамдар театрға бара бастағаны керемет. Адамдар театрға барғанда, олар киноға барғаннан гөрі көбірек эмоция алады. Театрда сіз актермен қатар жүресіз, оның қалай тыныс алатынын және не сезінетінін сезінесіз. Ең бастысы — сәтті спектакльге бару.
Ақыл-кеңесі
Қандай жағдай болмасын — артқа жүрме, тек алдыға бас. Сол кезде бір нәтиже шығады.