Қазақ тіліндегі әндерімен танылып жүрген Жұлдыз Ғабдышүкірмен кездесіп, шығармашылығы, алдағы жоспарлары туралы әңгімелесіп қайттық.
Жұлдыз Ғабдышүкір, 27 жаста, қаласы — Алматы, музыкант, @heymonro
Барлығы қалай басталды
Мен ән жазып, оны орындайтын еркін адаммын. Үш жылдан бері музыкамен кәсіби деңгейде айналысып жүрмін. Boiy Bolgan, Tugan Jer Tolgauy, Õmir әндерінің авторы және орындаушысымын.
Мен үнемі айналадағы сұлулықтан шабыт аламын. Өз эмоциямды білдіріп, ол туралы жазғым келді. Мен жақсы ән айтатынымды және мотивтерді де жақсы ойлап табатынымды түсіндім. Сондықтан мен музыкант ретіндегі жолым басталған Алматыға көштім.
Мен үшін ішкі қорқыныштар ең үлкен сынақ болды. Мен күмәндандым. Табысқа жете алмаймын ба деген ойлар да болды. Енді осы күмән мен ойлардың маған қажет болғанын, соның арқасында өсіп, мықтырақ бола бастағанымды түсіндім.
Шығармашылығы және қайдан шабыт алатыны туралы
Мен өзімнен шабыттанамын: қыз бала екендігімнен және болашақ ана екендігімнен. Өте сезімтал әрі эмоционалды адаммын. Мен эмпатпын. Бәрін терең сезінемін және өз басымнан өткеремін. Маған бұл ұнайды.
Музыканы табиғаттың бір бөлігі деп білемін. Бұл дыбыстар. Бұл менің сүйікті ісім. Айналамда болып жатқан оқиғалардан шабыт алған кезде, мен оны қағазға түсіремін. Сонда бәрі мотивке айналады. Достарым инструментал жасайды, осылайша туынды дайын болады. Музыка өзін-өзі таныту құралына айналады.
Қазақстандағы музыка индустриясының дамуы туралы
Қазақстанда той әндерін айтатын әншілер бар және еркін музыканттар бар (өзімді соларға жатқызамын) және мейнстрим әндерден жақсы ақша табатын контент музыканттар бар. Олар әрқашан трендте. Барлығымызды ортақ мақсат біріктіреді.
Авторлық әндерді жасаушыларды басымыздан өткен азап пен сезім біріктіреді. Біз басқа адамдарға қарағанда сезімтал болып келеміз.
Ағымдағы іс-шаралар мен жоспарлары туралы
Қуаныш Бейсековтің «Yelim-ai Education» жобасымен біріктірілген «Könil» әні жақын арада жарыққа шығады.
Сондай-ақ көктемде шығатын Munaima Urbiby әніне кавер дайындап жатырмын.
Мен шығармашылығын ұсынатын үздік 3 музыкант:
— Adele
— The Neighbourhood
— Cigarettes After Sex.