Қазақстанда көптеген жас әрі талантты актерлердің жаңа толқыны қалыптасып келеді. Солардың бірі Мағжан Хамитпен танысып, шығармашылығы туралы әңгімелестік.
Мағжан Хамит, 18 жаста, Астана қаласы, актер, @mako_khamit
Өзі туралы
Кішкентай кезімнен Джеки Чанның фильмдерін көріп өстім, содан ба екен, актер болуды армандайтынмын. Әлі де неше түрлі жобаларға түсуді армандап жүрмін.
Қазір барлық назарым Астанадағы жобаларымда. Сол үшін Алматыдан Астанаға көштім.
Шығармашылығы туралы
Актерлік жолым алты жасымнан басталды. Бес-алты жасымда бір қызға ғашық болып қалғанмын, ал сол қыз актерлік курстарда оқитын. Соның жанында көбірек уақыт өткізу үшін актерлік курсқа жазылғанмын. Осылай осы сала ұнап, әрі қарай алып кеттім. Кейінірек, 13-14 жасымда достарыммен вайн түсіре бастадым. Одан кейін кастингтерге қатысып жүрдім. Солай киноларға ала бастады.
6-7 жобамның ішінде «Каникулы Оффлайн» фильмінің естеліктері көп. Өйткені бұл жоба менің ең бірінші толық нұсқалы фильмім — алғашқы тәжірибем, алғашқы маңызды жобам. Ерекше сезімдерді бастан кешірдім.
Соңғы кездері кино саламыз қарқынды дамуда
Соңғы кездері кино саламыз қарқынды дамуда. Бұл мені қатты қуантады әрі мақтан тұтамын. Руслан Акун, Алишер Утев, Қуаныш Бейсеков сынды көрнекті режиссерлеріміз бар.
Қазақстандық жастардың мүмкіндіктер туралы
Бүгінгі таңда елімізде жастар үшін түрлі салада үлкен мүмкіндіктер бар. «Біздің елде көтерілу қиын» дейтін адамдар да көп, бірақ та мен өзім қарапайым отбасыда өсіп, 14 жастан бері кастингтерді іздеп сұрап, өнерімді көрсетіп бірақ проекттерге тісе бастадым. Сол үшін Қазақстанда корупция таныс керек деген сылтау деп ойлаймын.
Өзім кино саласымен бизнес саласын 15 жастан бері бірге алып, екі жақта да дамып жүрмін. Қазір көбінесе фокус соған бөлініп кетті.
Қазақ тілге тренд туралы
Қазір осы үш жылда елімізде көбісі қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде неше түрлі контент, кино, музыка шығарып жатыр. Оған мен әрине өте қатты қуанамын. Менің арманым — Қазақстанда кино, музыка, кітаптардың, бүкіл ТВ-каналдар мен әлеуметтік желілердің барлығы қазақ тілінде болғаны. Оған қазіргі таңда ақырындап келе жатырмыз.
Кино көруге барғанда үнемі бірінші отандық фильмдерге барамын. Керемет болса да, нашарлау болса да. Кинотеатрға шығарып жатқан нашарлау жобалар бар, оны мойындау керек.
Мен 2017 жылдан бастап қазақ тілінде музыканы тыңдауды Darkhan Juzz-дан бастадым. Өйткені одан бұрын қазақ тіліндегі музыкалар көбінесе тойға арналған болды. Ал Дархан қазақ тілінде өзгеше әрі заманауи әндерді шығарды.
Кеңес
Менің қазақ тіліндегі ең сүйікті фильмдер: «Жаным, ты не поверишь», «Жау жүрек Мың бала», «Рэкетир», «Черный Черный человек».
Подкастар: «Орта», «Марғұлан Сейсембайдың подкасты, «Жұрттың баласы, Zamandas.