facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zha-a-taba-an-2017-zhyly-almatyly-shipazhayda-anday-zha-aly-tar-bolady
logo
Жаңа Табаған. 2017 жылы алматылық шипажайда қандай жаңалықтар болады

02.02.2017

Жаңа Табаған. 2017 жылы алматылық шипажайда қандай жаңалықтар болады


Нұркен Беркінбаев, «Табаған Тау» ЖШС тең құрылтайшысы, акционері


Табаған шипажайы – сырғанауды үйренгісі келетін адамдарға арналған отбасылық демалыс орны


Табағанның табиғаты керемет, сондықтан биік таулар жоқ, алайда тамаша төбешіктер, алма ағаштары мен шыршалар бар.




Табаған бұл – Алматының символы. Көптеген халықаралық жарыстар өткізілетін орын. Мұнда Сноубордингтен Қазақстан Чемпионаты өтті, дәл осы жерде 2011 жылғы Азия ойындарының алтынын алдық. 2017 жылғы Универсиада аясында біздің таудың баурайында фристайл, сноубордингтен жарыс өткізуге мүмкіндік беріп, бізді қолдаған Халықаралық Олимпиада комитетіне алғысымыз зор. Көрермендерге арналған жайлы стадионымыз бар, ал тауда жүріп-ақ тікелей трансляцияны тамашалағысы келетіндер үшін төрт мейрамхана бар.


Ескі тау бөктері, арқанды жол, екі ілмекті жол, мейрамханалар, коттедждер мен қонақ үйлер – бәрі бұрынғыдай жұмыс істеп тұр.


Табаған шипажайының батыс жағында орналасқан қосымша жаңа бөктерді аштық


Тағы бір айға сырғанауды ұзартатын қазіргі тау бұрынғыдан 300 метрге биік. Екі километрге созылып жатқан тау бөктері 2017 жылдың желтоқсанында өз жұмысын бастайды. Бұл бөктерді жобалау үшін Австрияда үздік саналатын Земмеринг шипажайынан австриялық спортшыларды шақырдық.




Біз 500 метрге созылып жатқан кері әсері бар шанамен сырғанауға арналған төбешікті іске қостық. Яғни, ол қиғаш болып келген: адам тюбингпен, баллонмен төмен сырғанағанда оны кері қайтаратын жеңіл көтеріліс күтеді. Адамды жоғарыға қарай беби-лифт көтереді, тюбингті қармаққа іліп, адамды жоғары көтереді.




Біз қонақтарға арналған көлік тұрағындағы орынның жетіспеушілігін ескере отырып, жаңа төбешіктің жанына сыйымдылығы 1000 көлікке дейін жететін тұрақ салдық.


Төбешіктің жанына 10 адамға дейін сыятын фин үйлері мен мейрамханалар орнаттық. Мұндай шағын үйлердің ерекшелігі: бөлменің ортасында стейк дайындауға арналған мангал бар. Сондай-ақ, мейрамханада дәмді глинтвейн дайындалады.




Шипажай аймағында кез-келген қалта мен талғамға сай келетін тағамдар бар. Мұнда өз бағасына дерлік сатылатын сиыр етінен бастап, венн шұжықтарына, қуырылған талшын мен арахиске дейін бар.


Қысқы Табаған Еуропадағы Winter Wonderland-ты еске салады. Сондай-ақ, бізде тосап, тұздалған тағамдар сияқты жергілікті талғарлық өнімдерді алуға болатын бес-алты жаймасы бар әжелер базары болады. Ал барлық әжелер немістің дәстүрлі киімдерін киіп тұрады.



Тағы бір ерекшелік – жайлы тас орындықтармен 40 адам айналып отырып, зефир қуыруға мүмкіндік беретін үлкен алау.


Дәл осы жерде адамдар қыста да, жазда да фильмдер қарауға мүмкіндік беретін көше кинотеатры орнатылатын болады


Бізге ТМД аумағында әлі болмаған Еуропадан аттракциондар келді, қазір біз соларды орнатып жатырмыз. Аттракциондар тек балалар ғана емес, отбасының барлық мүшесіне арналған.



Жақында Табағанның өз белгісі пайда болады, қазір біз аю мен бұғыны таңдап жатырмыз. Біз өз белгіміздің жанымызда өмір сүргенін қалаймыз және ол үшін орманнан бес гектарға жуық жерді бөлуге дайынбыз.


Жазда американдық ранчоға ұқсас ферма ашуды жоспарлап отырмыз. Онда адамдар өз қолдарымен өндірген нәрселерден өздеріне таңғы ас дайындай алады. Жұмыртқа жинау немесе сиыр сауу – қарапайым нәрселер, бірақ сүттен қаймақ алып, қой қырқуға қатысуға болады. Бұл шараға біз бүтін фестивальді арнағымыз келіп отыр және бұл үшін жылына үш рет қырқуға болатын 20 жаңа зеландиялық қой сатып алудамыз.


Табаған шипажайы

Мекен-жайы: Талғар ауданы, Бесқайнар ауылы

Жұмыс уақыты: 08:00 – 02:00

Режим работы: 08:00 — 02:00

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Жақсы кофені қайдан табуға болады: Алматы, Астана, Бішкек, Душанбе және Ташкенттегі specialty-кофейнелер
Жақсы кофені қайдан табуға болады: Алматы, Астана, Бішкек, Душанбе және Ташкенттегі specialty-кофейнелер
Қазақстанда жазда демалуға болатын — ең керемет жерлер
Қазақстанда жазда демалуға болатын — ең керемет жерлер
Дәмді тағамдар бағалаушыларға арналған Астанадағы ең жақсы 10 мейрамхана
Дәмді тағамдар бағалаушыларға арналған Астанадағы ең жақсы 10 мейрамхана