Қазақстанда әндері кеңінен танылып келе жатқан жас әрі талантты музыканттардың жаңа толқыны қалыптасып келеді. Біз Merey-мен танысып, шығармашылығы жайында әңгімелестік.
Мерей Аимбетова, 20 жаста, қаласы — Алматы, музыкант, @mereythefairy
Бәрі қалай басталды
Мені көпшілік MEREY лақап атымен таниды. Мен ақынмын, ән жазушымын және орындаушымын.
Мен музыканы бала кезімнен жақсы көремін. Өлең жазып, каверлер орындайтынмын. Ақындық қабілетім әжемнен дарыған. Ол да ақын болған.
Менің еңбек жолым 18 жасымда басталды. Мен Шымкенттен Алматыға музыкамен кәсіби түрде айналысу үшін көштім. Бұл жақта ешкімді танымайтындықтан, аздап қиын болды.
18 жасымда мен Real Eyes дебюттік синглімді жаздым. Бейнебаян түсіруге көмектескен креативті жастармен достастым. Бізде көп ақша болмағандықтан, мен менеджер де, басты актер де, продюсер де, қаржыгер де болдым. Осы әннен кейін мені Oyan Qazaqstan, Gakku, Madeni Cover арналары шақыра бастады.
Шығармашылығы және қайдан шабыт алатыны туралы
Мен әрқашан өз эмоцияларымнан, сезімдерімнен, өмірдегі оқиғалардан шабыттандым.
10-сыныпта мен өзіммен жасты Билли Айлиштің шығармашылығымен таныстым. Оның әндеріне тәнті болдым әрі менің де қолымнан келеді деп ойладым. Алғашқыда ағылшын тілінде жаздым. Бiрақ Betperde танымал бола бастаған соң қазақша жазуға көштім.
Мен үшін музыка — қоғаммен байланыс. Біріншіден, мен ақынмын, содан кейін ғана әншімін. Бастапқыда менің мақсатым адамдардың жүрегіне жол табу еді. Бірақ адамдар әндеріңізді білуі үшін алдымен танымал болуыңыз керек.
Betperde әнін алғаш TikTok-та демо ретінде жариялағанымда, бір қыз жігітімен айырылысып кеткенін, оған менің әнімді жібергенін жазды. Оның қандай сезімде болғанын, нені бастан өткергенін дөп басып бере алғанымды түсіндім. Менің әндерім өмірдің бақытты және қиын сәтінде адамдарға көмектескенін қалаймын. Менің әндерім біреудің өмірінің бір бөлігі екендігі мені қуантады.
Қазақстандағы музыка индустриясының дамуы туралы
Қазақстандағы дарынды жастар. Бізді талант пен өзімізді танытуға деген ұмтылыс біріктіреді. Бізде ұмтылатын нәрсе бар.
14 ақпанда менің «Qaitar Magan» синглім жарыққа шығып, командаммен бірге тыңдармандарға арнап, Mood video түсірдік.
Алғашқы альбомымды да дайындап жатырмын. Бұл indie-pop жанрындағы мұңды, бірақ өте әдемі жинақ болып шығуы тиіс.
Мен ұсынатын үздік 3 музыкант:
— Mitski
— Olivia Rodrigo
— LP.