facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zha-a-es-mder-aza-standy-zhas-muzykanttar-alay-n-zhazatyny-zh-ne-trendter-zhasaytyny-turaly
logo
Жаңа есімдер. Қазақстандық жас музыканттар қалай ән жазатыны және трендтер жасайтыны туралы

25.03.2023

Жаңа есімдер. Қазақстандық жас музыканттар қалай ән жазатыны және трендтер жасайтыны туралы

Қазақстанда әндері топ жарып жүрген жас әрі талантты музыканттардың жаңа толқыны қалыптасып келеді. Оқырмандарымызды жаңа әншілермен таныстыруды жалғастырамыз.


Рауана Серікбол, 21 жаста, қаласы — Алматы, әнші, музыкант, кино режиссері, @rauana.ss

Рауана С

Бәрі қалай басталды

Менің музыкамен айналысып келе жатқаныма 12 жыл болды. Ән айтуды бала кезімнен жақсы көремін. Ата-анамның айтуынша, менің сүйікті ойыншығым шай қасығы болыпты: орындыққа шығып алып, оны микрофон сияқты ұстап ән айтады екенмін. Бесінші сыныпта әкем мені джаз музыка мектебіне берді. Осылайша мен музыка әлеміне қадам бастым.

Отбасымда бәрі дерлік музыкант. Анам — пианист, ал әкем — суретші.

Шығармашылығы және қайдан шабыт алатыны туралы

Менің басты шабыт көзім — ата-анам. Олар мені барлық жағынан қолдайды.

2019 жылы мен музыканы жасау және оны насихаттау негіздерін білмей-ақ ән шығардым. Ал екі жыл бұрын продюсер Нұржанмен таныстым. Басында бірге ән жазып, біраз уақыттан кейін ол мені ұжымға шақырды. Осылайша менің еңбек жолым басталды.

Өмірімді музыкасыз елестете алмаймын. Мен өзімді көптеген салада сынап көрдім, бірақ әрқашан музыка жасауға оралып отыратынмын. Ән жазғанда есіме түсетін сөз: «Сенің музыкаң адамдарға әсер етеді». Әндеріммен тыңдарманның жанын тербетіп, қолдап, көңіл күйін көтергім келеді.

Қазақстандағы музыка индустриясының дамуы туралы

Алматы — музыка мен дамудың қаласы. Осы қаланың көптеген тұрғындарын музыка біріктіретіні ұнайды.

Қазіргі жұмыстары және жоспары жайында

Көктемде фит және соло релиз жоспарланған. Мен арман жайлы, әйелдер және махаббат жайлы ән айтамын.

Мен ұсынатын топ-3 трек:

— Сёстры — «Огни»

— ENNY&Jorja Smith — Peng Black Girls Remix

— odoriko — Vaundy.


Раймбек Зинекенов, 25 жаста, қаласы — Астана, әнші, композитор, ән өлеңін жазатын автор, @zineken.raimbek

Раймбек З

Бәрі қалай басталды

Мен музыкамен 2016 жылдан бері айналысып келемін. Бұған дейін өнер мектебінде ақындық, кейін актер мамандығы бойынша білім алдым.

Музыкаға шабытымды Джастин Бибер, Шон Мендес және Селена Гоместің шығармашылығы ашты десем болады. Үнемі олардың әндерін тыңдап, концерттерін тамашалап, шабыт алатынмын. Дәл солардай қалың көрерменнің алдында өнер көрсетуді армандадым.

Менің өнер жолым «Бұлттар неге мұңды» әнімен басталды. Осыдан кейін мен Алматыға көшіп келдім де, сүйікті ісіммен белсенді айналыса бастадым. Осылайша шығармашылығымның белсенді кезеңі жүріп жатыр.

Шығармашылығы және қайдан шабыт алатыны туралы

Музыка — менің өмірім. Мен сұлулықтан шабыттанамын. Үйленгеннен кейін әйелімнің абсолютті сенімінен, сондай-ақ сүйікті тыңдармандарымның жағымды эмоцияларынан да шабыт аламын.

Қазақстандағы музыка индустриясының дамуы туралы

Елімізде музыка индустриясы жылдан жылға дамып келеді, бұл қуантады. Барлығымызды шығармашылыққа деген сүйіспеншілік біріктіреді.

Қазіргі жұмыстары және жоспары жайында

Мен қазіргіден де танымал әртіс болуды және Қазақстан бойынша тур ұйымдастыруды жоспарлап жүрмін.

Шығармашылығы ұнайтын топ-3 музыкант:

— Amre

— Еркеш Хасен

— Kyle Ruh.


Нурай Кабирова, 18 жаста, қаласы — Алматы, әнші, @kanuraichik

нурай.jpg

Бәрі қалай басталды

Мен бала кезімнен мектептегі концерттерде өнер көрсеттім. Жетінші сыныпта кавер жаза бастадым, ал оныншы сыныпта «Мой маленький мальчик» атты алғашқы синглімді жаздым.

Әнші болуды бала кезімнен армандадым. Алғашқы кумирім Селена Гомес болды, ал одан кейін — Данеля Садыкова. 2019 жылы «Подсознание может все» кітабын оқығаннан кейін мен өз күшіме сене бастадым және ақырында музыкамен айналысамын деп шештім.

Шығармашылығы және қайдан шабыт алатыны туралы

Алғашқы саунд продюсерім Еркебұланды Instagram арқылы таптым. Онымен бірге көптеген ән жаздым және ол музыкалық дамуымда үлкен рөл атқарды. Басында бәрі оңай басталды, жаңа таныстар таптым, мүмкіндіктер пайда болды.

Мен үшін музыка — әлемге басқа адамның көзімен қарау, оның вайбын сезіну мүмкіндігі. Әрқашан өз басымнан өткен немесе бастан өткергім келетін эмоциялардан шабыт аламын. Өз ойымды адамдарға жеткізгім келмейді, олар музыкамнан өздеріне қажеттісін тапса деймін. Тыңдармандарыма жалғыз айтарым — қолдарыңнан бәрі келеді.

Қазақстандағы музыка индустриясының дамуы туралы

Қазақтың музыка индустриясы әлемдегі — ең үздігі. Мен үшін біздің кең даламызда жазылған музыкадан артық музыка жоқ.

Барлық музыкантты өз ойлары мен эмоцияларымен бөлісу ниеті біріктіреді.

Қазіргі жұмыстары және жоспары жайында

Мен «Құпиялы махаббат» әнімді шығаруды жоспарлап жүрмін. Сингл наурыз айының соңына таман шығады.

Шығармашылығы ұнайтын топ-3 музыкант:

— Dequine

— Avril Lavigne

— «Дос-Мұқасан».

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.