facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zha-a-aza-tar-ne-sebept-analar-ata-analaryny-k-meg-n-emes-bala-k-tush-s-n-yzmet-n-ta-daydy
logo
Жаңа қазақтар. Не себепті аналар ата-аналарының көмегін емес бала күтушісінің қызметін таңдайды
Өмір сүру стилі

11.06.2018

Жаңа қазақтар. Не себепті аналар ата-аналарының көмегін емес бала күтушісінің қызметін таңдайды

Асель Арпабаева, 37 жаста, Комсомолец кенті (Қостанай облысы), Club71 фитнес-студиясының негізін қалаушы

DSC_9157.jpg

Төрт балам бар. Олардың жастары әртүрлі: үш, бес, жеті және тоғыз. Бала күтушінің қызметіне алғаш рет бірінші қызым бір жаста болған кезде жүгіндім.

Бала күтуші күн сайын сағат 10:00 келіп, 18:00 кететін.

Бала күтушіні таңдау үрдісі оңай емес. Ол екі айдан алты айға дейінгі уақытты қамтиды. Мен бірден адамның сыртқы келбетіне, яғни киімі, шашы, тырнағының пішініне, шұлығына дейін қатысты нақты талаптар мен шарттардың тізімін жаздым, бұл адамның неге барып жатқанын түсіну және қандай жеңілдіктер болу үшін қажет.

Менің тәжірибем көрсеткендей, жұмысқа тәртіпті, жас әрі ұқыпты қыздар келетін


Оның оқыту, қарым-қатынас құру, үйге және өз міндеттеріне үйрену үрдісі өтті. Шыдамдылығына және еңбекқорлығына байланысты оны жұмысқа қабылдайтын.

Бастапқы жалақы 40 мың тенге болатын. Ол кезде олар жарты күннен астам уақыт жұмыс істейтін. Егер бір аптадан кейін бала күтуші өзін көрсетіп, нәтиже берсе, онда мен оның жалақысын тағы 10 мыңға көтеретінмін. Осылайша бала күтушінің жалақысы 80-100 мыңға жететін.

Жұмыс ұзақтығы туралы айтатын болсақ, онда менде жұмыс істеген бала күтушілердің екеуі үш жылдан жұмыс істеді. Қазір балаларым өсіп, балабақшаға және мектепке барады, сондықтан тек үй жинаушының қызметін ғана пайдаланамын. Ол аптасына екі рет келіп тұрады, жуады, үтіктейді, тамақтарды дайындап қояды.

Әрине, бала күтушілер баламен уақыт өткізгенде мен үйде болатынмын. Бала ұйықтап қалған кезде ол үй жинай алатын. Алайда оның бірінші міндеті балаға қарау және бөлме мен ойыншықтарды жинау болды. Мәселен, егер бала кірлетіп қалған киімдерді жуу керек болса, ол оны істейтін. Екінші реттегі міндеттер үйге байланысты болатын. Егер бала күтуші үй жинап үлгерсе, оның жалақысы көтерілетін.

Туыстарымның көмегіне жүгінбейтінмін, себебі олардың қолдары бос болмайды. Жиенім ол кезде университетте оқып, кешке дейін бос болмайтын. Ата-аналарым жұмыста болатын. Мен жұмысқа шыққан кезде бөтен адамның көмегіне жүгіну туралы сұрақ туындады.

Әрине, ананың орнын ешкім алмастыра алмайды. Анасы бере алатын нәрсені және анасы қарайтын көзқарасты бөтен адам бере алмайды. Анасы бірінші орынға жұмысты қоятын кездер де болады, бірақ кішкентай балаға әрқашан ана керек. Бір-екі жасқа дейін әрдайым баланың жанында болдым. Барлық негізгі сәттерді өзім үйретуге тырыстым: әліпби, қасықты қалай ұстау керек, жүру.

Жас ана жиі бизнеспен айналысып, үйде отырса да, ақша табуға тырысады. Уақыт кестесін босату үшін, міндеттердің бір бөлігін басқа адамға беруге болады. Мәселен, белгілі білімді талап етпейтін үй жинау жұмыстары. Бала күтушіге баланы бір-екі сағатқа беріп, өзіңе уақыт бөлуге болады. Ана барлық нәрседен үлгі болу керек: сырт келбетінде, сұлулықта, ми қабілеттерінде, денсаулықта.


Агиля Оспанова, 40 жаста, туған жері — Алматы, Accentgroup.kz жарнама компаниясының директоры


19227083_184925412038745_6584475389240803328_n.jpg

Үш балам бар. Үлкені 21, кішілері 2 және 4.

Бала күтушіге байланысты күмәндандым. Барлық құрбыларымда бұрыннан беру бала күтушілері, үй қызметкерлері бар және олар маған үнемі «Агиля, қорықпа» деп айтатын. Кіші балам бес айда болған кезде бала күтушісінің қызметіне жүгіндім. Қыз мүлдем дайын болмады, бірақ іштей оған сенуге болатынын сезіндім.

Бірінші рет жұмыстан қолым босамаған себептен баланы күні бойы жалғыз қалдырдым. Оның қолынан барлығы келді.

Әйелдер қазір көбінесе бизнеспен айналысады, сондықтан бала күтуші балалардың жағдайы жақсы екеніне сенімділік береді

Екі жыл бойы бізде жұмыс істеп келеді, бір жыл бізбен бірге тұрады. Ол маған барлық жақтан көмектеседі. Баланы тамақтандырады, қыдыртады, оның дамуымен айналысады. Кіші ұлым Рауан толығымен бала күтушіге бағынышты.

Анам бала күтуге көмектесетін, бірақ қазір оның денсаулығы сыр беріп жатыр. Маған көмектесе алатын барлық туыстарым Алматыда тұрады. Ал мұнда ақша төлеп, барлық міндеттерді нақты орындай алатын адам бар. Мен оған қолайлы жағдай жасауға тырысамын: демалыс, сыйлықтар мен сыйақы беремін. Қазір ол отбасы мүшесі секілді. Тіпті саяхатқа барған кезде бала күтушісін бірге аламыз.

Бала күтушілер қуат пен уақыттың көп бөлігін үнемдеуге көмектеседі. Әйелдер қазір көбінесе бизнеспен айналысады, сондықтан бала күтуші балалардың жағдайы жақсы екеніне сенімділік береді.



Зарема Рамазанова, 35 жаста, туған жері — Семей, Triumph Group event-компаниясының негізін қалаушы


06dfa0ca7c933849328b35eb0d9fd10a.JPEG

Менің төрт балам бар, жастары 12, 10, 8 және 3.

Үлкен баламыз бір жасқа келгенде бала күтушіні жалдадық. Бұл агенттіктен келген бала күтуші болды, ол бізде бір жыл жұмыс істеді. Кейін ол жұмыс саласын ауыстырды.

Келесі бала күтушіні екінші баламыз туылған кезде жалдадық. Қазір ол бізбен 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Ол бізге кездейсоқ тап болды. Көршілеріміздің балалары өсіп, ол бізге келді. Бізде таңертеңнен кешке дейін бір демалыс күнінен басқа күн сайын жұмыс істейді.

Әр баланың туылғанына байланысты жалақыны көтеретінбіз. Қазір ол біз үшін отбасымыздың мүшесі секілді. Алайда ол өз жұмысын нақты біледі. Жылына бір рет бір ай ауқымында ол демалысқа шығады. Кейде ол демалысты бөліп тастайды.

Бала күтушінің қажеттілігі әрдайым болған және бар, себебі балалар көп. Алғашқы уақытта ол тамақ дайындамайтын, ал қазір балалар өсіп, оның уақыты пайда болды. Үй міндеттерін бөлмейміз. Жұмысқа ерте шықтым және ол балалармен көп уақыт өткізетін. Қазір көбінесе үйде боламын.

Бала күтушіге байланысты сұрақ бірден шешілді. Мен ата-аналардың жеке кеңістігі болуы керек деп ойлаймын. Оның үстіне белгіленген шекара бар: егер адамға ақша төлесең, ол өз жұмысын орындайды. Бала күтуші үйде тәртіпті қалыптастырады, ал әжелер мен аталар еркелетуі мүмкін. Және осы мәселе бойынша тайталасқың да келмейді.

Бала күтуші ата-атаналарға тыныштықты қамтамасыз етеді


Барлығымыз шаршаймыз, ал осылайша бала жүйкесі тозған ата-атанысна кезікпейді. Бала күтуші кесте құрып, оны ұстануға көмектеседі. Балалар уақытында тамақ ішіп, ұйықтайды, ал бұл денсаулыққа өте пайдалы.

Алайда барлық негізгі сұрақтарды өзіміз шешеміз — дәрігерге бару, емделу. Бала күтуші бұған араласпайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.