facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zha-a-aza-tar-balamny-atyn-z-m-oydym
logo
Жаңа қазақтар: «Баламның атын өзім қойдым»

15.05.2018

Жаңа қазақтар: «Баламның атын өзім қойдым»

Динара Абдуалиева, 28 жаста, туған жері — Көкшетау, АҚ басты маманы


Біздің қызымыз 2013 жылдың 30 тамыз күні Конституция күнінде туылды.

Ата-аналарымыз жас. Анам екеуміздің жас аралығымыз 20 жыл, күйеуімнің ата-анасы да жас.

Балалы болатынымызды білген кезде оның жынысын сұраған жоқпыз. Мен үшін ең бастысы — оның денсаулығы болды. Салауатты өмір салтын ұстанамын, ал жүктілік кезінде одан да абай болдым. Өз сезімдерімді тыңдай бастадым. Мені аяқ киімдер мен банттар қатты қызықтырды және мен шаш бұрамдарын жасауды үйрендім. Осыған дейін барлық уақыт бойы басқа нәрсемен айналыстым. Жүктілік кезінде осымен айналыстым және үзіліс кезінде әріптестеріме бұрамдар жасадым. Қыздардың аттарына көңіл бөлу керектігі белгілі болды.

Әрине, шығыс ділі үлкендердің пікірін тыңдау қажеттегін білдіреді


Әкемнің қызымын, арамыздағысенімді қатынасты сақтауға тырысамын. Оған қандай есімдер ұнайтынын білу үшін, әкеме келдім. Ата-анам бұған араласпайтынын айтты. Күйеуімнің атаанасына барған кезде де олардың пікірін сұрадым. Олар талап етпейтінін білдім, бірақ пікірлеріне құлақ асу үшін бәрібір сұрадым.

IMG_0291.JPG

Олар біз тым ынталанып, ерекше есім қояды деп қорықты.

Менің анам білім беру саласында жұмыс істейді, олардың ұйымдарында кітапхана бар, мен ол жерден есімдер жазылған кітапты алып келуді сұрадым. Жұбайыммен кешке отырып, кітапты қарап, ұнаған есімдерді қағазға көшіре бастадық. Маған Амина деген есім ұнады. Екпін екінші буынға қойылған нұсқасы, үшіншіге емес. Сонымен қатар Аиша деген нәзік есім ұнады. Тағы Дамели, Малика, Айлина есімдері де ұнады. Қысқартылған «Айлин» есімі емес, ал «Айлина».

Кейін УДЗ бізде қыз болатынын айтқан кезде, біз осы тізімге байланысты есім таңдайтынымызды шештік. Қызымыз қыркүйек айының ортасында туылуы тиіс болды, бірақ жағдайларға байланысты ол ертерек дүниеге келді. Сол себепті біз ұзақ уақыт бойы ауруханада жаттық, шынымды айтсам, сол кезде есім таңдайтын жағдайда болған жоқпын. Барлығы оның денсаулығы мен өміріне алаңдады. Бұл бөлімге туыстардан ешкімді кіргізбеді, бір күні рұқсат етілген кезде күйеуім көңіл-күйімді көтеру үшін ресімделген құжатты әкелді. Онда Алимова Айлина деп жазылған еді, ол өте керемет және нәзік естілді. Қазір басқа есімдердің ешқайсысы оған келмейтін сияқты, Аиша үшін ол тым батыл, ал Амина үшін тым табанды. Бұл есімдер нәзік қыздар үшін секілді, ал ол батыл қыз.



Алмагуль Акимжанова, 42 жаста, туған жері — Қарағанды, аға менеджер


2018-04-24 01.14.19 1.jpg

Үлкен қызымыз 1996 жылы туылды. Есімі Аида және есімін өзім қойдым.

Мектеп кезінде, үлкен сыныптарда оқыған кезде бастауыш сыныпта әдемі, сүйкімді Аида атты қыз оқитын. Сол кезден бастап, егер қызым болса, оны осы есіммен атаймын деп шештім.

Сол кезде Даяна аты танымал еді және ол қосалқы болды. Күйеуімнің анасы қызымды Інжу-Маржан, ал менің анам қызымды Зере деп атағысы келді. Күйеуім Сана деген есімді ұсынды. Алайда, босанған кезде есімін өзім қоямын деп шештім.

Өзім қырсық болдым. Жасым 20 болды және біреудің пікірі мені қызықтырған жоқ. Қазір үлкендердің пікірін тек сыйластық білдіріп, есім ретінде олар туралы естелік үшін тыңдаушы едім. Бұл жеке жағдай және менің ойымша, бұл дәстүр көнеленді және қатаң сақтауды талап етпейді.



Қайрат Рахимжанов, 30 жаста, туған жері — Омбы, құрылыс саласындағы жеке кәсіпкер


242424.jpeg

Қазақ дәстүрлерін сақтаймыз, сонымен қатар балаға есім қою дәстүрін де. Қызымызға есімді үлкендердің біреуі қоятынына дайын болдық. Алайда олар сендердің балаларың, өздерің білесіңдер, қалай атағыларың келсе, солай атаңдар деп айтты.

Баламыз 2014 жылдың 11 маусымында туылды. Есімді көп таңдаған жоқпыз, әйелім жүкті болған кезде есім туралы ойландық. Ұл балаға Карим, ал қыз балаға Камила есімін таңдадық. Тағы бірнеше есім болды, бірақ олар соншалықты тартымды болған жоқ.

Отбасымыздағы үлкендерде — аталар мен әжелерде өз нұсқалары болды. Олар оларды атап, ұсыныс жасады, бірақ бізді көндірмеді. Егер ұнаса, біз қуанышты боламыз, ұнамаса, ештеңе етпейді деп айтты.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.