facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zha-a-aza-tar-balalarymny-zd-g-nen-m-r-s-rgender-n-alaymyn
logo
Жаңа қазақтар. Балаларымның өздігінен өмір сүргендерін қалаймын

02.07.2018

Жаңа қазақтар. Балаларымның өздігінен өмір сүргендерін қалаймын

АсельТлемисова, 37 жаста, туған жері — Астана, қаржы


Екі ұлым бар, оларды жалғыз тәрбиелеп жатырмын. Үлкені — Инсар,18 жаста, кішісі —Дінмухаммед, 5 жаста. Инсар Қазақ Ұлттық Өнер академиясында эстрадалық вокалға оқып жатыр, ол жерге өз күшімен ақысыз білім алуға түсті. Кіші ұлым балабақшаға барып жүр, шахмат және хип-хоппен айналысады. Ұлдарым жан-жақты дамыған балалар, шахматпен айналысады және кітап оқиды.

1

Бос уақытымды балаларыммен өткізгенді ұнатамын, сондықтан олардың не ойлайтыны мен неге ұмтылатыны мен үшін маңызды. Адамдар қателесіп, бұрыс жолға түсетіндерін жиі көріп тұрамын, балаларым сондайға кез болмауларын қалаймын. Сондықтан қамқоршыл болып, тәжірибеммен және махаббатыммен бөлісуге тырысамын.

Болашақта балалар менімен бірге тұрғанды қаламаймын. Егер оларды өздігінен өмір сүруге жіберсем, олардың көптеген мүмкіндіктері пайда болып, кез келген жағдайда өздеріне қамқор бола алады. Үлкен ұлыма сенемін. Өзі өмір сүре алатынын, басқа адамның әсеріне түспейтінін көріп тұрмын, достары да жақсы, мен оны жауапкершілікке үйрете білдім. Кіші ұлым да сондай болып ер жететініне үміттенемін және өз өмірлерін қалайша тәуелсіз құрып жатқандарын бақылап, рахаттана аламын.

2

Мен үшін тәуелсіз болу —ол өздері тұрғын үй сатып алу немесе тамаққа, киімге ақша табу емес, ол өздерін ары қарай дамыта алу болып табылады. Оны үлкен ұлымнан көремін, оның айқын мақсаттары бар. Инсар бөлек тұрғысы келетінін айтып жатыр. Оның ойынша, ер азаматқа анасымен бірге тұрған дұрыс емес. Жақын арадағы екі жылда өздігінен өмір сүруді жоспарлап жатыр. Егер өзі жалғыз тұрам десе, онда өзін-өзі асырайтындығына және менің оған көмек көрсетпейтініме қазірден бастап дайындап жатырмын. Сондықтан оның үлкен ынтасы бар және оның қолынан келетініне менің күмәнім жоқ.

Балаларыма жанымды, дүниетанымымды салдым, сол себепті олардың әр қадамына сенімдімін.



Эльмира Валеева, 33 жаста, туғанжері — Омбы, есеп


WhatsApp Image 2018-06-11 at 17.12.30.jpeg

Адам тұлға ретінде толықтай қалыптасу үшін жалғыз, дұрысы басқа қалада тұру керек деп есептеймін. Мен ағам секілді студенттік кезімде өздігімнен, басқа қалаларда тұрдым. Менің ойымша, бұл пайдалы тәжірибе, ол сені мықтырақ етеді. Ересек жастарында да ата-анасымен тұратын мысалдар көп және бұл оларды босаңсытып жібереді, олар жаңа нәрселерді көруге тырыспайды, белгілі бір шектеулер пайда болады. Ал сен бөтен қалада жалғыз тұрып жатқан кезіңде өздігінен өмір сүруге, талаптарың мен қабілеттеріңді іске асыруға, эмоция жағынан жинақы болуға бейімделесің.

Қазір балаларым кішкентай, үлкен ұлым жетіде, ал кішісі бірде. Және мен балаларым мектеп бітіргеннен кейін басқа қалаға барып тұрғандарын, сол жақта қалыптасқандарын қалар едім. Ата-анасынан ненің және қалай істейтінін күтпей, өздігінен өмір сүріп, өздеріне деген жауапкершілікті сезінгендерін қалаймын. Бұл өмірге деген көзқарасты қалыптастыруға, ата-анасының айтып жатқан нәрселеріне қарамауға көмектеседі.

45

Менің ойымша, адам бір қалада туып, өсіп, сол қаланы ақырындап бағындыра бастайды, ерте ме, кеш пе оған ары қарай ұмтылу керек, жаңа нәрсені көру қажет. Өзім бірнеше қалада тұрып көрдім, бұл өте қызықты.

Жаныңда болып, қолдау көрсету үшін міндетті түрде ата-анамен бірге тұру қажет емес. Бір қалада тұрып, бір-біріне қонаққа барып тұруға болады. Бұл біреуге ұнамау мүмкін, бірақ егер адамдарда бөлек тұратындай мүмкіндік болса, неге оны қолданбасқа. Қаншалықта алыс тұрсаң, соншалықты жақын әрі туғандай болып көрінесің.



Гульнар Агабекова, 26 жаста, туған жері — Тараз, филолог педагогі


Отбасымыз төрт адамнан құралады, кішкентай екі баламыз бар: Ануар алты жаста, Альсара екіде.

89

Шетелге көшіп кетуді ойластырып жатырмын, себебі Қазақстанда білім беру деңгейі айтарлықтай жақсы емес, барлық білімді толықтай бермейді, ал тар мамандық салаларында кәсіби білім мүлдем жоқ. Сондықтан, болашақта балаларым шетелде оқығандарын, кейбір уақыт өздігінен өмір сүріп, ересек өмірдің қандай екенін сезгендерін қалаймын. Мұндай көзқарасты үлкен ұлымызға қатысты етеміз, себебі ол ұл ретінде әлемді көргені дұрыс болар еді.

Балаларым әлі кішкентай, барлығы алда. Бірақ біз олардың Америкада немесе Англияда оқығандарын жоспарлап отырмыз. Өзім ата-анамнан алыста, басқа қалада өмір сүрдім. Бұл маған көмектесті, саналы әрі тәуелді болдым, ешкіммен ақылдаспай, өздігімнен шешім қабылдауды үйрендім. Жалғыз тұрған кезіңде қабылдаған барлық шешімдердің жауапкершілігі тек саған ғана қатысты екенін түсінесің. Және мен балаларымның да осыны түсінгендерін қалаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.