facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zha-a-aza-tar-aza-zhastary-ylenu-toyyn-anday-n-rselerge-almastyrdy
logo
Жаңа қазақтар: қазақ жастары үйлену тойын қандай нәрселерге алмастырды
Таңғажайып Қазақстан

20.02.2018

Жаңа қазақтар: қазақ жастары үйлену тойын қандай нәрселерге алмастырды

Адина Ногоспаева, 23 жаста, туған жері — Қарағанды


0d1733ae44df3ab564f1c555d8fd628c.jpg

Қазір әр адам дүрілдетіп той жасағысы келеді: қымбат әртістерді шақырады, ең үздік дизайн жасатады. Бұл үрдіске айналып кетті.

Бірақ той өтіп, шығындарды есептей бастағанда, өкініш сезімі пайда болады. Егер жастар өздері жұмыс істемеп, ақша таппаса, ата-аналарына ауыр салмақ салып, үлкен соманы жұмсаудың қажеті жоқ.

Мен шетелде білім алдым, көптеген жігерлендіретін кітаптарды оқып, өз бизнесімнің болғанын армандайтынмын. Магистратураны бітіргеннен кейін, күйеуім маған үйленуге ұсыныс жасады.

Бізде сырға салу, құдалық және той болды, бірақ мен оған қарсы болдым. Қаншалықты жақсы ұйымдастырылғандығына қарамастан, барлық туысқандардың көңілін табу қиын. Біреуіне ет, біреуіне музыка ұнамады, кейбіреулер тілектерге қанағаттанбайды.

Біз ақшаны бір күндік іс-шараға емес, дұрыс бағытта, болашағымызға жіберген дұрыс деп шештік


Мен өзімнің ата-анама қыз ұзатудың орнына, ақшаны бизнеске салуды ұсындым. Әрине, келіспеушіліктер болды. Мен үйдің жалғыз қызы болғандықтан, анам той жасағысы келді. Бірақ ол заманауи әйел, тағы кеңесіп, біз бұл ақшаны бір күндік іс-шараға емес, дұрыс бағытта, болашағымызға жіберген дұрыс деп шештік.

Ата-анамның белгіленген сомасы болды, көп те емес, аз да емес. Олар маған ақшаны беріп: « өз бизнесіне инвестиция сал» деді. Содан өзімнің алғашқы Nail Kitchen London салонын аштым.

Студия он айдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, ол өз-өзің толығымен ақтап шықты


Бұдан бөлек біз серіктестерімізбен тағы екі студия аштық. Енді бізде желі бар. Біз оны одан әрі дамытуды және кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Қыз ұзатудан бас тартқаныма еш өкінбедім, бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Ең жақын адамдар менің жанымда болды. Қалған туыстарымыз бізді түсінген шығар деген ойдамын. Тіпті басқа адамдардың да балалары үшін осылай жасағысы келетіні жайлы естігенмін.


Жаксылык Азамат, 27 жаста, туған жері — Алматы


Менің ойымша, үйлену тойы — ата-аналар үшін. Олар барлық туыстарын жинап, қуанышымен бөліскісі келеді, бұл олар үшін қалыпты жағдай. Бірақ біз, жастар, басқаша ойлаймыз. Басқа көзқараспен қараймыз. Әрбір ата-ана өз баласына ештеңе аямайды, ең соңғы тиынын да балалары үшін береді. Біздің заманымызда біреуден жақсы көріну үшін адамдар үлкен несие алады. Содан кейін жылдар бойы қарыздарын өтейді.

Біз ол ақшаға пәтеріміздің алғашқы соммасын төлеп, көлік алдық


Үйлену тойын өткізбеу туралы шешімге әйелім екеуміз келдік. Ата-анамызға бұл ақшаны пайдалы нәрсеге жұмсасақ дұрыс болады деп түсіндірдік. Ол ақшаға пәтеріміздің алғашқы соммасын төлеп, көлік алдық

Неке қию рәсімі болды, содан кейін ең жақын адамдарымызбен мейрамханаға бардық. Шамамен 20 адам болдық: ата-аналарымыз, жақын туыстарымыз және достарымыз. Менде Тойымыздың болмағанына өкінбеймін. Бірақ, әр әйел ақ көйлек кигісі келеді ғой. Сондықтан алтын тойымызды жасағым келеді.


Бахтияр Каюпов, 26 жаста, туған жері — Кокшетау


5c9bf61eba84c4ceced98b8b306f92de.jpg

Мұндай шешімімге аз уақыт ішінде келдік. Әйелім екеуміз көп уақыт бойы қашықтықта қарым-қатынаста болдық, сондықтан үйлену тойын алып тастап, тек некеге тұру рәсімін ғана өткіздік. Біздің салтанатта тек бірнеше адам ғана болды

Негізінде, біз үйлену тойын өткізуге дайындалып жатқанбыз, бірақ, бұл үрдіс ұзаққа созылып кетіп, біз оны тоқтаттық.

Сондықтан ол ақшаға автокөлік сатып алдық, ал туыстарымыз бізді қолдады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар