Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Жаңа Атырау. Жастардың бизнес ашып, қаланы жақсы жаққа өзгертіп жатқандары жайында
2535

13.04.2019

Жаңа Атырау. Жастардың бизнес ашып, қаланы жақсы жаққа өзгертіп жатқандары жайында

Арыстан Нурушев, 25 жаста, туған қаласы — Орал, барбер


Арыстан 1.jpeg

Өзі жайында


Мен 13 жасымнан жұмыс істей бастадым, өзімді жүк тиеуші, экспедитор, пластик терезелерді орнатушы сияқты әртүрлі қызметтерде байқап көрдім. Көптеген мамандықтарды ауыстырып, туған жерім Оралда шаштаразшыға оқудың сәті түсті. Оқу барысында негізгі нәрселерді, атап айтқанда, шаш алатын машинка мен қайшыны ұстауды үйретті. Осыдан менің шаштаразшы ретіндегі қызметім басталды.

Атырауға көшіп кеткенге дейін, әртүрлі сұлулық салондарында жұмыс істеп, тәжірибе жинадым.


Lion барбершобы жайында


Атырауға көшіп келгеннен кейін, мен шаштаразшы ретінде төрт жыл жұмыс істеп үлгердім және жақсы тәжірибе мен білімге ие болдым. Клиенттерімнің басым бөлігі және әйелім өз ісімді ашуға кеңес беретін. Әйелім әрқашан мені шабыттандырады және мен оның идеясына сеніп, өзімнің Lion барбершобын ашуды шештім.

Жолымның басында қиындықтар аса болған жоқ, бірақ кадрлық мәселе туындады. Атырауда өз ісіне ғашық және әрдайым дамуды қалайтын жақсы шеберлер аз, біз осы мәселені шешуге тырысып жатырмыз. Шеберлерді оқытып, жиналған тәжірибемен, дағдылармен бөлісіп жатырмыз, адамдарға бұл сала арқылы басқаларға қуаныш сыйлап, табыс табуға болатынын көрсетуді қалаймыз.

Атырауда өз ісіне ғашық және әрдайым дамуды қалайтын жақсы шеберлер аз, біз осы мәселені шешуге тырысып жатырмыз


Біздің барбершобымызда төрт адам жұмыс істейді: екі шебер, әкімгер және массаж жасаушы. Біз кәсібімізге жаңа леп әкелетін және өз жұмысын жақсы көретін жаңа шеберлерді іздеп жатырмыз.

Барбершоптың ерекшелігі – оның форматында. Біз барбершоп – бұл міндетті түрде сақалы бар қатал ер адамдар, интерьері ағаш пен металдан жасалған, қабырғада бұғының мүйіздері ілініп тұрады және барлық адамдарға виски құйып береді деген стереотипті жоюды қалаймыз. Біздің мақсатымыз – максималды түрде жайлылықты, жылулықты сыйлап, сапалы қызмет көрсету, дәмді шәй және кофе ұсыну.

Шаш қиюдың орташа құны — 4000 теңге.

Бізде клиенттің жасы бойынша белгілі бір градация жоқ, мектеп оқушыларынан бастап аталарға дейін әртүрлі жастағы адамдар келеді. Біз әрқашан әрбір клиентті қуана қарсы алуға дайынбыз.

Біздің барбершобымыз қаланың болашақта өз ісін аша алатын жаңа кәсіби шеберлерге ие болуына көмектеседі. Мен бұл саланың даму келешегі және мансап сатысы бар екенін көрсеткім келеді, тек өз күшіңді салып, жұмысыңды жақсы көру керек.

Адамдар сәнді болуды үйренгенін қалаймын және оларға дәл осы шаш үлгінің жарасу себебін түсіндіремін. Сырт келбеті бойынша қарсы алады, сол себепті мен және менің командам клиенттерімізді сұлу және сәнді қылуға тырысамыз.


Қала жайында


Атырау – өзіндік атмосферасымен адамдарды тартатын, көпірлері бар көркем қала. Мен бұл қаладан екі рет кетуге талпындым және әрдайым қайтып оралатынмын.

Атырау – өзіндік атмосферасымен адамдарды тартатын, көпірлері бар көркем қала


Менің сүйікті жерлерім: жағалау, Жеңіс саябағы, Joy, «Бармаглот», мейрамханалары.

Саяхатшыға жағалауға, Жеңіс саябағына, Махамбет және Исатай алаңына баруға кеңес беремін.

Атыраулықтар – қайырымды, ашық, турашыл және мейірімді адамдар.


Жоспарлар жайында


Біз Атырауда тағы бірнеше нүктелерді ашуды қалаймыз, себебі бұл мәдениетті Батыс аймағында дамытқымыз келеді. Сонымен қатар сапалы қызмет көрсетумен сұлулық салонын ашу жоспары бар.


Олжас Сұлтанов, 29 жаста, туған қаласы — Атырау, қауіпсіздік қызметінің жетекшісі


Олжас 2.jpeg

Өзі жайында


Қоғамдық қызметіме дейін мен қарапайым түрде өмір сүрдім және уақытымды өзіме және отбасымды құраға бөлетінмін. Бірақ 2016 жылы бір жағдай болды – қаланы нөсер жауыннан су басып кетті. Сол кезде менде жол талғамайтын көлік, тіркеме және сорғыш болды, маған бір ой келді. Мен Facebook желісіндегі парақшама жазба қалдырдым, қаражаты мен жабдықтары бар адамдарды көмектесуді, көмекті қажет ететін адамдардың үйлерінен қар суын тартып шығаруды сұрадым. Мен тез қолдау таптым, еріктілерді жинадым. Біз аз ғана уақыт ішінде 5000 тонна суды тартып шығара алдық. Әрине, бұның барлығы жергілікті тұрғындар мен сорғыштарды бөліп берген әкімдіктің арқасында жүзеге асырылды. Бұл менің алғашқы еріктілік жұмысым еді, бұдан кейін мен қоғамдық қызметпен айналысуды шештім. Мен адамдарға көмектесуді қалай бастадым.


Қоғамдық қызметі жайында


Мен Green Transition тобының еріктілеріне қосылдым. Біз жағалау бойында ағаштарды отырғыздық және оларды суару мен өсімін қадағаладық. Жұмыс күндерімнің бірінде маған облыс әкімі келді және осы жерде саябақ болатынын айтты. Біз тұрғындардың саябақта не болғанын қалайтынын білу үшін, Facebookжелісінде талқылау алаңын құруды ұсындық. Кейін бұл мәселеге кәсіпкерлер қосылды және біз жоба жасадық. Қазіргі кезде барлық қажетті құжаттама дайын. Аталмыш саябақтың құрылысы биылғы жазда басталады.

Green Transition-мен жұмыс істегеннен кейін, мен «Келешек Атырау» қоғамдық бірлестікпен жұмыс істей бастадым, олар кәсіптік бағдармен айналысады. Біз темір шебері, дәнекерлеуші, механик, мұғалім, дәрігер сияқты тапшы мамандықтарды дәріптеумен айналысамыз. Жұмыс барысында «Үздік дәнекерлеуші». «Үздік дәрігер» және тағы басқа аталымдар бойынша әртүрлі байқаулар өткіздік.

Сонымен қатар біз мектеп оқушылары зауыттар мен фабрикалардағы қызмет жайында алдын-ала хабардар болуы үшін, өнідірстер бойынша экскурсиялар өткіземіз. Мектеп оқушыларына дәнекерлеуші, темір шебері, металл жонушы және көптеген тапшы мамандықтардың қыр-сырымен бөлісеміз.

Оқушыларға өмірде өз орнын табуға, мамандықты дұрыс таңдауға көмектесуді қалаймын

Шетелдік компаниялар өткізетін сұхбаттардың репетицияларын өткіземіз. Сұрақтарды ағылшын тілінде қою арқылы оқушыларды болашақ кәсіптік қызметке дайындаймыз.

Бүгінде мен азаматтық кеңестің төрағасы қызметін атқарып жатырмын. Ол бір жыл бұрын құрылды. Біз әкімдіктің өкілдерімен кездесеміз, қала тұрғындары үшін маңызды мәселелерді талқылаймыз.


Қала жайында


Мен қаламды жақсы көремін. Мен осында туып өстім және өмір сүруге бағытталған қолайлы жағдайларды жасауға тырысамын.

Ерекше ұнататын жерлерім жоқ, мен жалпы бүкіл қаланы жақсы көремін.

Саяхатшыларға Құрманғазы ауылында Қиғаш көлі бойында орналасқан француз турбазасына баруды ұсынамын. Сол жерде демалып, балық аулауға және табиғатпен рахаттануға болады.

Ерекше ұнататын жерлерім жоқ, мен жалпы бүкіл қаланы жақсы көремін


Жоспарлар жайында


Мен әкімдік пен қала тұрғындары арасындағы әлдебір дәнекерші болдым. Адамдар өз мәселелері жайында маған сеніп айтады, ал әкімдіктің қызметкерлері пікіріме құлақ асады. Мен мүмкіндіктерімді дұрыс пайдаланып, одан да көп адамдарға көмектесуда қалаймын, себебі қазіргі кезде өтінімдер өте көп және әрбіреуі бойынша жұмыс атқарғым келеді.


Абай Амиров, 23 жаста, туған қаласы ― Ақтөбе, EVENT GROUP ATYRAU ивент-агенттігінің тең құрылтайшысы


Абай 1.jpg

Өзі жайында

Қызметімді ивент-агенттікте бастамас бұрын, мен Атырауда ірі әлеуметтік жобалармен айналысқан едім. Қалада EXPO-2017 еріктілерін дайындау бойынша басты ұйымдастырушы болдым. Сол кезде белсенді ерікті едім және маған 500 жаңа еріктілерді оқыту мүмкіндігін берді.

Сонымен қатар мен «Атырау журналистеріне арналған ағылшын тілі курстары» әлеуметтік жобасының медиажетекшісі болдым және қазірде іс-шараларды ұйымдастырудан бос уақытымда әлеуметтік жобамен айналысып, жетекші қызметін жалғастырып келемін.


Event Group Atyrau агенттігі жайында


Маған және менің серіктесіме ивент-агенттігін ашу идеясы келді.

Біз 100 % жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз және адамдардың көңілінен шығуға тырысамыз. Атырау – кішкентай қала, кез-келген қателік және кәсіпсіздік ұзақ жылдарға есте қалады, сол себепті біз командамызбен бар күш-жігерімізді салып жұмыс істейміз. Сонымен қатар командамызда жас және әрдайым трендтер мен жаңалықтардан хабардар болатын креативті мамандар жиналған, біз бұл қасиетпен басқалардан ерекшеленеміз. Біз ресейлік әртістерден қайсысы сұранысқа ие екенін және қонақтарға не ұсыну керектігін білеміз.

Атырау – кішкентай қала, кез-келген қателік және кәсіпсіздік ұзақ жылдарға есте қалады, сол себепті біз командамызбен бар күш-жігерімізді салып жұмыс істейміз

EVENT GROUP ATYRAU компаниясында жеті адам жұмыс істейді.


POP SHOP ATYRAU жобасы жайында


POP SHOP ATYRAU — бүкіл қала тұрғындарының көңілінен шыққан командамыздың авторлық жобасы. POP SHOP ATYRAU – бұл қазақстандық және шетелдік киім мен аксессуарлар дизайнерлерінің көрмесі.

Жобаның мақсаты – халық арасында отандық өнімді насихаттау. Екі жыл ішінде біз Қазақстаннан, Оңтүстік Кореядан, Түркиядан және Ресейден, Грузиядан 150-ден астам дизайнерлер қатысқан тоғыз көрмелер маусымын ұйымдастырдық.

Клиентеріміз бізбен бірінші рет жұмыс істегеннен кейін, тапсырыстары мен жобаларын толықтай сеніп тапсырады. Біздің басты міндетіміз –концерттерімізге, корпаративтер мен тимбилдингтерге қатысатын серіктестеріміз өздерін тек қана қонақ ретінде жайлылықта сезінуі керек.


Қала жайында


Атырау – үлкен келешегі бар, кішкентай және жайлы қала. Осында мұнай және газ салаларының салмақтылығы бірден сезіледі, халықаралық және ұлттық компаниялардың әдемі кеңселері орналасқан.

Уақытты жұмыста өткізуді ұнатамын, бірақ біз достарымызбен дәмді тамақтану мен киноға баруды жақсы көреміз. Шыны керек, қаладағы кинотеатрлардың жағдайы жаман – олардың саны екеу ғана және билеттер жиі түрде жоқ болады. Ал дәмді тамақтану үшін, Jida және Joy мейрамханаларын ұсынамын, Sulo кофеханасында жайлы ортада кофе ішуге болады. Дәл осы үш жерде сені жақсы қарсы алады.

Саяхатшыға жағалауға баруды ұсынамын, осы жердің атмосферасы ерекше. Сонымен қатар ескі қала мен архитектурасын көру үшін, мұнай астанасының тарихы жайында көп мағлұмат беретін NCOC және «Эмбамұнайгаз» компанияларындағы мұражайға баруға кеңес беремін. Бірақ бұл мұражайға кіру мүмкіндігі әркімге беріле ме екенін білмеймін.

Жеңіс саябағы да серуен үшін жақсы жер. Оған қоса Махамбет және Исатай алаңы бойымен серуендеуге кеңес беремін, жаздың кештерінде осында бүкіл халық жиналады.

Қала тұрғындары өз ойларын тура айтады және осы қасиетпен ерекшеленеді. Көбісі бұны дөрекі әдет деп санайды, бірақ олай емес. Жергілікті халық қарапайым және ашық.

Атыраудың жастары серпінді, әрдайым дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздейді. Қалада жергілікті және шетелдік адамдардың араласқаны сезіледі, барлығы бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүріп жатқаны күшті. Шетелдіктер орыс және қазақ тілдерін оқиды, қазақстандық брендтердің киімдерін сатып алады және Наурыз мейрамын тойлауды ұнатады.


Жоспарлар жайында


Жоспарлар алдағы жарты жылға жазылып тасталған, жаңа және эксперименталды авторлық жобалар, тапсырыс берішулер мен серіктестерден алдын-ала түскен тапсырыстар көп. Біз заман талабына сай дамып жатырмыз және қоғамымыз нені қаламайтынын білеміз.


Меню

Істер

Қала 24

Шолу