Астанада қызықты демалыс өткізгісі келетін, жергілікті брендтер мен ерекше іс-шаралар іздейтіндерге арналған 12 орын.
Kulanshi, @forte.kulanshi.artspace, @kulanshi
Астанадағы танымал және белсенді арт-кеңістік. Мұнда көрмелер жыл бойы өткізіледі және үнемі жаңартылып отырады. Қазақстанның заманауи суретшілерінің картиналарымен танысып қана қоймай, ең үздік жұмыстардың бірін сатып алуыңызға да болады.
TSE Art Destination, @tse.art.destination
Оң жағалаудағы отандық және шетелдік суретшілердің көрмелері өтетін орын.
Бұл — галерея және білім беру орталығы.
«ЦЕНТР» гастро-орталық, @gastro.center
Әлемнің түрлі елдерінің тағамдарын ұсынатын және оны ең қызықты форматта беретін 30-дан астам корнері жинақталған бірегей гастрономиялық кеңістік.
Орталықта жәрмеңкелер, фестивальдар, фильмдер көрсетілімдері және т.б. жиі өтіп тұрады. Отбасыңызбен келуге немесе достарыңызбен жиналуға таптырмас орын.
Invictus Girls, @invictus.girls
Тек қыздарға арналған фитнес-студия. Танымал фитнес-клубтар желісінің әйелдер қауымына арнап құрған елордадағы жаңа жобасы.
Студияда ең үздік жаттықтырушылар жұмыс істейді. Ал фитнес-студияның интерьері ерекше әдемі. Invictus Girls — пікірлес адамдарды тапқысы келетін қыздар қауымдастығы.
Freedom coffee house, @freedom_for_freelance
Жұмысқа жасауға ыңғайлы кофехана. Мекеме коворкинг кеңістігі ретінде жұмыс істейді, онда жұмыс істеп, жиналыс өткізіп қана қоймай, авторлық кофе, шай мен десерттен дәм татуға болады.
Жобада фильмдер көрсетіледі, кездесулер ұйымдастырылады, кіру тегін, бірақ 2500 теңгеге тапсырыс беру керек.
TARY, @tary.coffee
Қазақтың ұлттық колориті бар этно-кофехана. Тары негізінде дайындалатын сусындарымен танымал.
Мекеменің мәзірінде түрлі тағамдар бар, интерьері де әдемі, сондай-ақ қызмет көрсету сапасы жоғары. Мұнда дәмді ас ішіп қана қоймай, Instagram-ға әдемі stories-тер түсіруге болады.
«Кухня WE», @we_kitchen_
Елорданың жағымды атмосфераға толы кеңістігі. Мұнда концерттер, шығармашылық кештер, ашық микрофондар, фильмдер көрсетілімі және басқа да іс-шаралар өтіп тұрады.
Хабарландыруларды жіберіп алмаңыз!
GARAGE FEST, @garage.fest
Елорданың барлық шығармашыл жастары жиналатын қалалық жәрмеңке. Мұнда қолдан жасалған сабын немесе майшам сияқты түрлі заттар сатып алуға, сонымен қатар көңіл көтеріп, керемет уақыт өткізуге болады. Әрбір жәрмеңкеде диджейлер өнер көрсетеді. Келесі шара өте жақын арада, 11-12 ақпанда өтеді.
RHYTHM ATELIER, @rhythm_atelier
Астанадағы музыка туралы шығармашылық жоба. Авторлар диджейлер сеттар ойнайтын, қонақтар демалатын іс-шаралар ұйымдастырады және мұның бәрі бейнежазбаға түсіріледі. Ал содан кейін шоу YouTube-те жарияланады.
Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстанның музыка мәдениетін дамыту.
The Wall Space, @thewalls.space
Кез келген іс-шараларға арналған атмосфералық кеңістік. Қазір мұнда кино кештері өтеді. Көрсетілімге қатысу үшін алдын ала билет сатып алу қажет.
«Көктем» дәмханасы, @cafekoktem
Үнді тағамдары, стрит-фуд ұсынылатын қалалық кафе. Вегетариандар үшін үлкен таңдау бар.
Мұнда адам әрқашан көп, мекеме елорданың ырғағында өмір сүреді. Достарыңызбен кездесуге немесе жай ғана ноутбукте жұмыс істеуге болатын орын.
«Целинников» дәмханасы, @cafe_tselinnikov
Байырғы қала тұрғындары жақсы көретін жер. Мекеме 1963 жылдан бері жұмыс істейді.
Мұнда жайлы атмосфера және Астанадағы ең үздік асүйлердің бірі бар. Грузин немесе қазақ тағамдарына тапсырыс бере аласыз.