facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/1da/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/lz0ac40ut7rv5ic47lt9kc689cwjxg38.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
zh-mys-a-s-hbat-rekruter-anday-s-ra-tar-oya-alady-zh-ne-synysty-abyldamas-b-ryn-nen-b-lu-kerek
logo
Жұмысқа сұхбат. Рекрутер қандай сұрақтар қоя алады және ұсынысты қабылдамас бұрын нені білу керек
Әлеуметтік кәсіпкерлік

20.08.2024

Жұмысқа сұхбат. Рекрутер қандай сұрақтар қоя алады және ұсынысты қабылдамас бұрын нені білу керек

Жұмысқа орналасу сұхбаты — жұмысқа орналасу жолындағы ең қиын кезеңдердің бірі. Біз мамандармен сөйлесіп, рекрутерлер мен кандидаттар бір-біріне қандай сұрақтар қоя алатынын және олардың не үшін маңызды екенін анықтадық.


Лаура Кисамеденова, Алматы қаласы, HR-директор, @kilaura22

Лаура Кисамеденова


Өзі туралы

Мен Freedom Holding экожүйесінің бір бөлігі — Freedom Mobile және Freedom Drive компанияларының HR-директорымын. Сүйікті ісіммен айналысамын, менеджерлерге командаларда тиімді болуға көмектесемін. Мен мұны бизнестің сәтті дамуына қолайлы корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін әртүрлі құралдар мен корпоративтік бағдарламалар арқылы жүзеге асырамын. Маған: «Бизнес ең алдымен адамдармен жасалады», — деген нақыл ұнайды.

Адамдарға көмектесу міндетім маған қазіргі кезде бизнес-тренер, тәлімгер, коуч және ментор ретінде жұмыс істейтін басшым Жексен Жалқыбаевтың ұсынысы ретінде келді. Мен мансабымды оқыту және дамыту саласынан бастадым. Кейіннен кадрлық әкімшілік басқару, ұйымдастырушылық дизайн, марапаттауды басқару, корпоративтік

Рекрутер сұхбатта қандай сұрақтар қоя алады

Кандидатқа сұхбатта дұрыс сұрақ қою — шеберліктің өнерге жақын үлкен қабілеті. Сұрақ қою маңызды, өйткені бізге әлеуетті қызметкердің тәжірибесін, оның біліктілігін, компанияның мәдениеті мен құндылықтарына сәйкестігін түсіну маңызды. Бірнеше маңызды сұрақтарды бере отырып олардың не үшін маңызды екенін түсіндіремін.

1. Сіз ерекше мақтан тұтатын жоба немесе міндет туралы айтып бере аласыз ба?

Бұл сұрақ кандидаттың қандай жобаларды маңызды деп санайтынын және оларды сәтті аяқтау үшін қандай дағдыларды қолданғанын түсінуге көмектеседі. Бұл ақпарат оның бастамашылдығын, көшбасшылық қасиеттерін және жауапкершілігін бағалауға мүмкіндік береді.

2. Жұмыс барысында туындаған қақтығыс жағдайы туралы айтып, оны қалай шешкеніңізді бөлісе аласыз ба?

Қақтығыстарды шешу қабілеті — эмоционалды интеллект пен кәсібиліктің маңызды көрсеткіші. Бұл сұрақ кандидаттың әріптестерімен қалай әрекеттесетінін және қиын жағдайлардан қалай шығатынын бағалауға мүмкіндік береді. Бұл сұрақты көбінесе жоғары лауазымдарға үміткерлерге қоямын.

3. Сіз өз уақытыңызды қалай басқарасыз және міндеттерді қалай басымдыққа қоясыз?

Ұйымдастырушылық дағдылар кез келген лауазымдағы тиімді жұмыс үшін маңызды. Бұл сұрақ кандидаттың басымдықтарды қалай дұрыс қоятынын және жұмыс жүктемесін қалай басқаратынын: өзінің және басқарылатын команданың жұмысын түсінуге көмектеседі.

4. Біздің компания немесе өнім сізді несімен қызықтырды?

Бұл сұрақ кандидаттың біздің компаниямен қаншалықты танысқанын, біздің өнімімізді зерттегенін бағалауға мүмкіндік береді. Біз не істейтінімізді қаншалықты жақсы білетінін және ол өз рөлін осы контексте қалай көретінін түсінуге болады.

5. Алдағы уақытта қандай кәсіби дағдыларды және білімдерді жақсартып, дамытқыңыз келеді?

Кандидаттың даму бағытына қаншалықты бағдарланғанын және кәсіби өсуге ұмтылатынын түсіну, сондай-ақ оқыту мен дамуға қатысты компания оның үміттеріне сәйкес келе ала ма екенін бағалау маңызды.

6. Соңғы бір жыл ішінде қандай оқу курсынан өттіңіз?

Кандидаттың өз дамуына қаншалықты проактивті екенін, бәсекеге қабілетті болуға ұмтылатынын және оқытуға дайын екенін түсіну маңызды.

7. Сіз командадағы өзара әрекеттесуді қалай құрастырасыз?

Командада жұмыс істей білу және әртүрлі рөлдерге бейімделу көптеген лауазымдар үшін өте маңызды. Бұл сұрақ кандидаттың басқалармен қалай әрекеттесетінін және командалық жобалардағы рөлін түсінуге көмектеседі.


Гузель Исагулова, Астана қаласы, HR Business Partner, linkedin

Гузель Исагулова


Өзі туралы

Мен мансабымды университеттің соңғы курсында бастаған болатынмын. АҚШ-тың Work&Travel бағдарламасы бойынша Халықаралық бағдарламалар орталығының Ақтөбедегі аймақтық өкілі болып жұмыс істедім. Презентациялар өткізіп, студенттер алдында сөз сөйлеп, бағдарлама туралы айтып бердім және АҚШ-қа баруды жоспарлағандарға көмек көрсеттім. Сол кездің өзінде HR саласында табысты жұмыс істеу үшін қажетті қасиеттерді көрсете бастадым.

Университетті аяқтағаннан кейінгі менің алғашқы сұхбатым кіші кадрларды іріктеу менеджері лауазымына қатысты болды. Ол кезде мен HR дегеннің не екенін білмейтінмін және бұл позициядан бас тарттым. Алайда үш жылдан кейін сол кезде жұмыс істеген компаниямда HR-менеджері болып тағайындалдым.

Бес жыл жұмыс істеп, аудармашыдан бастап кадрлар жөніндегі директордың міндетін атқарушыға дейінгі жолды жүріп өттім. HR үдерістерін нөлден бастап енгіздім, ережелерді әзірлеуге қатыстым, HR конференцияларына қатыстым, ел ішінде оқудан өттім, сондай-ақ жиі Мәскеуге барып тұрдым.

2012 жылы мен жаңа сынақ қабылдап, қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан BI Group компаниясына ауыстым. Осы уақыт ішінде HR-менеджер, аға HR-менеджер, дивизионның HR-директоры және компанияның HR-директоры сияқты әртүрлі лауазымдарды атқардым. Қазіргі уақытта менің қызметім — HR бизнес серіктес.

Халықаралық HR сертификаттарының ішінде менде HRCI-дан CIPD және SPHRi бар. Кез келген сала үнемі дамып отыратынын, күн сайын жаңа өзгерістер мен инновациялар пайда болатынын түсіне отырып, біліктілігімді үнемі арттырып отырамын.

Кандидат сұхбатта қандай сұрақтарды қоюы керек

1. Менің жұмысымның нәтижесі қалай және қандай көрсеткіштермен өлшенеді?

Бұл сұрақ сіздің кез келген жұмыста нәтиженің маңызды екенін түсінетін адам екеніңізді сипаттайды. Бұл сұрақты қою арқылы сізден нақты не күтілетінін және бұл нәтижені қандай көрсеткіштермен өлшейтінін біле аласыз. Бұл ақпарат сізге жұмыс берушінің қалауларына сәйкес нақты мақсаттар мен міндеттерге назар аударуға көмектеседі. Сондай-ақ бұл сіздің күш-жігеріңіздің әділ және объективті бағаланатынына сенімді болуға көмектеседі. Бұл мансаптық өсу мен кәсіби дамудың маңызды факторы.

2. Осы лауазымдағы негізгі міндеттер мен жауапкершіліктер қандай?

Бұл сұрақ сіздің компаниядағы рөліңіз бен күнделікті орындайтын міндеттеріңіз туралы нақты түсінік алуға мүмкіндік береді. Бұл сұрақты қою арқылы сіздің кәсіби мақсаттарыңыз бен амбицияларыңыз ұсынылып отырған лауазыммен қаншалықты сәйкес келетінін бағалай аласыз. Бұл осы жұмыстың тұлғаға қаншалықты сәйкес келетінін және ол мансап жолыңына лайық екенін бірден түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл болашақта түсінбеушілік пен көңіл қалушылықтан аулақ болуға көмектеседі. Сонымен қатар, сіз бен жұмыс беруші арасындағы жақсы өзара түсіністікті қамтамасыз етеді.

3. Компания кәсіби өсу мен дамудың қандай мүмкіндіктерін ұсынады?

Бұл сұрақ компания ішіндегі мансаптық өсу, біліктілікті арттыру және оқыту бағдарламаларының мүмкіндіктерін білуге көмектеседі. Бұл сұрақты қою арқылы сіз ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа жоспарлағаныңызды және ұйыммен бірге дамуды қалайтыныңызды көрсетесіз. Сондай-ақ, бұл сұрақ компанияның сіздің мансаптық амбицияларыңыз бен кәсіби мақсаттарыңызды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды ұсына алатынын бағалауға көмектеседі.

4. Командада немесе жоба бойынша қандай негізгі қиындықтар мен мәселелер бар?

Бұл сұрақты қою арқылы ағымдағы қиындықтар туралы білуге және сіздің тәжірибеңіз бен дағдыларыңыздың осы мәселелерді шешуге қаншалықты сәйкес келетінін бағалауға болады. Осылайша, сіз мүмкін болатын қиындықтарға алдын ала дайындалып, осы лауазымда ең қажет болатын қасиеттер мен құзыреттерді жақсырақ түсіне аласыз.

5. Компанияның алдағы жоспарлары мен мақсаттары қандай?

Бұл сұрақ ізденушінің компанияның болашағына қызығушылығын көрсетеді. Ол ізденушіге өзінің мансаптық мақсаттары мен құндылықтарының ұйымның көзқарасы мен миссиясына қаншалықты сәйкес келетінін бағалауға көмектеседі. Алынған ақпарат сізге осы мақсаттарға жетуге қалай үлес қоса алатыныңызды және компанияның стратегиясын жүзеге асыру барысында кәсіби өсу мүмкіндіктері қалай пайда болатынын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Ерекше топтамалар ұсынатын отандық киім брендтері
Ерекше топтамалар ұсынатын отандық киім брендтері
Brand building бизнесті дамытуға қалай көмектеседі: Сабина Рейнгольд ірі брендтердің тәжірибесі туралы
Brand building бизнесті дамытуға қалай көмектеседі: Сабина Рейнгольд ірі брендтердің тәжірибесі туралы
АҚШ-та бизнесті қалай ашуға болады: виза, салықтар, бизнес-жоспар, айыппұлдар және басқа
АҚШ-та бизнесті қалай ашуға болады: виза, салықтар, бизнес-жоспар, айыппұлдар және басқа
Қазақстанда айыппұлды қалай тексеру және дұрыс төлеу керек
Қазақстанда айыппұлды қалай тексеру және дұрыс төлеу керек
Қазақстанның digital-нарығы қалай дамуда: негізгі трендтер мен перспективалар
Қазақстанның digital-нарығы қалай дамуда: негізгі трендтер мен перспективалар