facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zbekstanda-y-aza-tar-ne-sebept-zhastar-aza-stan-a-k-shk-ler-kelet-n-turaly
logo
Өзбекстандағы қазақтар. Не себепті жастар Қазақстанға көшкілері келетіні туралы

04.06.2018

Өзбекстандағы қазақтар. Не себепті жастар Қазақстанға көшкілері келетіні туралы

Абдиева Сауле, 20 жаста, туған жері — Чирчик, студент


Мен Өзбекстанда туғанымнан тұрамын. Менің туған қалам Ташкент облысында орналасқан. Қазір Астана қаласындағы Медицина университетінің бірінші курсында оқимын.

78700 (1).jpeg

Ташкент облысында қазақтардың саны көп болғандықтан, Өзбекстанда қазақ диаспорасы — улкен. Қалалар мен аудандарда қазақ мектептері бар. Чирчиктің өз басында үш қазақ мектебі бар. Бөлек қазақ ауылдары бар.

Қазақтар барлық жерде қазақтар, олардың еш айырмашылығы жоқ

Салт-дәстүрлер, әрине, сақталады. Ата-бабаларымыздан жеткен барлық салттарды біз ұстанамыз. Олардың орындалуына біз тұратын жердің де әсері бар.

Көбісінде егер адам басқа елде тұрса, ол өзгеше деген стереотип қалыптасады. Бірақ бұл олай емес. Қазақтар барлық жерде қазақтар, қайда болса да олардың еш айырмашылығы жоқ. Оларды олай бөлу дұрыс емес.

Адамдар сенің Өзбекстаннан екенінді білгенде, тарихта болған жағдайларға байланысты олардың көзқарасы бірден өзгереді. Бірақ ешкім не болғанын білмейді, сондықтан қандай да бір нәтиже шығару дұрыс емес.

Өзбекстанда тұратын қазақтар ақкөңіл, ақжарқын және бауырмал


Өзбекстанда тұратын қазақтардың Қазақстанда тұратын қазақтардан ділдерінде, тәрбиесінде және мәдениетінде айырмашылық бар. Өзбекстанда тұратын қазақтар ақкөңіл, ақжарқын және бауырмал.

Өзбекстандық қазақтар тәрбиесімен ерекшеленеді. Қазақстанда тұратын қазақтар оларға қарағанда бостандықты жақсы көреді. Олар еуропалықтарға ұқсайды. Мен олардың кітапқа жазылғандай кейіпте қалып қойды деп айта алмаймын. Өзбекстандық қазақтар қарапайым, жауапкершілігі мол және олар басқаның қайғысына ортақтаса алады.

Чирчикте қазақша ән жазып, қазақша концерт беретін қазақ әншілері бар


Чирчикте қазақша ән жазып, қазақша концерт беретін қазақ әншілері бар. Олар қазақ мәдениетінің бір бөлігі болуға тырысып жүр. Олар қазақша ән айтады, қазақша өмір сүреді, тіпті қазақша тыныс алады.

Мен Қазақстанда жиі болып тұрамын. Әрине, Отаныма оралғым келеді, бірақ бұл арманым жүзеге аса ма, жоқ па, әлі белгісіз. Отбасымыз әлі ойлануда.

Білім грантын алуда қазақ диаспорасының артықшылықтары бар


Білім грантын алуда қазақ диаспорасының артықшылықтары бар. Бұл Қазақстаннан тыс тұратын қазақтар үшін үлкен мүмкіндік. Бұл лайықты білім алып, мемлекеттің бір бөлшегі болуға мүмкіндік береді.

ҚР елшілігі ай сайын жиналыстар, құрылтайлар өткізеді.

Әлеуметтік желіде Қазақстанда бірлесуге көмектесетін Ташкенттен келген қазақтардың тобы бар. Әр қаланың жаңалықтармен бөлісіп, кездесулер ұйымдастыратын өз топтары бар. Астанада, Қарағандыда, Шымкентте, Алматыда, Паводарда бірін-бірі қолдап, тәжірибесімен, кеңестерімен бөлісетін адамдар жиналып тұрады.

Қайда тұратының маңызды емес. Бастысы, сен қазақ болып туылдың.



Уразбек Ташимбетов, 21 жаста, туған жері — Ташкент, студент


Мен Өзбекстанның Ташкент облысында туылдым. Өзбек те, оралман да емеспін. Қазақ екенімді мақтанышпен айта аламын.

IMG-20180520-WA0031.jpg

Өзбекстанда бес миллионға жуық қазақтар тұрып жатыр. Қазір олар нағыз қазақ мәдениетін көрсетіп отыр, себебі салт-дәстүрлерді үзбей сақтап келеді. Мысалы, беташар, тұсаукесер дәл Қазақстандағыдай өтеді. Ал мерекелерде көкпар, қыз қуу секілді ойындарды тамашалауға болады. «Қазақтың тойы бітпесін» деген сөз біздің де тойларда кең қолданылған. Сонымен қатар бізде айтыстар да өтеді. Бізде танымал ақындар, әншілер бар.

«Қазақтың тойы бітпесін» деген сөз біздің де тойларда кең қолданылған


Қазақтың жастары үшін үнемі кездесулер ұйымдастырылады. Негізінен оларға студенттер келеді. Бұл пайдалы әрі қызықты.

Өзбекстанда қазақтар үшін шектеу немесе қысым жоқ. Үкімет қолайлы өмір үшін барлық жағдайлар жасап отырады. Мысалы, тек біздің ауданның өзінде 72 қазақ мектебі бар. Көбісі Қазақстанға жоғары білім алу үшін барып, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларын таңдайды.

Қазақстанға көшу — жоспарымда бар


Өзбекстандағы қазақтар мейірімді және ашық. Бұл жан дүниесі кең адамдар. Көбінесе Өзбекстанда Ұлы жүздің өкілдері тұрады: Жаңбыршы, Дулат, Бессары рулары. Алайда, қазақтар тек қана шекаралас аудандарда тұрмайды, олар елдің басқа да бөліктерінде бар.

Қазақстанға көшу — жоспарымда бар.



Динара Мамышева, 19 жаста, туған жері — Сырдария, студент

234.jpeg

Өзбекстанда туылдым, сондықтан туылған сәтімнен сол жерде тұрамын. 2016 жылы колледж бітіргеннен кейін Шымкентке оқуға бардым.

Өзбекстанда ұлты қазақ достарым көп емес. Алайда мен және отбасым білетін қазақтар салт-дәстүрлерді сақтанады. Сонымен қатар біз туған тілімізді жақсы білеміз.

Алайда мен және отбасым білетін қазақтар салт-дәстүрлерді сақтанады


Бірақ өзбек мәдениеті әсер тигізетінін теріске шығаруға болмайды. Дегенмен, тұратын жерге бағынышты кездер де бар. Мысалы, Өзбекстанда тұратын барлық қазақтар қазақ тілін жетік біледі және әдет-ғұрыптар мен істерді қатаң салт-дәстүр бойынша жасайды деп ойламаймын. Кейбіреулері тіпті өзбек салттарына алмасып, туған тілдерін ұмытып жатыр.

Болашақта Қазақстанға көшкім келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.