Өзбекстанда уақыт өткізуге, денсаулықты нығайтуға және тауда демалуға арналған жерлер туралы айтамыз
Hilton Tashkent City
Қаласы: Ташкент
Елордада Hilton ірі халықаралық желісінің қонақ үйі орналасқан. Қонақтарға арналған SPA-орталық, жаттығу залы мен бассейн, қалаға тамаша көрініс ашылатын терраса, банкеттерге арналған конференц-зал бар.
«Сихатгох» шипажайы
Қаласы: Ташкент
Демалуға және денсаулықты нығайтуға арналған шипажай. Емделушілер су мен тұзды процедурамен, инемен емделуге және массаж сеанстарына қол жеткізе алады.
Hyatt Regency Tashkent
Қаласы: Ташкент
Елорданың орталығында орналасқан бес жұлдызды қонақ-үйде жайлы демалысқа керектінің бәрі бар. Екі мейрамхана мен әртүрлі әлем тағамдары бар лаунж-бар да бар.
Hampton by Hilton
Қаласы: Ташкент
Халықаралық қонақ үй елорда орталығында орналасқан. Мұнда бизнес-орталық, бар және фитнес-орталық жұмыс жасайды.
Wyndham Tashkent
Қаласы: Ташкент
Халықаралық деңгейдегі бес жұлдызды қонақ үй. Қонақтарға жабық және ашық бассейн, фитнес-орталық пен сауна ұсынады.
Courtyard by Marriott Tashkent
Қаласы: Ташкент
Қонақ үй фитнес-орталық, бассейн, бес конференц-зал, лобби-бар, лаунж-бар және террасасы бар мейрамханамен жабдықталған.
Sahid Zarafshon
Қаласы: Бұқара
Бұқара орталығында орналасқан төрт жұлдызды қонақ үй. Фитнес-орталық, бақ, терраса мен лаундж-бар бар.
DiliMah Premium Luxury
Қаласы: Самарқанд
Қонақ үй ескі қаланың жанында және танымал жерлердің қасындағы теміржол вокзалының маңында орналасқан. Сауна, бассейн және фитнес-орталығы бар
«Чорток» шипажайы
Наманған облысы, Шортоқ ауданында орналасқан
Шортоқ-Сай өлкесіндегі курорт. Емдеуде йодты-бромды минералды сулар, гальваникалық-балшықты қолданылады.
Sayyod Yurt Camp
Қаласы: Саят кенті
Нұрата тауларында орналасқан кемпинг және демалу орны. Қаланың күйбең тіршілігінен демалуға арналған таптырмас жер. Олар киіз үй, тауға жорық, бассейнде жүзуді ұсынады. Жақын жерде Тұзқан көлі бар.
Jipek Joli Inn
Қаласы: Нүкіс
Комплекс қала орталығында, бірақ қаланың шуынан алыс жерде орналасқан. Заманауи қонақ үйде дәстүрлі стильдегі бөлмелер бар.