Ринат Абдрахманов, @lbank_

Ринат Абдрахманов — медиасуретші. 2011 жылдан бері цифрлық өнермен айналысады. Виртауалды кеңістікте күрделі үшөлшемді призмаларда суды модельдеу арқылы инсталляциялар, мүсіндер жасайды.
Ғайша Маданова, @gaishamadanova

Ғайша Маданова — суретші, арт-менеджер, куратор. Artpologist халықаралық өнер ұйымының негізін салушылардың бірі. ALUAN заманауи өнер туралы алғашқы қазақстандық тұжырымдамалық журналдың негізін салушы және бас редакторы. Оның жұмыстары Әзірбайжан, Италия, АҚШ, Ресей елдерінде көрмеге қойылған.
Анвар Мусрепов, @anvarmusrepov

Анвар Мусрепов — Алматыдан шыққан суретші. Өзінің жұмыстарында цифрлық технологияларды қолданады. Шығармашылық қызметінен бөлек кураторлықпен айналысады. Вена, Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Бішкек қалаларындағы көрмелерге қатысқан.
Бахтияр Беркин және Мика Барни, @bberkin1, @mika_barny

Алматыдан шыққан фотосуретшілер. Дуэт сюрреальды декорацияларды пайдалана отырып, шығармашылықпен айналысады. Көптеген байқаулардың қатысушылары мен жеңімпаздары. Жұмыстары халықаралық журналдарда жарияланған.
Әйгерім Оспан, @aygerrro

Әйгерім Оспан — мультимедиалық суретші. Инсталляциялармен, бейнеарт және кескіндеме өнерімен айналысады. Көптеген көрмелерге, жобаларға және шеберлік кластарға қатысқан.
Меруерт Кунакова, @meruertkunakova

Меруерт Кунакова — суретші, кескіндеме өнерімен айналысады, мүсіндер жасайды. Leaving the ordinary жұмысында суретші XIX ғасырдың баспа процесі – цианотипия техникасымен эксперименттер жасайды.