Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/115/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/115c2c2e10699403b27f90169125cc8a.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
zamanaui-aza-standy-tar-a-arnal-an-otandy-ki-m-brendter
Заманауи қазақстандықтарға арналған отандық киім брендтері
248

28.06.2020

Заманауи қазақстандықтарға арналған отандық киім брендтері

Salta, @salta.addict


Salta (2).jpg

Salta брендінің негізін салушы Салтанат Баймұхамедова. Қазақстандық дизайнердің алғашқы топтамасының көрсетілімі 2008 жылы Парижде өткен болатын, кейін бірнеше рет Kazakhstan Fashion Week-ке де қатысқан. Брендке тән стиль – минимализм, қарапайым пішін және еркіндік. Сол себепті бренд қалада тұратын заманауи жастар мен әйелдердің сұранысына ие.


Assel, @assel_official


Assel.jpg

Әсел Нүсіпқожанова — жас дизайнер, Institute Marangoni оқу орнының түлегі, Vika Gazinskaya және Dsquared2 сән үйлерінде тағылымдамадан өткен. Әселді Орта Азияның мәдениеті шабыттандырады – оның топтамаларында ұлттық ою-өрнектер мен құрақ тігісін байқауға болады. Сонымен қатар бұл өзгешелік заманауи стильмен үйлестіріліп ұсынылады.


MANDARIN NARBAYEVA, @mandarin_narbayeva


Mandarin.jpg

Мадина Нарбаева — суретші. 2014 жылы анасымен бірге Open Way жас дизайнерлер байқауына қатысқаннан кейін, MANDARIN NARBAYEVA брендінің негізін салды.

Киім тігуде көбінесе knitwear – трикотажды қолданады. Брендтің басты мақсаты — тоқыма киімді жаңа қырынан көрсету. Негізгі басымдықтар минимализмге, ыңғайлылыққа және табиғи маталарға беріледі.


Bibotta, @ bibotta_


Bibotta (2).jpg

Bibotta брендінің негізін салушы – Бота Бақытжан. Дизайнер Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, Қазақстан сән апталығы ұйымдастырған Open Way финалисі.

Бота көбінесе Ninety One және жалпы Juz Entertainment әртістерімен жұмыс жасайды. Сонымен қатар әдеттен тыс, жарқын стильді ұнататын заманауи жастар үшін киім тігеді.


AiSho, @aisho_atelier_


AiSho.jpg

AiSho жас қазақстандық брендтің негізін салушылар – апалы-сіңлі Айман Орынбасарова мен Шолпан Нұрмұхамбетова. Қазақстандық қыздар мен әйелдер осы брендтің пәлте, тренч пен костюмдерін сапасы, ыңғайлылығы және бірегейлілігі үшін ұнатады. Дизайнерлер 1980-жылдардағы сәннен шабыт алады. Айман мен Шолпан тек табиғи маталарды қолданады және классикалық стиль мен casual-ды үйлестіре біледі.


BotAya, @botaya


Botaya.jpg

BotAya қазақстандық киім брендінің негізін салған апалы-сіңлі Айя және Бота Қырғызбаевалар. Олар өздерінің топтамаларында табиғи материалдар мен кесте, пэчворк, макраме, керамика және экопринт – қол жұмысының элементтерін қолданады.


Shoqan, @shoqansuits


Shoqan.jpg

Ер адамдарға арналған қазақстандық костюмдер брендінің негізін салған Ұлықбек Шәріпов пен Нұрсұлтан Магзумов. Олардың дүкендерінде костюм, жейде, галстук, аяқ киім – толық киім жиынтығын алуға болады. Сапасы шетелдік брендтерден кем түспейді, маталар Қытайдан әкелінеді, ал аяқ киім Гонконгта тігіледі.

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.