Ерлан Күмісқалиев
Ерлан Күмісқалиев — «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестіктің төрағасы, бас миының және жұлынның зақымдануы бар балаларды қолдау орталығының жетекшісі. Сал ауруы бар балаларды оңалтумен айналысады, әрбір мұқтаж балаға көмектесуге тырысады.
Арман Хайруллин
Арман Хайруллин — қоғам қайраткері, экологияны қорғаумен және экология саласы бойынша халықты ақпараттандырумен айналысады.
Әзілхан Байбатыров
Әзілхан Байбатыров — қоқысты жинаумен және оны қайта өндірумен айналысатын «Эко Пластик» ЖШС негізін салушы және жетекшісі. Қоршаған ортаны сақтаумен және саналы түрде қоқысты бөліп жинауды насихаттаумен айналысады.
Олжас Сұлтанов
Олжас Сұлтанов — қоғам қайраткері, «Келешек Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қала өмірінің дамуына үлес қосады, қаланы жақсарту бойынша жеке жобалары бар, сенім жүктелген тұлға ретінде халықтың пікірін мемлекеттік құрылымдарға жеткізеді.
Ануар Жұмабай
Ануар Жұмабай — «Сармат» көшбасшылық академиясының жетекшісі, Ретропарктің директоры. Балаларды заманауи дағдыларға үйретеді және адамдарды қала өмірінің процесіне тартады.
Гүлсина Байкенова-Чуканбаева
Гүлсина Байкенова-Чуканбаева — «Балет Атырау» алғашқы балет студиясының негізін салушы және директоры, балет өнерін қарапайым адамдар мен қала тұрғындарына жақын етеді.
Арман Қасымов
Арман Қасымов — құралдарды жасап шығаратын компанияның директоры. Өзінің бос уақытында жедел жәрдемге көмектеседі, алғашқы санитар-еріктілердің бірі болып табылады, өзінің үлгісімен еріктілік қозғалысты бастады.
Абай Әміров
Абай Әміров — EVENT GROUP ATYRAU ивент-агенттігінің ортақ құрылтайшысы, қаладағы ең ірі іс-шараларды ұйымдастырады, қалалық event бизнесін дамытады.
Рүстем Сапаров
Рүстем Сапаров — Lango тілдік мектебінің негізін салушы, ағылшын тілін оқытады, бизнес бойынша шеберлік кластар өткізеді.
Рафаэль Слекенов
Рафаэль Слекенов — суретші, Tengri art заманауи өнер галереясының иесі, көркемөнер әлемін қаланың әрбір тұрғынына қолжетімді етеді.
Материалды жасауға көмектескен Лунара Рыспайға, Тамила Разметоваға, Арыстан Нұрышевқа алғысымызды білдіреміз.
Суреттің дереккөзі: @abunasyrakimov