Darrem атымен танымал Дармұхамед Ерімбетов мансап жолының қалай басталғанын және қайда жоғалып кеткенін айтып берді, сондай-ақ тыңдармандарына қандай жаңалық дайындап жатқанымен бөлісті.
Дармұхамед Ерімбетов, 26 жаста, қаласы — Алматы, музыкант, @darremind
Бәрі қалай басталды
Мен 1997 жылы қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келдім. Ал жетінші сыныптан бері Алматыда тұрып келемін. KIMEP-те маркетолог мамандығында оқыдым, бірақ оқуымды аяқтамадым. Музыкантпын, ән жазамын, орындаймын.
Менің сахналық атым Darrem. Бастапқыда мен Darik деген атты таңдаған едім, себебі мені жақындарым осылай атайтын. Бірақ мұндай бүркеншік ат тым қарапайым болып көрінді де, әбден басымды қатырып, ребрендинг жасағым келді. Бір күні әпкем Darren деген атты көріп қалып, көріп, соңғы әріпті «М» әрпіне ауыстыруды ұсынды.
Алғашқы әнімді 14 жасымда жаздым
Алғашқы «әнімді» 14 жасымда жаздым. Ол кезде бауырларыммен бірге Ыстықкөлде демалып жатқанмын. Шабыттанып, балалық махаббат туралы мәтін жаздым да, оны жақындарыма көрсеттім, ал олар мені қолдай кетті. Өткенге көз жүгіртсем, бұл мәтіндерде ешқандай идея, ой болмағанын түсінемін. Кейінірек, тәжірибе мен арман-мақсатымның арқасында мен жақсырақ жаза бастадым.
Мен «Новый год» әнінен кейін танымал бола бастадым. Трек «Ирина Қайратовнаның» жаңа жылдық шығарылымында орындалып, желіде кеңінен тарады. Әнді 2018 жылдың жазында жазған едім. Шындығында, бұл мандарин мен апельсин туралы жаңа жылдық ән емес, жыл сайын алдыңызға қандай да бір мақсаттар қойып, соған жетуіңіз туралы. Сол кезде менің бір үлкен арманым бар еді, ол жартылай орындалды.
Шығармашылық пен шабыт туралы
Менде бір стиль жоқ. Жалпы, мен поп жазамын, бірақ хип-хоп пен фанктың дыбысталуы да бар. Өзім тыңдар едім деген туындылар жазамын. Маған тұрақты дыбысталуды ұстанған ұнайды.
Мен әндерді қашанда әртүрлі жазамын. Бұрындары компьютердің алдында отырып, биттерді іздеп, ең танымалын сатып алатынмын. Қазір битті өзім шығарып, оған ән мәтінін жазамын. Кейде гитарада дыңылдатып, әуендер ойнаймын.
Жалпы, шабыт дегенге сенбеймін, бірақ кейде еш қиналмай жаза салатын ерекше күндер болады. Бұл қандай да бір ағын, толқын дер едім.
Менің музыкам уақыт өте келе дамыды
Менің музыкам уақыт өте келе дамыды. Мен дамыдым, басқа тақырыптарда ән жаздым. Бірақ адамдар мұны менің ақымақтығым мен немқұрайлылығымнан көрмеді. «А» нүктесінен «Б» нүктесіне дейінгі аралықта, яғни ән жазу мен оның релизі арасында коллапс орын алатын. Мен тректер жазатынмын, бірақ оларды шығармайтын едім. 2020 жылы бәрі құлдырап, мен музыка жазуды мүлдем қойдым. Содан бері осы күйден ақырындап шығып, бірте-бірте ашылып келемін.
Әндерімнің ішінен тыңдарманның назарын аударатындары ұнайды: «Пьяный молодой», «Новый год». Бірақ танымал бола алмағандары да бар. Мысалы, «Мили миллионы», «Причинять тебе боль», «Там где».
Концерттер кезінде адамдар әндеріңді сенімен бірге айтқан кездер керемет сезім сыйлайды. «Пьяный молодой» әнін орындап жатқан кезде көпшілік секіріп, шаң көтеріліп, ештеңе көрінбей қалған сәт болды. Міне, маған сондай есте қаларлық сәттер қатты ұнайды.
Ағымдағы іс-шаралар мен жоспарлары туралы
Қазір ерекше сезімдемін. Себебі өзімнің ең жақсы нұсқам болуға тырысып жүрмін.
Ақыл-кеңес
Ешқашан өзіңе күмәнданба және тек алға ұмтыл. Өйткені өзіңе сенбесең, саған ешкім де сенбейді.
Музыкант болғандықтан, жұмыстың жүрмейтін кездері де болады. Бұл өзіңді жеңіп, үнемі тәжірибе жинақтау керек дегенді білдіреді. Өзіңнен басқа ешкімге жағуға тырыспа. Өз жолыңнан таймасаң, тыңдаушың да табылады.
Ешқашан өзіңе күмәнданба және тек алға ұмтыл
Адамдардың басында жақсы ойлар көбірек болса екен деймін. Негативтің шырмауына түсіп қалмау керек.