«Қызыл Тан» маталар үйі
Фотоның дерек көзі: brod.kz
Ғимарат жүз жылдан астам уақыт тұр, бұрын бай көпеске тиесілі болды. Оның сәулетшісі сол дәуірдің көптеген белгілі қала ғимараттарын жасаушы — Гурдэ болды. 1982 жылдан бастап үй Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енді. Верный және кеңес дәуірлеріндегідей қазір ғимаратта маталар саудасы жүргізілуде.
Мекен-жайы: Уалиханов көшесі, 45
Панфилов атындағы № 54 мектеп-гиназия
Мектеп 1938 жылы Ленин ауданында ашылды. Мектеп базасында соғыс жылдары госпиталь ұйымдастырылды, ал бір жылдан кейін мектепке Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфиловтың есімі берілді. Қаланың беделді мектептерінің бірі болып саналады.
Мекен-жайы: Жібек жолы көшесі, 73
Вознесенский шіркеуі
Ежелгі сәулет ескерткіші, шіркеу — әлемнің ең биік ағаш шіркеулерінің бірі. Құрылыс 1904 жылы басталды. Ол ағаш бөлшектерден тұрғызылып, күшті жер сілкінісін бастан кешірді. Әр түрлі уақытта шіркеу ғимаратында орталық мұражай, түрлі қоғамдық ұйымдар орналасқан, ал бірінші радиохабарлар кезінде қоңырауды антенна астына пайдаланған. 1995 жылы қайта жөндеуден кейін ғибадатханада тағы да қызмет ете бастады.
Мекен-жайы: Гоголь көшесі, 40в, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы
«Алматы» қонақ үйі
Қонақ үй 1962 жылы салынды. Жоба авторлары — атақты сәулетшілер Рипинский, Картаси, Коссов және Чиркин. Қонақ үй бірден қаладағы ең танымал орын болды. Оған қоса суреттер карточкаларда, ашық хаттарда және басқа да кәдесый өнімдерінде басылып шығарылды. 1992 жылдың сәуірінде қонақ үй ғимараты жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.
Мекен-жайы: Қабанбай батыр көшесі, 85
Алматы почтамты
Ғимарат 1931 жылы бұрынғы Казак алаңында Астананы Алматыға көшіргеннен кейін Үкімет ғимараттарының бір бөлігі ретінде салынған. Ғимараттың бірінші атауы – «Байланыс үйі». Оның ерекше және тарихи ерекшелігі — сәулетшілер конструктивизм стилін таңдады. «Байланыс үйінде» поштамт, телеграф, телетайп, халықаралық және қалалық телефондар орналасқан.
Бөгенбай батыр көшесіндегі үй
Киров-Зенков көшесіндегі үй 1918 жылы пайдалануға берілді. Алматылықтар оны «Лауреатник» деп атайды, өйткені үйде Эйзенштейн, Орлов және Александров, Ладынина, Раневская және басқа да кеңес кинематографтарының жұлдыздары тұрған.
Мекен-жайы: Зенков көшесі, 36 / Бөгенбай батыр көшесі, 81
Алматы тарихының мұражайы
1879 жылдан бастап ғимаратта түрлі мекемелер болды: Халық Комиссарлары Кеңесі, балалар клиникалық ауруханасы, қалалық медициналық училище, ол колледж болып қайта құрылды — бұл республикадағы алғашқы медициналық колледж.
Мекен-жайы: Қабанбай батыр көшесі, 132
Халық музыкалық аспаптар мұражайы
Мұражай 1980 жылы салынған, ал ғимараттың өзін 1908 жылы сәулетші Зенковтың еңбегңмен салынды. Құрылыс ағаштан тұрғызылды, ал безендіруде қазақтың ұлттық өрнектері қолданылды.
Мекен-жайы: Зенков көшесі, 24а
Республикалық кітап мұражайы
Қазақстанның әдебиет және кітап шығару тарихы мұражайы нан өнімдері министрлігінің бұрынғы ғимаратында орналасқан. Ғимарат 1936 жылы салынған.
Мекен-жайы: Қонаев көшесі, 120
Көпес Шахворостовтың тұрған үйі
Ғимарат XIX ғасырдың соңында Верный көпес Шахворостовтар отбасының тапсырысы бойынша модерн стилінде салынған. Құрылыстың ерекшелігі — тянь-Шань шыршасынан бір қабатты ағаш сруб.
Мекен-жайы: Назарбаев даңғылы, 99
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының ғимараты
Фотоның дерек көзі: 2gis.kz
Ғимарат 1948 жылы атақты сәулетші Щусевтің жобасы бойынша салынған. Сәулет стилінің ерекшелігі — ұлттық ою-өрнекпен біріктірілген классика. 40 жылдан бері Республикалық маңызы бар сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне кіреді. Қазір мұнда ежелгі және ірі ғылыми кітапхана, Зоология институтының Табиғат мұражайы орналасқан.
Мекен-жайы: Шевченко көшесі, 28