facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
yz-kel-nshekterge-arnal-an-b-l-m-beru-ba-darlamalary-men-sh-k-rta-ylar-bakalavriat-magistratura-mba
logo
Қыз-келіншектерге арналған білім беру бағдарламалары мен шәкіртақылар: бакалавриат, магистратура, MBA

16.07.2022

Қыз-келіншектерге арналған білім беру бағдарламалары мен шәкіртақылар: бакалавриат, магистратура, MBA

Қыз-келіншектерді қолдап технология, қаржы, бизнес саласында дүние жүзіндегі университеттерде білім алуға шәкіртақы беріледі.


АҚШ-тағы қыз-келіншектерге арналған AAUW халықаралық шәкіртақысы

AAUW – бұл АҚШ азаматтары болып табылмайтын магистратурада, аспирантурада және докторантурада оқитын қыз-келіншектерге арналған шәкіртақы.

Бұл шәкіртақы 1917 жылдан бері тағайындалып келеді. Тағайындалу кезінде азаматтық, қоғамдық және кәсіби қызмет арқылы қыз-келіншектердің жағдайын жақсарту үшін жұмыс жасайтын әйел кісілерге артықшылық беріледі.

Дедлайн: 2022 жыл, қараша айы

Шәкіртақының ішіне:

— 18 000 доллардан 30 000 доллар аралығындағы грант кіреді.

Талаптары:

— АҚШ азаматы болып табылмайтын қыз-келіншектер

— бакалавр дәрежесі

— ағылшын тілін жетік меңгеру.

Толығырақ сілтеме бойынша.

woman



IMD-ден МВА дәрежесін алу үшін қыз-келіншектерге арналған шәкіртақы

IMD — бұл басқарушылық дамудың халықаралық институты — Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан бизнес-мектеп. MBA бағдарламасында қыз-келіншектерді оқытуға демеушілік етудің бірнеше нұсқаларын ұсынады.

Дедлайн: бағдарламаға байланысты

Шәкіртақының ішіне:

— 25 000 франкке дейін грант кіреді.

Талаптары:

— дамушы елдердің әйел азаматтары

— MBA бағдарламасының күндізгі бөліміне түсу

— өтініш толтыру және эссе жазу.

Толығырақ сілтеме бойынша.


FINCAD қаржы саласындағы қыз-келіншектерге арналған шәкіртақы

«Қаржыдағы қыз-келіншектер» шәкіртақысы қаржы саласында мансап құратын дарынды қыз-келіншектерді көтермелеуге және қолдауға бағытталған.

Жыл сайын бір әйел кісіге аспирантурада оқу үшін 20 000$ сыйлық беріледі.

Дедлайн: 2022 жылы өтініш беру мерзімі кейінірек жарияланады

Шәкіртақының ішіне:

— 20 000$ шәкіртақы.

Талаптары:

— қаржы саласында аспирантурада оқу

— қажетті құжаттар тізімін ұсыну.

Толығырақ сілтеме бойынша.

образование


Schlumberger Қорының шәкіртақысы

Schlumberger қоры – бұл ғылыми-техникалық білім беруді қолдайтын коммерциялық емес ұйым. Шәкіртақы қыз-келіншектерге STEM-білім алуға көмектесуге бағытталған.

Дедлайн: 2022 жыл, 8 қыркүйектен 5 қарашаға дейін

Шәкіртақының ішіне:

— докторантура бағдарламасы үшін жылына 50 000$ және аспирантура үшін жылына 40 000$ грант кіреді.

Талаптары:

— шетелде университетке қабылдануы

— жақсы академиялық үлгерімі болуы

— көшбасшылық қасиеттерді көрсету, қоғамдық іспен айналысуы

— оқуды аяқтағаннан кейін туған еліне оралу.

Толығырақ сілтеме бойынша.

стипендии для женщин



Орталық Азиядан шыққан менеджер немесе кәсіпкер әйел кісілер үшін CEU Executive MBA шәкіртақысы

CEU Executive MBA — өз дағдыларын операциялық басқарудан стратегиялық көшбасшылыққа дейін жетілдіргісі келетін Орталық Азияның тәжірибелі менеджерлері үшін құрылған бағдарлама.

Дедлайн: 2022 жыл, наурыз айы

Шәкіртақының ішіне:

— жеңімпаз бағдарлама бойынша оқу шығынын өтеуге 95%-ға дейінгі жеңілдік алады.

Талаптары:

— сегіз жылдан астам кәсіби тәжірибе

— бакалавр дәрежесі немесе кәсіби біліктілік

— салауатты мансап

— EMBA-ға қызығушылықты түсіндіретін ілеспе хат

— ағылшын тілін жетік білу

— қайтарылмайтын ақы 30 евро.

Толығырақ сілтеме бойынша.


Houzz шәкіртақысы

Бұл – сәулет, тұрғын үй дизайны, тұрақты дизайн және құрылысты басқару саласындағы 17 жастан асқан қыз-келіншектерге арналған шәкіртақы. Мұнда бес бағдарлама бар:

— Women in Architecture Scholarship

— Residential Design Scholarship

— Sustainable Residential Design Scholarship

— Residential Construction Management Scholarship

— Skilled Trades Residential Construction Scholarship.

Дедлайн: 2022 жыл, наурыз айы

Шәкіртақының ішіне:

— 2500$ шәкіртақы кіреді.

Талаптары:

— аталған бағыттардың бірі бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алу ниеті

— 17 жастан жоғары болуы

— білім, мансап мақсаттары туралы сауалнаманы толтыру.

Толығырақ сілтеме бойынша.

гранты для женщин

Кристиана Нюсляйн-Фольхард атындағы қордың әйел-аспиранттарға арналған шәкіртақысы


Кристиана Нюсляйн-Фольхард қоры қыз-келіншектерге дүниеге бала әкелгеннен кейін ғылыми мансабын жалғастыруға көмектеседі.

Қаражат – үй шаруашылығына, бала күтушісін жалдауға, тұрмыстық техниканы сатып алуға, яғни ғалым-ананың өмірін жеңілдететін заттарға бөлінеді.

Дедлайн: 2022 жыл, 31 желтоқсан

Шәкіртақының ішіне:

— ай сайын 200-400 евро.

Талаптары:

— балалар балабақшаға баруы керек немесе күні бойы күтушінің қамқорлығында болуы керек

— жұбайы бала күтіміне байланысты демалыста болмауы тиіс

— аспирантура немесе Postdoc жобасы неміс университетінде өтуі керек

— аспирантураға түсу кезінде ғалым 28 жастан аспауы керек, Postdoc бағдарламасы басталған кезде — 32 жылдан аспауы керек.

Толығырақ сілтеме бойынша.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді
«НЗМ» Басқарма Төрағасы болашақ мұғалімдер мен табысты адамның дағдылары туралы
«НЗМ» Басқарма Төрағасы болашақ мұғалімдер мен табысты адамның дағдылары туралы
Қандай елдер қазақстандық білім беру үшін бағдар бола алады. Болашақта өздерін табу үшін, балаларға не үйрету керек
Қандай елдер қазақстандық білім беру үшін бағдар бола алады. Болашақта өздерін табу үшін, балаларға не үйрету керек
Әкелер мен балалар. Ата-аналармен қарым-қатынас туралы 8 кітап
Әкелер мен балалар. Ата-аналармен қарым-қатынас туралы 8 кітап
Лаура Вайгорова Қазақстандағы білім беру жүйесінің неге түбегейлі өзгерістерді талап ететіндігі туралы
Лаура Вайгорова Қазақстандағы білім беру жүйесінің неге түбегейлі өзгерістерді талап ететіндігі туралы