Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/dd3/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/dd3f52f08d1fad1b33184a26c3580ddf.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

ЮНЕСКО-ның мұра тізіміне енгізілген, Қазақстанның таңғажайып орындары
29580

12.02.2020

ЮНЕСКО-ның мұра тізіміне енгізілген, Қазақстанның таңғажайып орындары

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі


mavzolei.jpeg

Орналасқан жері: Түркістан қаласы

ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген жылы: 2003

Кесенедегі ескерткіш ақын және уағызшы Қожа Ахмет Ясауиге тиесілі. «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени мұражай-қорығының аумағындағы орталық нысан.

Кесене Орталық Азиядағы ең үлкен кірпіш күмбездерінің бірі бар.

Бұл кесененің басты көрікті орындарының бірі — тай қазан — шығыс мұсылман әлемі бойынша суға арналған ең үлкен тостаған.


Тамғалы археологиялық ландшафты петроглифтері


petroglify.jpeg

Орналасқан жері: Алматы облысы

ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген жылы: 2004

Тамғалы петроглифтерін 1957 жылы А. Г. Максимова анықтаған. Тамғалы петроглифтері — үлкен көркем құндылығы бар ең маңызды қайнар көз. Қола дәуірінің суреттері үлкендігімен ерекшеленеді, орташа 25-30 см, кейде 60-70 см мен 1м-ге дейін барады.

Жабайы бұқалар, жылқылар, құландар, бұғылар, қабандар мен қасқырлар сияқты жануарлармен қатар репертуарда фантастикалық антропоморфтық кейіпкерлер кездеседі.

Қола дәуіріндегі Тамғалы петроглифтерінің көбісі Орталық Азияның жартас өнерінде бірегей ерекшелігі бар.


СарыарқаСолтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері


saryarka.jpeg

Фотоның дерек көзі: caa-network.org

Орналасқан жері: Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары

ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген жылы: 2008

Нысан Қазақстанның дала аймағында орналасқан екі қорықтан тұрады — Қорғалжын және Наурызым, жалпы ауданы 450 344 гектарды құрайды. Су айырығында орналасқан, солтүстікке қарай Арктикаға және оңтүстікке қарай Арал — Ертіс бассейніне өзендерді бөліп тұратын, тұщы және тұзды суы бар көлдердің екі тобын қамтиды.


Чанъань-Тянь-Шань дәлізіндегі Ұлы Жібек жолының нысандары


shelkovyiput.png

Фотоның дерек көзі: ru.unesco.org

Орналасқан жері: Алматы, Жамбыл облыстары

ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген жылы: 2014

Қазақстандық сегіз нысан Ұлы Жібек жолының бір бөлігі ретінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне кіреді. Сондай-ақ жобаға Қытай мен Қырғызстанның нысандары да енді, жалпы нысандар саны — 33.

Қазақстандық нысандар: Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген және Талғар қалашықтары, Жамбыл облысындағы Ақтөбе, Степнинское, Ақыртас, Құлан, Қостөбе және Өрнек қалашықтары.


Батыс Тянь-Шань


zapadnyityanshan.jpeg

Фотоның деерк көзі: inform.kz

Орналасқан жері: Түркістан, Жамбыл облыстары

ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген жылы: 2016

Батыс Тянь-Шань — Тянь-Шань тау жүйесінің бір бөлігі. Әлемдегі ең ірі тау тізбектерінің бірі. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан аумағында орналасқан.

Қазақстаннан: Қаратау қорығы, Ақсу-Жабағылы қорығы, Сайрам-Өгем ұлттық паркі кіреді.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу