Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/e4b/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/e4b1bd08eba3e03ee05818a6229170cd.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енген Қазақстанның ғажайып жерлері
3181

31.01.2023

ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енген Қазақстанның ғажайып жерлері

ЮНЕСКО-ның әлемді мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы археологиялық ландшафтысының петроглифтері және Қазақстанның басқа да нысандары.


Қожа Ахмет Ясауи кесенесі


келеен


Орналасқан жері: Түркістан қаласы


ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енген жылы: 2003

Ақын, сопы, Арыстанбабтың шәкірті Қожа Ахмет Ясауи бейітіндегі кесене. «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени мұражай-қорығы аумағындағы орталық нысан.

Кесенеде Орталық Азиядағы кірпіштен қаланған ең үлкен күмбездердің бірі бар.

Бұл кесененің басты көріктілігі — тайқазан. Ол Шығыс мұсылман әлеміндегі ең үлкен су құйылатын ыдыс саналады.


Тамғалы археологиялық ландшафтысының петроглифтері


тамгалы

Орналасқан жері: Алматы облысы


ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енген жылы: 2004

Тамғалы петроглифтерін 1957 жылы А.Г. Максимова тапқан болатын. Таңбалы петроглифтері — көркемдік құндылығы маңызды мұралардың бірі. Қола дәуірінің суреттері көлемі жағынан ерекшеленеді, орташа көлемі 25-30 см, кейде 60-70 см және 1 м-ге дейін жетеді. Жабайы бұқа, жылқы, құлан, бұғы, қабан және қасқырлардың суретімен қатар қиял-ғажайып антропоморфты кейіпкерлер, қолдары майысқан, аң терісін жамылған құбыжықтар және т.б. кездеседі. Қола дәуіріндегі Таңбалы петроглифтерінің көпшілігі Орталық Азияның жартас өнерінде ерекше орын алады.


Сарыарқа – Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері


север

Орналасқан жері: Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары


ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енген жылы: 2008

Нысан Қазақстанның далалық аймағында орналасқан Қорғалжын және Наурызым қорықтарынан тұрады. Жалпы ауданы 450 344 га. Оған суы тұщы және тұзды көлдер кіреді. Бұл көлдер солтүстіктен Арктикаға және оңтүстіктен Арал-Ертіс алабына ағатын өзендерді бөліп тұратын су айрығында орналасқан.


Чанъань-Тянь-Шань дәлізіндегі Ұлы Жібек жолының нысандары


горы

Орналасқан жері: Алматы, Жамбыл облыстары


ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енген жылы: 2014

Қазақстанның сегіз нысаны Ұлы Жібек жолының бөлігі ретінде ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енген. Жобаға Қытай мен Қырғызстандағы нысандар да кіреді, барлығы 33 нысан.

Қазақстаннан: Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген және Талғар елді мекендері, Жамбыл облысындағы Ақтөбе, Степнинское, Ақыртас, Құлан, Қостөбе және Өрнек елді мекендері кіреді.


Батыс Тянь-Шань


горы

Орналасқан жері: Түркістан, Жамбыл облыстары


ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енген жылы: 2016

Батыс Тянь-Шань — әлемдегі ең үлкен тау жоталарының бірі саналатын Тянь-Шань тау жүйесінің бір бөлігі. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан территорияларында орналасқан.

Қазақстаннан: Қаратау қорығы, Ақсу-Жабағылы қорығы, Сайрам-Өгем ұлттық саябағы кіреді.
Меню

Істер

Қала 24

Шолу