Вайнер Жеңіс Омаровтың Zheka`s Doner House
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай көшесі, 34 / Алтынсарин, 87 / Әуезов көшесі, 171 / Панфилов көшесі, 113 / «Апорт» / MegaPark / AsiaPark / Астана қаласы, Кенесары даңғылы, 43
Жұмыс кестесі: 24/7 / 10:00 — 02:00 / 11:00 — 03:00 / 24/7 / 10:00 — 23:00 / 10:00 — 23:00 / 10:00 — 24:00 / 11.00 — 03.00
Орташа чек: 1500 тг
Фирмалық тағам: Жеканың сүйікті пиццасы
Орын туралы
Zheka`s Doner House — үлкен танымалдылыққа ие жедел тамақтану мейрамханасы. Атауына қарамастан мұнда тек донер ғана емес, сондай-ақ бургер, салат, кәуап, өзбек палауы және тәтті пиццадан дәм татуға болады.
Дәл қазір Instagram әлеуметтік желідегі Zheka`s Doner Houseпарақшасында 30 тамызға дейін созылатын жазылмандар арасында байқау жарияланды. Қатысушылар 3 жүлделі орынға күресе алады, ал жеңімпаз 300 мың теңге көлемінде ақшалай ұтыс алып, Жеканың өзімен кешкі ас немесе бизнес-таңғы асқа ие бола алады.
Байланыс нөмірі: 8 775 225 80 09
Yuframe вайнерлер командасының Yuframe Burger
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 150 / Globus СО/ ADK СОО / Панфилов, 92
Жұмыс кестесі: 11:00 — 01:00 / 11:00 — 23:00 / 10:00 — 22:00 / 12:00 — 02:00
Орташа чек: 2500 тг
Фирмалық тағам: бургер
Орын туралы
Yuframe Burger — миллиондаған қазақстандықтардың жүректерін жаулап алуға үлгерген танымал әрі жас вайнерлер командасының тағы бір жобасы.
«Дұрыс бургерлер орнында» шырынды бургерлерден, фри картоптарынан, дәмді десерттерден және салқындатқыш сусындардан ләззат алуға болады.
Әр бейсенбі сайын мұнда сағат 23:00-ден 01:00-ге дейін бүкіл ас үй 580 теңге тұратын«Тамаққа тою түні» акциясы өткізіледі.
Байланыс нөмірі: 8 705 666 67 75, 8 705 666 67 55
Адина Топашеваның «В гостях у Адины» наубайханасы
Мекен-жайы:Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 113, Байтұрсынов көшесінің бұрышы
Жұмыс кестесі: 10:00 — 01:00
Орташа чек: 1000-1500 тг
Фирмалық тағам: гонконг вафлилары
Орын туралы
Орынның негізі — француз круассандарынан бастап таңдауыңыз бойынша салындысы бар нәзік құймақпен аяқталатынжаңа пісірілген нан өнімдері. Бұдан басқа наубайханада таңғы ас, хош иісті сорпа, салат, лимонад және балмұздақтан дәм тата аласыз.
«В гостях у Адины» үнемі тиімді акциялар өткізіп тұрады. Мәселен, жақында ғана тиімді акция бастау алды, енді күн сайын 20:00-ден кейін мұнда бүкіл тәтті нам өнімдеріне 50% жеңілдік көрсетілген.
Байланыс нөмірі: 8 7272 207 780
Вайнер Нұрлан Батыровтың Batyroff Burger
Мекен-жайы:Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 113/56, Гоголь көшесінің бұрышы
Жұмыс кестесі:12:00-ден 02:00-ге дейін
Орташа чек: 3000 тг
Фирмалық тағам: Батыр бургері
Орын туралы
Batyroff Burger— шырынды бургер мен дәмді салқындатқыш сусындардан дәм татып, тыныш әрі жылы шырайлы атмосфераға бөлендіретін мінсіз орын.
Сондай-ақ, ассортиментке балғын салаттар, авторлық лимонадтар, дәмді десерттер және жақын уақыттан бастап балалар мәзірі енгізілген.
Күн сайын Batyroff Burger әрқайсысыңызды жағымды таңғалдыратын түрлі акциялар өтіп тұрады.
Байланыс нөмірі: 8 777 555 77 99
Вайнер Темірхан Асылбековтың TerriTima Cafe
Мекен-жайы: Астана қаласы, Момышұлы даңғылы, 19
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері — 12:00 — 00:00, ЖМ-СБ 12:00 — 02:00, ЖБ 12:00 — 00:00
Орташа чек: 790 тг
Фирмалық тағам: донер
Орын туралы
TerriTima дәмханасында жалғыз және достарыңызбен жеңіл тамақтануға болады. Мұнда дәмді пицца, донер, ыстық хот-дог, бургер және таңдауыңыз бойынша салаттардан дәм тата аласыз.
Сондай-ақ, мәзірде ыстық сусындар, коктейль және десерттер ұсынылған.
Байланыс нөмірі: 8 747 501 50 00