facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/iblock/9f6/9f6bca9e72743fc419be1da6509514cd.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
ytayda-y-aza-tar-zhastardy-teg-n-b-l-m-aluy-zh-ne-tabysty-mansap-ruy
logo
Қытайдағы қазақтар. Жастардың тегін білім алуы және табысты мансап құруы

27.07.2020

Қытайдағы қазақтар. Жастардың тегін білім алуы және табысты мансап құруы

Әнел Тұңғышбай, қаласы — Шанхай, Logistics Plus Inc. компаниясында Business Development Associate


Анель Тунгышбай.jpeg

Көшуі жайында


Мен 2015 жылы КИМЭП университетінде бакалавр дәрежесіне ие болдым. Банкте жұмыс істедім, бірақ алдағы уақытта кәсіби тұрғыдан өсу үшін магистр дәрежесі қажет екенін түсіндім. 2016 жылдың басында Қытай үкіметі гранттарға конкурс жариялады және мен құжаттарымды жинап, өтінім бердім. Маусым айында Шанхай қаласындағы университеттердің бірінде оқу грантына ие болдым және күзде осында көшіп келдім.

Көшкен кезде қиындықтар болған жоқ, себебі виза, баспана, ай сайынғы шығындар грант есебінен өтелді. Сол кезде Шанхайда тұрған отандастарым үлкен қолдау көрсетті. Тек тіл мәселесі қиындық туғызды. Жергілікті адамдардың барлығы дерлік ағылшын тілін қолданбайды, сол себепті университетте қытай тілінің курстарын өттім.

Қытай – өзіндік өмір ырғағы мен мәдениеті бар ерекше әлем. Қытайлық менталитетке, ылғалды климатқа, тағамға және үлкен қашықтықтарға үйренуге тура келді. Бірақ жергілікті тұрғындар шетелдіктерді жылы қабылдайды, әрқашан көмек көрсетуге дайын тұрады.

Қытай – өзіндік өмір ырғағы мен мәдениеті бар ерекше әлем


Осында көшіп келу үшін өзгерістер мен жаңа нәрселерге ашық болу, барлығын challenge ретінде қабылдау керек.

Қытайдағы қазақтар


Қытайда Қазақстаннан келген студенттер көп. Әрбір ірі қаласында отандастарды кездестіруге болады. Қытайда ҚР Елшілігінің қолдауымен Kazakhstan Student Association in China жұмыс істейді. Қауымдастықтың мүшелері бірге жиналып, мейрамдар өткізеді, концерттер ұйымдастырады. Достарым осы ұйымның белсенді мүшелері.

казахи в Китае_1.jpeg

Бізде профильді чаттар бар, сол жерде әрқайсысы көмек сұрап немесе көмек ұсына алады. Қытайдағы отандастарымыз мейірімділік танытады, ешқашан қиын жағдайда қалдырмайды.

Қызметі жайында


Қытайдағы алғашқы жұмысым – халықаралық деңгейде химикалық қоспалар саудасымен айналысатын канадалық компаниядағы тағылымгер. Бұл қарапайым, әрі қызықты жұмыс болды. Ең бастысы – жаңа дағдыларды тез игеру және алға қойылған міндеттерге жауапкершілікпен қарау, жобаларда бастамашылық таныту.

работе в Китае.jpeg

Міндеттеріме логистика мамандарымен жұмыс жасау, бағаларды және жеткізу шарттарын келісу жататын. Логистикалық компаниялармен тығыз жұмыс істегендіктен, серіктестердің бірі басқа жұмыс ұсынды. Бүгінгі қызметім – Logistics Plus China branch компаниясында Business Development Associate.

Басты міндетім – сатуды арттыру және әртүрлі елдерде жаңа мүмкіндіктерді ұсыну. Сату тәжірибесі, коммуникативтік дағдылар, шет тілдерін білу, сондай-ақ маркетинг саласындағы білім қажет.

Жоспарлар жайында


Белсенді түрде жұмыспен айналысу, кәсіпкер ретінде дамып, еуропалық серіктестермен бірге бизнес ашу жоспары бар.


Дамир Қадыров, 27 жаста, қаласы — Шанхай, халықаралық сату жөніндегі менеджер, @damirkadiroff


Дамир Кадиров.jpeg

Көшуі жайында


ЕНУ-да бакалавриаттың соңғы курсында Қытай үкіметінің грантымен магистратура бағдарламасы бойынша Шанхай қаласына оқуға түсу мүмкіндігі жайында білдім. Құжаттарымды тапсырдым және осында тұрып жатқаныма алты жыл болды.

Көшкен кезде қиындықтар көп болды: өзге ел, мәдениет және тіл, ерекше тағам. Шанхай субтропиктік белдеуде орналасқандықтан, климаты үйреншіксіз: жазда ыстық, ал қыста жылу берілмейді, суығы қатты сезіледі.

Көшуге алдын-ала дайындалған жоқ едім, сол себепті қытай тілінде бір де бір сөзді және жергілікті халықтың мәдениеті жайында ештеңе білген жоқпын. Барлығын жаңадан үйрене бастадым, бастапқы кезде мәдени есеңде болдым. Бейімделуге жарты жылдай уақыт кетті.

казахи в Шанхае_1.jpeg

Тамақ жеуге арналған таяқшаларды пайдалануға, сондай-ақ қытайлықтардың шулы болып келетіндеріне үйренуге тура келді. Сонымен қатар қытай тілінде сөйлесуге және жергілікті менталитетті түсіну қажет болды.

Қытайдағы қазақтар жайында


Отандастарымыздың басым бөлігі Қытайға оқу үшін келеді. Кейін жұмысқа орналасып немесе жеке компания құрып, осында қалады.

Отандастарымыздың басым бөлігі Қытайға оқу үшін келеді


Қазақстандық студенттердің Қытайда жеке қауымдастықтары бар. Көбінесе олар қызығушылықтар бойынша жиналады. Карантинге дейін біз бос уақытымызда футбол ойнаумен әуестендік. Біреуге қолдау қажет болып жатса, мүмкіндігімізше көмектесуге тырысамыз.

Қызметі жайында


Мен жұмыс істеген алғашқы жер – логистика саласындағы ірі ұлттық қытай компаниясы. Атауы әсерлі естілгенімен, жұмысым қызықсыз болды.

Бүгінде мен тамақ индустриясына қатысты кешенді дәрі-дәрмектерді өндіріп жеткізетін Ace Ingredients қытай биотехнологиялық компаниясында сату жөніндегі менеджер болып жұмыс істеймін. Қазақстан және ТМД елдеріндегі нарық үшін жауап беремін.

Дамир, Шанхай.jpeg

Осы жұмысты маған LinkedIn арқылы ұсынды. Сұхбаттың үш деңгейінен өттім. Оқу кезіндегі үздік көрсеткіштер және бірнеше тілдерді білуім, ірі логистикалық компаниядағы тәжірибем, сату саласындағы тәжірибем және жаңашылдыққа ашық болуым көмектесті деп ойлаймын.

Бос уақытымда Шанхайдағы алдыңғы қатарлы Toastmasters Club – Shanghai Leadership Toastmasters Club кездесулеріне барып жүремін. Сол жерде көпшілік алдында сөйлеу және көшбасшылық дағдыларымды жақсартамын. Өткен жылы Vice President of Education, кейін клубтың президенті болдым. Осы жылы Area Director атандым – бірнеше клубтардың жұмысына жауап беремін. Әртүрлі адамдармен араласуды ұнатамын.

Сонымен қатар «Скажи «Да» миру» YouTube-арнасын жүргіземін. Адамдарға пайдалы ақпарат беріп, позитивті өзгерістерге шабыттандыруды қалаймын.

Жоспарлар жайында


Халықаралық сату және business development саласында кәсіби маман болуды қалаймын.


Мархабат Маман Оспанқұлов, 26 жаста, қаласы — Хайнин, операциялық менеджер, @ospankulovm


Мархабат Маман Оспанкулов.jpeg

Көшуі жайында


Қытайға 2011 жылы көшіп келдім. Бакалавриат пен магистратураны осында бітірдім. Жеті жыл Шанхайда тұрдым, ал соңғы екі жыл Хайнин қаласында тұрып жатырмын. Досым жергілікті компанияда жұмыс істеуді ұсынды, содан жұбайым екеуміз көшіп келдік.

Көшкен кезде қиындықтар туындаған жоқ. Хайнин Шанхайға жақын орналасқан, бірақ қаланың аумағы әлдеқайда кішкентай – халқының саны миллионға жетеді. Көшелерінде адамдар аз, ешкім ешқайда асықпайды – осыған үйренуге тура келді. Сондай-ақ, шетелдіктер де аз кездесетіні үйреншіксіз. Енді көбінесе жергілікті тұрғындармен араласамыз.

Қытайға көшіп келудің ең жақсы себебі – оқу. Қытайда магистр дәрежесіне ие болу үшін гранттар көп бөлінеді. Сонымен қатар бизнес ашуға немесе жұмыс табуға болады. Көбісі аудармашылықпен айналысатынын байқадым – бұл ақша табуға және болашақ жобалар үшін болашақ клиенттерді іздеуге көмектеседі. Сондай-ақ, компанияда менеджер қызметін атқаруға болады. Осылайша клиенттерді іздеумен қатар жергілікті нарықта жұмыс тәжірибесін жинауға болады.

Қытайдағы қазақтар жайында


Хайнинде қазақтар аз. Бірақ Қазақстаннан келген әріптестерім бар. Отандастарым негізінен Урумчи, Шанхай, Пекин, Гуанчжоу қалаларында тұрады.

Басқа елдегі жақын адамдарың – сенің отандастарың


Студенттік кезде KSAC қазақстандық ұйымда мүше болдым. Басқа қалалардан келген жастармен танысып, бір-бірімзбен араласатынмыз. Жыл сайын Қытайдың әртүрлі қалаларындағы студенттік ұйымдармен жиналып, Құрылтай ұйымдастыратынбыз.

Шанхай, Пекин, Гуанчжоу қалаларында тұратын отандастарыммен араласамын. Қажет болған жағдайда, бір-бірімізге көмектесуге тырысамыз. Шетелде достардың қолдауынсыз өміс сүру қиын, басқа елдегі жақын адамдарың – сенің отандастарың.

Қызметі жайында


Шанхайда әртүрлі елдерден кәсіпкерлер келіп жиналатын көрмелер өтеді. Сонымен қатар бұл қала – көптеген фабрикалар мен өндірістердің орталығы. Қытайдағы алғашқы қосымша жұмысым – қытай тілінен орыс тіліне аудармашы қызметі еді. Кейін менеджер ретінде екі қытай компаниясында жұмыс істедім. Бірақ қызметкерлерге деген қатынас ұнаған жоқ.

Кешке дейін жұмыс істеуге тура келетін, себебі нәтижесі емес, қанша сағат жұмыс істегенің маңызды. Сол себепті 2017 жылы досым өзінің серіктесімен жеке компания ашып, мені жұмысқа шақырды. Осы салада досымды тәлімгер ретінде қабылдап, нарық және сараптама бойынша тәжірибе жинау мүмкіндігін қарастырдым. Бүгінде мен компанияның серіктесі болып табыламын.

Мархабат,Китай.jpeg

Біз жиһазға арналған маталарды экспорттаумен айналысамыз. Ресей, Украина, Қырғызстан, Иран, Түркия, сондай-ақ Бельгия, Германия, Голландия, Польша, Катар елдерімен жұмыс жасаймыз. Жақында Сауд Арабияда клиенттер табылды. Перделерге арналған маталар жасап шығару бағытын дамытып жатырмыз, сондай-ақ кілемдер, киімдер салаларын да игерудеміз.

Жаңа компания құрудың бір бөлшегі болу мен үшін маңызды. Бұны ойын, әрі сынақ ретінде қабылдаймын. Достарымызбен команда ретінде бизнес құрып жатқанымыз қуантады.

Жоспарлар жайында


Қытайда тәжірибе және қаржылық капитал жинап, Қазақстанға немесе басқа елге көшу жоспарым бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі