facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ytayda-y-aza-tar-ne-sebept-ytay-otbasysynda-y-er-adam-eshte-e-sheshe-almaydy-zh-ne-kompaniyada-zhal-yz-aza-bolu-turaly
logo
Қытайдағы қазақтар: не себепті Қытай отбасысындағы ер адам ештеңе шеше алмайды және компанияда жалғыз қазақ болу туралы

02.10.2018

Қытайдағы қазақтар: не себепті Қытай отбасысындағы ер адам ештеңе шеше алмайды және компанияда жалғыз қазақ болу туралы

Алдияр Жумажанов, 25 жаста, туған жері — Алматы, MECHANIST GAMES ойын компаниясының қызметкері



Алматы — Сямынь



Алматыда туып өстім, бірақ соңғы сегіз жыл Қытайда оқып, жұмыс істеп, өмір сүремін.

394

Қытай туралы алғаш рет Джеки Чан қатысуымен өткен фильмді көрген кезде білдім. Бала кезімде Қытайға бір рет болсын баруды армандайтынмын. Тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде Қытайға барып, сол елдің тілін, мәдениетін және тарихын меңгеретінімді шештім.

Сол себепті 2010 жылы оқуымды аяқтаған соң Қытайға, Сымянь қаласына бардым.



Бірінші әсер мен қиындықтар туралы



Ең бірінші әсерлерім — жоғары ылғалдылық, әдемі табиғат және мейірімді әрі ақкөңіл адамдар. Мені таңғалдырағаны мұнда қыс болмайды, қар жоқ, ал шөп қазан айына дейін жап-жасыл күйін сақтап тұрады.

405

Қытайға келгенімде жасым 17 болды және бастапқыда жергілікті ас үй маған ерекше болып көрінді. Әрине, қытайлықтардың шыбын-шіркейлерді жейтіні аңыз, бірақ бұған қарамастан жергілікті тағамға үйрену қажет болды.

Алғашқы жарты жыл бойы оқу қиын болды, өйткені қытай тілі ағылшын, испан, түрік тілдері секілді емес. Қытай тілін меңгерудің жалғыз шешімі — өздігіңнен 3000-5000 иероглифті жаттап алу. Жалпы Қытайда жақсы өмір сүру үшін 4000 иероглифті білу жеткілікті.



Қытайдағы өмір сүру ерекшеліктері туралы



Сымянь қаласы алты дистриктке бөлінген, ірі аудандардың бірі — бұл арал және мен дәл осы арал бөлігінде жұмыс істеп, өмір сүремін. Бұл жердің климаты тропикалық, тіпті қыркүйекте мұндағы ауа температурасы күндіз 35, ал түнде 28 градус. Оған қоса жоғары ылғалдылық —80%-дан 130%-ға дейін. Менің қаламдағы қыс мезгілі Алматыдағы кеш келген көктемге ұқсайды, қалған үш маусымда аптап ыстық.

304

Қазақстан мен Қытайдағы өмір ерекшеленеді. Бүкіл Қытай таңғы бесте оянады, қытайлықтар еңбекқорлығымен, ынталарымен, шыдамдылықтарымен өзгешеленеді. Қытайдағы адамдар аса дарынды болмаса да, өте жігерлі және мақсатқа бағытталған, үлкен нәтижелерге қол жеткізе алады. «Сабыр түбі — сары алтын» мақаласы қытайлықтарға арналған деп айтуға болады.

Біздің менталитетіміз әртүрлі. Байқағаным кәдімгі қытай отбасысындағы ер адам ештеңе шеше алмайды. Ол киім жуып, тамақ дайындап, үй жинауы мүмкін, ал әйелі бұл уақытта дүкен аралап жүре алады. Отбасының барлық қаржылық мәселелерін әйелінің анасы шешеді, өйткені мұнда ер адам әйел отбасысының бір бөлігіне айналады.

Қазақстандағы таныстарымның арасында Қытайда барлығы арзан туралы аңыз таралған. Бұл жалған, Қытайда өмір сүру Қазақстанға қарағанда әлдеқайда жоғары, алайда мұндағы жалақы мөлшері жоғары. Мегаполистердегі жалақының орташа мөлшері 500-700 доллар , ал орташадан жоғарысы 1000-3000 доллар.

Қытайдағы адамдар аса дарынды болмаса да, өте жігерлі және мақсатқа бағытталған, үлкен нәтижелерге қол жеткізе алады


2005 жылдан бастап Қытайдағы барлық жолдар неміс сапасына сай етіп салына бастады. Сондай-ақ, мұнда жол апатынан мерт болу деңгейі төмен. Қытайдағы көлікті қолдану мерзімі бес-алты жылмен шектеледі, мұнда алты жылдан үлкен көлікті кездестіре алмайсыз. Бұдан кейін көлік пайдасыз болып қалады, өйткені Қытайда транспорт салықтары жоғары. Ал Қазақстанда 20 жылдан да жоғары көліктерді жолықтыруға болады.

Қытайда университеттегі достарым көп. Негізінен олар Нидерланд, Украина, Чехия, Нигерия, Оңтүстік Кореядан келген шетелдік достарым, әлі күнге дейін жақсы қарым-қатынастарымызды қолдап тұруға тырысамыз. Сонымен қатар, Қытайда қазақстандықтар да көп. Әр провинцияда, әр қалада қазақты кездестіруге болады, олар бизнеспен айналысады, саяхаттайды немесе оқиды.



Оқу мен жұмыс туралы



Келген бетте бір жыл бойы тілді меңгердім, кейін Пекин университетіне түсіп, қытай тілін оқуды жалғастырдым. Содан соң мұнай инженериясының бакалавриатын оқып, MIB — Master of international business магистратурасын аяқтадым. Барлық жерде грантта оқыдым, өйткені сабақ үлгерімім жақсы болды. Оқу кезінде оны кейін ірі China daily news ғаламтор-баспасына шығарған Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы туралы экономикалық аналитикалық мақала жаздым.

image-03-05-18-08-08.jpeg

Ең бірінші қызметім 2013 жылы басталды, ол кезде досым Игорь екеуміз аяқ киім сатуды шештік. Зауыт бағасымен бір контейнер спорт аяқкиімдерін сатып алып, оларды түрлі дүкендерге тараттық. Аяқ киімдер бір ай ішінде таралды. Табысты бөліп, студент болғандығымыздан ақшаны әркім өз қажетіне жұмсады. Айфон сатып алып, киім алып, осы ақшаға төрт ай бойы өмір сүрдік.

2014 жылы басқа іске ақша салғымыз келді, бірақ құнсыздану болып, жолымыз болмады.

Қазір смартфондарға ойын жасайтын компанияда жұмыс істеймін, техникалық қолдаумен және маркетингпен айналысамын, өнімнің ТМД нарығында дамуы мен жарнамасына жауап беремін.

Ойын компаниясына кенеттен түскен жоқпын, өзімді осы салада көремін. Менің ойымша, бүгінгі күні телефон — жай ғана аксессуар емес, адам өмірінің басты элементі. Сондықтан смартфондарға ойын әзірлейтін компаниялардың келешегі бар.

586

Таңдауым Mechanist Games компаниясына түсті. Бұл компанияда көптеген шетелдіктер жұмыс істейді: американдықтар, нидерландықтар, түріктер, мароккандықтар, алайда мен жалғыз қазақпын. Біздің компания City of Steam: Arkadia, Heroes of Skyrealm, «Великий Султан» сынды ойындармен танымал, олардың қазір 2 000 000 астам жүктеулері бар, ал пікір деңгейі — 4,5.

Компанияда ресейлік нарықтың дамуына және орысша сөйлейтін елдер нарығына жауап беремін. Мен компанияда ресейлік ойыншылар нарығы, маркетинг және реклама бойынша техникалық қолдаудың басшысымын.



Қала қалай әсер еткені туралы



Қытайдағы сегіз жыл ішінде мен өзгердім. Мұнда 17 жасар жігіт болып келдім, білім алып, қытай тілін, бірнеше диалектті және ағылшын тілін меңгердім. Жоспарымда испан және түрік тілдерін үйрену бар.

Қытайлықтардан үйренгенім — Work hard play hard


Айналаңда ғаламшардың жартысы тыным таппай жұмыс істеп жатқанын көргенде, өзің де еріксіз жұмыс істей бастайсың.

Қытайлықтардан үйренгенім — Work hard play hard.



Жоспарлар туралы



Қазақстан — менің Отаным, достарым мен туыстарым тұратын үйім. Қайтып келгім келеді, бірақ алдымен өзімді маман және тұлға ретінде толығымен дамытуды қалаймын.

Кездесіп жүрген қызым бар, ол да Қазақстаннан келген, басқа компанияда жұмыс істейді. Бірге дамып, жоспарлар құрып, жарқын болашағымызға бірге сенеміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея