facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ytayda-y-aza-tar-indira-k-mekbaeva-shanhaydy-bas-a-ayma-tardan-erekshelenet-n-zh-ne-ytayly-tardy-tez-bayityndary-zhayynda
logo
Қытайдағы қазақтар. Индира Көмекбаева Шанхайдың басқа аймақтардан ерекшеленетіні және қытайлықтардың тез байитындары жайында

07.05.2019

Қытайдағы қазақтар. Индира Көмекбаева Шанхайдың басқа аймақтардан ерекшеленетіні және қытайлықтардың тез байитындары жайында

Индира Көмекбаева, 30 жаста, туған қаласы — Арқалық, йога-индустрияның маманы: йога-сурет, йога-шараларын ұйымдастыру, йога-маттар бренді


Көшуі жайында


Мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша оқыған кезде, алғаш рет құрбыммен Қытайға бардым. Біз оқыған екінші тіл – қытай тілі болатын. Құрбым бір жылға Сиань қаласындағы жатақһанада тұрып, жылына мың доллар төлейтін бағдарлама туралы айтып берді. Бұның өзінде бағдарлама Қазақстандағы оқуды тастамауға мүмкіндік береді – сессияларға барып тұруға болатын. 2005 жылы біз бір оқу жылына Сиань қаласына кеттік.

жёлтые горы зимой.jpg

2007 жылы мен университетті бітірдім және жұмыс бойынша Қытайға барып жүрдім. 2009 жылы магистратура бағдарламасы бойынша оқуға түсуді шешіп, Шанхай қаласын таңдадым.

Магистратура кезіндегі мамандығым «халықаралық сауда» деп аталды. Оқу Тунцзи Университетінде қытай тілінде өтті.


Алғашқы әсер


Алғашқы әсерге 13 жыл бұрын ие болдым. Бұл топтық сапар еді. біз көп болдық және Алматыдан Үрімшіге дейін поезбен жол жүрдік.

Қытайдың көшелерінде, дәмханаларында, вокзалдарында адамдардың көптігі бірден көзге түсті. Қытайлықтар ұрысып жатқандай қатты сөйлеседі.

чунцин.jpg

Шанхай — бұл келген шетелдіктер ғашық болатын халықаралық қала. Бұл зәулім үйлердің қаласы. Жас кезінде Шанхайға келген кезде, алдыңнан көп түнгі клубтардың есіктері ашылады, жарқыраған шамдарды және шетелдіктерге, сәнқойларға көзің түседі. Ол Қытайдың басқа өңірлерінен қатты ерекшеленеді – бұл басқа қала. Шанхай «тым шетелдік қала».

Мен бүкіл дерлік Қытайды айналып өттім және барлық жерлер әртүрлі. Басқа аймақтар да өзгеше тамақпен немесе табиғатпен ерекшеленеді.

Яншо-одно их самых любимых мест в Китае.jpg


Сычуань - родина панд и острой кухни.jpg


Адамдар жайында


Жергілікті шанхайлықтар басқа қытайлықтардан ерекшеленеді, олар әлдеқайда тәрбиелі болып келеді. Олар көлікпен жүрген кезде, жаяу жүргінші жолдағы адамдарды өткізеді. Метрода алдымен басқа адамдарға шығуға мүмкіндік береді, кейін өздері шығады. Бұл қарапайым нәрелер сияқты, бірақ басқа аймақтардағы қытайлықтар және басқа жақтан келушілер олай әрекет етпейді.

Шанхай.jpg

Шанхайлық ер адамдар әйелдері мен балаларын жоғары қояды. Олар үй бойынша көмектеседі, балалармен айналысады.


Өмірдің ерекшеліктері жайында


Бүкіл Қытайға қарағанда Шанхайда тұру қымбатқа түседі. Тұрғын үй, көлік – барлығы қымбаттырақ болады, бірақ жалақылар да басқа аймақтарға қарағанда жоғарырақ. Өткен жылы Шанхайдағы орташа жалақы 1500 долларды қамтыды.

Таксиге кететін бағаларды айтсақ, сапардың құны бір-екі мыңды қамтиды. Астанада бір бөлмелі пәтерді 100 мың теңгеге жалдауға болады, осында адамдар бірігіп жалдайды және әрбір адам айына 100 мың теңге жұмсайды.

Азық-түліктер де Қазақстанға қарағанда қымбаттырақ. Бұның себебі – біз үйренген азық-түліктер осында импорттық болып табылады, сол себепті азық-түлік себеті қымбатқа шығады. Мысалы, бз алатын макарондардың өзі осында Түркиядан, Италиядан әкелінеді, сол себепті 400-500 грамм көлеміндегі қаптама кем дегенде 700-800 теңге тұрады.

популярное в Гонконге димсам место и традиционный чай с молоком.jpg


Медицина жайында


Медицина да өзгеше. Қытайда барлық нәрселер екі түрге бөлінеді: дәстүрлі және еуропалық. Тіпті егер замнауи, таза, үлкен ауруханадағы еуропалық білімі бар дәрігерке барсаң, ол қандай да бір қытайлық дәріні жазып бере алады.

Қытайлық дәстүрлі медицина өте қымбат


Дәрігер дәріні жазып бере алады, ал кассада бұл қытайлық дәрінің құны 500 долларға шығуы мүмкін.

Қытайлық ауруханалардың жүйесі осындай – ауруханаға келген кезде, алдымен дәрігерге өтетін нөмір үшін төлейсің. Кейін дәрігердің қабылдауына барасыз, одан кейін ол анализдердің тізімін жазып береді. Бұдан кейін қайтадан кассаға барып, анализдердің тізімі үшін ақша төлейсіз. Анализдердің барлық нәтижелері дайын болған кезде, қайтадан дәрігерге барасыз. Сізге дәрі-дәрмектердің тізімі беріледі. Кассада дәрі-дәрмектердің атаулары түсіндіріліп беріледі.

Шөптерді жазып берудің алдын алу үшін, дәрігерге тек қана еуропалық дәрі-дәрмектерді, яғни белгілі дәрілер мен антибиотиктерді қажет ететініңіз жйаында алдын-ала айту керек.

Сонымен қатар дәрігерге барған кезде, қытайлықтар есіктің артында тұрып, күтіп отырады. Олар кабинеттің өзінде сіздің артыңызда тұрып, күтеді. Және олардың тұруы дәрігерге байланысты емес. Қандай дәрігерде болмасаңыз да, олар міндетті түрде кабинетке кіреді. Егер кезегіңізді есіктің сыртында күтсеңіз, қытайлықтар сізді елемейді – олар алдыңыздан өтіп, кабинетке кіреді де, күтіп тұрады.

Артықшылықтар жайында айтсақ, анализдер материалды жинағаннан кейін жарты сағат немесе бір сағаттың ішінде бірден беріледі. Басқа бір зертханаға барып, нәтижелерді бірнеше күн күтудің қажеті жоқ.


Жұмыс жайында


Бастапқыда мен әйелдер киімін шығаратын ресейлік компанияда жұмыс істедім. Кейін - дизайнмен айналысатын мәскеулік компанияның кеңсесінде істедім, мен Қытайдағы жиһазды таңдап берумен айналыстым. Бұл ТМД елдерінен шыққан, қытай тілінде сөйлесе алатын және фабрикалармен, клиенттермен жұмыс істей алатын адамдар үшін кеңге таралған қызметтер.

Төрт жыл бұрын мен тұрмысқа шықтым және менің күйеуім йога саласында жұмыс істейді, мен де бұл салаға ауыстым. Фрилансер ретінде йога-суретпен айналысамын, йога-маттарды жасаймын, аштанг-ивенттерді, Шарат Джойстың Қытайға келуін ұйымдастырамын. Бірақ соңғысы – хобби ретінде қабылданады.


IMG_8860.jpg


Йога жайында


Қытай өте тез дамиды.


Барлық қытайлықтар қаржы жағынан тез және айтарлықтай байиды, сол себепті осындағы қызмет көрсету салалары да тез қарқынмен дамиды


10-13 жыл бұрын йога жеке бизнес ретінде қалыптасты. Қытайда үлкен йога-студиялары бар, оларға мүше ретінде ену үшін жылына 1500-2000 доллар төлеу қажет. Олардың мүшелері көп, сол себепті йога-орталықтар әрдайым ашылып отырады. Сонымен қатар бүкіл әлем бойынша йога ұстаздары шақырылатын іс-шаралар өткізіледі. Бұл бес-жеті күнге созылатын воркшоптар болуы мүмкін.

Өзінің іс-шараларын өткізетін алуан түрлі ірі компаниялар бар. Шанхай өте үлкен қала және ұсыныстар көп. Бізде, мысалы, йоганың халықаралық күні бар. Бұл күнде осы саламен байланысқан барлық дерлік компаниялар мыңдаған қатысушыларды қамти алатын әртүрлі іс-шараларды өткізеді. Және барлығы бір күнде, бірақ қаланың әртүрлі бөлігінде өтетінін атап өткен жөн.

Сонымен қатар осында йога-желілер бар. Олар да өздерінің шараларын алаңдарда өткізеді және олардың қатысушылары бірнеше жүздеген адамға жетеді.

Біз күйеуімізбен бірнеше жылдар бойы дәстүрлі түрде аштан-йоганың танымал ұстазы болып табылатын Шарат Джойстың воркшоптарын өткіземіз. Бұл шараларда әрқашан жүздеген қатысушылар болады және бұған қарамастан қатысудың құны арзан емес. Бұндай танымалдылық Шанхайға келетін американдық және еуропалық ұстаздарда да бар.

половина участников воркшопа Шарата Джойса в Шанхае в ноябре 2017.JPG


Қаланың берген мүмкіндіктері


Шанхай, сөзсіз, мені өзгертті. Мен халықаралық мәдениетке жақынырақ бола бастадым. Әртүрлі елдердегі адамдармен оңайырақ араласа бастадым. Сонымен қатар Шанхайда тілдің қолданысы жақсы дамиды. Шанхайда тек қана қытай тілі қолданылатынына қарамастан, іс жүзінде ағылшын тілі әрқашан қажет болады, себебі осында шетелдіктер көп.

на Великой китайской стене во время визита братишки.jpg


Жоспарлар жайында


Біз қай жерге көшетінімізді әлі шешкен жоқпыз, бірақ кәрілікті осында өткізбейтінімізді нақты білеміз. Менің күйеуім Қазақстанның азаматы емес. Біз Қазақстанда пәтер сатып алдық, бірақ осында көшеміз деген сенімділік жоқ. Қытайда жақсы ұсыныстар бар болғанша, осында тұрамыз.

аштанга гуруджи Шарат Джойс во время приезда в Шанхай.JPG

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар
Хеопс пирамидасы. Әлем ғажайыптарының біріне апаратын жолсерік
Хеопс пирамидасы. Әлем ғажайыптарының біріне апаратын жолсерік
Индонезияға виза: Балиде саяхаттау үшін нені білу керек
Индонезияға виза: Балиде саяхаттау үшін нені білу керек
2024 жылы қайда бару керек: танымал саяхат бағыттары
2024 жылы қайда бару керек: танымал саяхат бағыттары
Венгрия, Грузия және БАӘ: шетелге алғашқы сапар үшін ең жақсы 3 ел
Венгрия, Грузия және БАӘ: шетелге алғашқы сапар үшін ең жақсы 3 ел