Мультфильмді Бейжіңдегі қазақстандық дипломаттар мен ұлттық компания қызметкерлерінің балалары тамашалады. Ұйымдастырушылар отанынан жырақта жүрген жас өрендер ана тілі мен мәдениетінен алшақтамас үшін жыл сайын желтоқсанда осындай шара өткізіп тұратынын айтады.
Мультфильм басталмас бұрын бүлдіршіндер «Қазақстан», «Туған жер», «Президент» туралы өлең-жырлар оқыды. Отан туралы мақал-мәтелдер айтты. Жалпы жыл сайын Бейжіңде Тұңғыш Президент күні мен тәуелсіздік мерекесіне орай патриоттық мультфильмдер көрсету игі дәстүрге айналған. Мысалы, былтыр толық метражды «Қазақ Елі» тарихи мультфильмі қойылған болатын.
Дерек көзі: www.khabar.kz