facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/74d/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/74d683917195c12fce5a2c589bb7bd67.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
ytay-ukraina-o-t-st-k-koreyadan-kelgen-b--ny-er-kt-ler-nel-kten-aza-standy-tar-a-k-mektesed
logo
Қытай, Украина, Оңтүстік Кореядан келген БҰҰ-ның еріктілері неліктен қазақстандықтарға көмектеседі

15.09.2019

Қытай, Украина, Оңтүстік Кореядан келген БҰҰ-ның еріктілері неліктен қазақстандықтарға көмектеседі

Санхи Янг, 30 жаста, туған қаласы ― Сеул, БҰҰ-ның волонтері


Тұрғылықты жерін қалайша ауыстырды

БҰҰ-ның репродуктивті мәселелері бойынша жұмыс жасау мақсатында Қазақстанға өткен жылдың 10 қарашасында келдім. Мен Орталық Азия аймағында коммуникация және серіктестіктің ерікті маманымын. Мұнда келгелі Алматының өміріне тез бейімделдім. Себебі мен бұған дейін ұзақ уақыт бойы Қырғыстанда және Мәскеуде тұрып, Орталық Азия елдеріне саяхатқа шыққанмын.

Қытай, Украина, Оңтүстік Кореядан келген БҰҰ-ның еріктілері неліктен қазақстандықтарға көмектеседі

Мен үшін БҰҰ-дағы жұмыс әрдайым қызықты, сондықтан сайт-қа өтініш қалдырдым. Аталмыш ресурс Оңтүстік Кореяның СІМ-де БҰҰ-ның ерікті маманы ретінде жұмыс істеуге өтініш қалдыру үшін іске қосылған. Бұл салада қызметке орналасушылардың осы бағытта кем дегенде екі жылдық тәжірибесі болуы міндетті.


Қазақстандағы волонтерлік қызметі қандай

Y-PEER халықаралық жастар ұйымының Қазақстандағы дамуы жылдан жылға артып келеді. Қазақстандық Y-PEER ұйымының бітіруші волонтерлары БҰҰ-да жұмыс істейді және әлем елдеріне саяхаттайды. Олардың қатарында Стамбул мен Алматыда мен екі еріктінің кездестірдім. Олар алдыңғы қатарлы бас маман ретінде жұмыс істесе, кейбіреулері жаңадан қосылғандарға тренер болып жүр.

Қазақстанда Y-PEER-ден бөлек, Technovation Kazakhstan қоғамдастығы осы салада белсенді түрде жұмыс жасайды. Осы жылдың басында олармен бірге мақсатқа қарай тұрақты даму жайында үлкен сабақ өткіздім. Қазақстанда университтер мен колледждер волонтерлік іс-шараларды мықтап қолға алып, қарқынды дамытуда. БҰҰ агенттігімен бірлесіп, Әл-Фараби университеті және Евразиялық ауылшаруашылық колледжі өз қалауларымен семинарлар өткізеді.

Волонтерлік қызмет Қазақстанның барлық қаласында танымал. Ерікті қызмет жасаудың ауқымы – жекелеген және мемлекеттік органдардың қолдауымен кеңейіп, әртүрлі іс-шаралар мен азаматтық қоғам тұлғаларымен кездесулер ұйымдастырып тұрады.

Дегенмен де, ауылдық жерде тұратын жастар волонтерлік қызмет жайлы аз ақпарат алады. Әлемдік банк жүйесінің мәліметінше, ауылдық аймақта жалпы жергілікті халықтың 46,77 % ы тұрады екен. Сондықтан да менің жұмысым волентерлік қызмет туралы ақпаратты белсенді түрде тарату мен олардың өсуін бақылауға бағытталған.

Қазақстанда БҰҰ-ның шамамен жиырмадан астам еріктісі жұмыс істейді. Әрқайсысы елдің әр аймағында жұмыс жасайтындықтан біз онлайн байланыс арқылы араласып тұрамыз.

БҰҰ үнемі еріктілерге арналған тренингтер мен басқосулар ұйымдастырады. Алайда, оған қатысушылар 100 % емес, себебі, басым көпшілігі жұмысты бірінші орынға қояды.


Қазақстан жайлы көзқарасы қандай

Маған Қазақстан ұнайды. Қаланың қай бұрышынан қарасаңыз да көрінетін таулары үшін Алматыны жақсы көремін. Алматы Орталық Азиядағы космополиттік қала. Сүйікті жерлерім – Көк-Төбе мұнарасы, Горький саябағы мен Панфилов көшесі. Қаланы аралап, жиі Urbon Coffee және Coffee Original кофеханаларына барамын. Олардың кофесі тіл үйіреді және бағасы қалтаға қонымды. Сонымен қатар, жұмыс бабымен және демалыс күндері Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларына барып көрдім. Ол қалалар әдемілігі және жылы асмосферасымен ұнады.

Алғашқы айларда жұмыс жасау қиын болды, бірақ, ортаға тез бейімделіп кеттім. Кеңседегі жұмыс басқаша реттілікпен жүрді, Кореядағы компаниялар тез өзгеретін ортада жұмыс істеп, ал, барлық қызметкерлер бір ритмге икемделеді. Қазақстанда жылдамдық аса маңызды емес, бастысы – нәтиже.


Қазақстанда жылдамдық аса маңызды емес, бастысы – нәтиже


Қазақстандықтар ― ауызбіршілігі мол және тамаша әнсүйер халық. Нұр-Сұлтан қаласындағы бірінші жұмыс күнінің соңында әріптестерім мені караокеге шақырды. Тіпті, кәсіби әнші-бишілерден кем түспей өнер көрсетті. Қазақтар салмақты және ірі денелі. Бұл болмыстары тұратын үлкен көлемді жеріне сәйкес, олар өмірге құштарлықпен қарайды. Қазақтар мен корейліктердің арасында аса айырмашылық жоқ. Әйтсе де, корейліктерге қазақтардың сабырлылығы мен шыдамдылығы жетіспейді.


Алдағы жоспарлары қандай

Болашақта оқуға оралып және жаңа білім алғым келеді.




Александр Гаскевич, 28 жаста, туған қаласы ― Киев, БҰҰ-ның (ЮНИСЕФ) серікстестік және коммуникация бойынша маманы


Қоныс аударуы қалай жүзеге асты

2018 жылдың мамыр айында Қазақстанға қоныс ауыстырдым. Осында келерде ешқандай мәселе туындаған жоқ. Себебі, бұған дейін талай рет қала мен елді ауыстырғанмын. Мәселен, АҚШ-та оқып, Канада, Украина секілді мемлекеттердің қалаларында жұмыс істегенмін.

БҰҰ-ның UN Volunteers programme волонтерлік бағдарламасының арқасында Қазақстанға жолым түсті. Ол бағдарлама жүйесімен БҰҰ әлем бойынша арнайы мамандарды жинайды. Туған елде де, шет мемлекетте де ерікті болуға мүмкіндік бар.

Қытай, Украина, Оңтүстік Кореядан келген БҰҰ-ның еріктілері неліктен қазақстандықтарға көмектеседі

Қазақстанда ЮНИСЕФ-тің атынан халықаралық волонтер есебінде жұмыс жасаймын. Еріктілерді таңдау қызметіне қарай ерекшеленеді. Мен қызметке қабылданарда жазбаша тест және сұқбат бердім. Содан кейін Қазақстанда жұмыс істеуге ұсыныс алдым.


Қазақстандағы волонтерлік қызмет хақында

Қазақстандағы еріктілер қозғалысы қарқын алуда. Көптеген адамдар көместесуге және әлеуметтік қолдау білдіруге әзір. Еріктілерді табуға мүмкіндігі артқан, жобаларды іздеуге платформа және қолдау білдіруге дайын адамдар бар.

Еріктілерді қызықтыру форматы әртүрлі, БҰҰ еріктілерді бағдарламасына орай, онлайн көместесіп және үйден шықпай-ақ тапсырмаларды орындауға болады. Келер жылы «Еріктілер жылы» деп аталады, мұның өзі еріктілер ісінің дамуына септігін тигізеді.

БҰҰ-ның еріктілері бір-бірімен араласып тұрады, кездесулер ұйымдастырып, оқу мен дамудың жаңа мүмкіндіктерін талқылаймыз. Бейресми кездесулер ― пикниктерге шығу, бірлесіп табиғат аясында демалу, түскі ас ішеміз немесе бірлескен жұмыс кестесі құрылып тұрады. Көптеген қазақстандықтар БҰҰ-ның ерікті өкілі болып Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді. Мен ЮНИСЕФ-тің серіктестік және байланыс жөніндегі қызметкерімін. Менің міндеттерім ― Қазақстандағы ЮНИСЕФ бағдарламаларының алға жылжуын қамтамасыз ету және серікстестік байланыстарды орнату. Мақсат – әр балаға сапалы әлеуметтік қызметті қолжетімді ету, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру саласы басты нысанда.


Қазақстан туралы ой пікірі қалай

Қазақстан ― үлкен мемлекет. Бір жылдың көлемінде Алматы, Ақтау, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Бурабай қалаларында болдым. Карлаг, Алжир лагеріне бардым, Көлсай өзені, Қайыңды ҮАК, Баянауыл, Ақ Мешіт үңгірілеріне де жолым түсті.

Маған Қазақстан ұнайды, елдің табиғаты әсем жерлерге бай, шынында да табиғатына климаты сай. Нұр-Сұлтанның салқын даласынан ұшып кетіп, Каспий теңізінің шөліне жерсінуге болады.

Халқы да ұнайды ― қонақжай және бауырмал, қазақтың салт-дәстүрі жайлы айтып береді, елде нені6 қай жақты көруге болатыны жайлы кеңес береді. Нұр- Сұлтанның жазы тым қысқа, тез бітіп қалады, сонысы ғана көңіліме жақпайды. Көбісі, қысы қатты деп қорқытқан. Сондықтан өзіммен бірге екі жүнді күрте әкелгенмін, құрғақ климатта жағымды температураны өткізу жеңіл. Бірақ, қысы айтарлықтай қорқынышты емес екен.

Маған бас қаланың жағалауында және орталық саябақта қыдырған ұнайды. Өзіме қаланың ескі бөлігі қолайлырақ әрі жылы. Онда ұзақ уақыттан бері тұрып келемін. Айтпақшы, қазақтың тойында болғанмын, қызықты әсер қалдырды. Менталитет ұқсастықтары мен ерекше салт-дәстүрі, ырымдарымен таныс болдым.


Қандай жоспарлары бар

Келісімшартымның уақыты біткенше, Қазақстанның көптеген әдемі жерлерін көргім келеді.




Yi Ching KWOK, 22 жаста, туған қаласы ― Гонконг, БҰҰ ның халықтың орналасуы жөніндегі қоғамдық қорының қызметкері


Қазақстанға қалай келді

Қазақстанға 2019 жылдың шілде айының басында келдім. «БҰҰ-ның еріктілер бағдарламасы» Гонконгтық қайырымдылық қоры және волонтерлік агенттігі бағдарламасының бірлескен бағдарламасы аясында Қазақстанға келдім.

Қытай, Украина, Оңтүстік Кореядан келген БҰҰ-ның еріктілері неліктен қазақстандықтарға көмектеседі

Бұл менің өз елімнен басқа шет елде шекара асып тұруымда алғашқы тәжірибем емес. Осыған дейін Амстердамда болғанмын. Бейімделу кезеңі қиын болады ― тіл, мәдениет, өмір сүру салты, ауа райы, инфрақұрылым және транспорт ― барлығының да Гонконгтан айырмашылығы көп. Бірақ, халықаралық волонтерлар қоршаған ортаға және мәдениетіне тез бейімделуі керек.


Қазақстандағы волонтерлік қызметі жөнінде не айтады

Гонконгтық волонтерлік бағдарлама бойынша Қазақстанда жұмыс жасауды жақында ғана бастадым. Және осы бағдарлама бойынша Қазақстанға жіберілген алғашқы еріктімін. Осы қызметке қабылданбастан бұрын үш байқау кезеңінен өттім. Ең алдымен, жүздеген студент қатысатын университет ішіндегі байқаудан өту керек. Содан кейін, ЮНФПА және волонтерлік бағдарламасы агенттігі өткізетін сұқбаттан өту қажет.

Ерікті болу қазақстандықтар арасында соншалықты танымал емес. Сондықтан БҰҰ тарапынан волонтерлік қызметке көптеген ресурстар және жобалардың нәтижесі керек. БҰҰ-ның волонтері болудың ең қарапайым әдісі — сайтқа кіріп, қолайлы бағдарламаларды қарау.

БҰҰ-ның Қазақстандағы еріктілерімен жиі араласып тұрамын. Біз бір кеңседе жұмыс істейміз және кездесулер ұйымдастырамыз және жұмыс барысында бір- бірімізге көмектесеміз.

Қазақстанда БҰҰ-ның жергілікті және көптеген халықаралық еріктілері жұмыс жасайды. Олар адамдардың өмірін жақсартуға атсалысады.

Жұмысым еріктілер жұмысын танымал етумен байланысты. Мен стратегиялық зерттеулер жүргізіп және ЮНФПА-ға апаратын жаңа коммуникативтік жолдарды қарастырамын. Адамдарға біздің мақсатымыз мен міндетімізді жеткізу, қызықтыру үшін ЮНФПА сайтын және оның әлеуметтік желілерін басқарумен айналысамын. Онымен тоқталмай, фотожобалармен және адамдарға қызықты оқиғаларды айтып берумен шұғылданамын.


Қазақстан жайлы таным-түсінігі қандай

Қазақстан туралы алғаш Belt and Road Initiative көрмесінің арқасында білдім.

Қазақстанның өзіндік тыныс-тіршілігімен және мәдениетімен, қазақы асханасынан бастап, ұлттық биі, музыкасы және өнеріне дейін ұнайды. Осының барлығы мен үшін жаңа әрі көңілтолқыларлық дүние. Елдің атмосферасы салмақты және тыныш, ол Гонконгтың шуынан қатты ерекшеленеді.

Нұр-Сұлтанда заманауи жаңашылдық лебі сезіледі, қала ұдайы өсіп, дамып келді. Алайда, тілдер бәсекелестігі толыққанды араласуға кедергі келтіреді. Қазақстандықтардың өмірі, мәдениеті жайлы көбірек білсем деймін. Бірақ, шынайылық жергілікті тұрғындарды жақсы түсінуге көмектесетініне сенемін.

Нұр-Сұлтан футуристік архитектурасымен, қызықты дизайнымен таңғалдырады, бірақ, өзен жағасында , Арбат маңында жиі қыдырамын, музыка тыңдап және бишілердің қимыл-қозғалыстарын бақылаймын. Жақын маңда жақсы кафелер көп, оң жақ жағалау жайлы әрі жылы. Жақында Бурабайға барып, табиғатының әдемілігіне таңдандым. Енді Қазақстан табиғатының әсемдігін көру үшін Алматыға баратын уақытты күтіп жүрмін.

Қазақстандықтар ― мейірімді және қонақжай халық. Мені көбіне казақ деп ойлайды. Жергілікті тұрғындар менің түрімнің қазаққа ұқсайтынын айтады.


Қазақстан көпұлтты және аралас мәдениетімен қызықтырады


Қазақстан көпұлтты және аралас мәдениетімен қызықтырады. Бір елде саналуан халықтың тұруы ― қызық феномен. Сонымен қатар, қазақстандықтар, ауа райы жайлы әңгіме айтқанды ұнатады. Әріптестерім «қысқа дайындалып жатсың ба?» деп жиі сұрайды, қысқы қызықтар туралы айтады.


Алдағы жоспарлары жайлы не айтады

БҰҰ-да жұмыс істеу маған халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың қызметі жайлы көбірек білуге көмектесті. Алдағы уақытта ҮЕҰ-дың басқару саласын зерттеп, консалтингтік басқару, коммуникация және мемлекеттік сектор жайлы зерттеп, тәжірибем мен білімімді молайтсам деймін. Тіпті, шетелдік университеттен магистрлік дәреже алғым келеді.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.