facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ystamb-lda-zherlester-d-aydan-tabu-a-bolady-t-rkiyada-y-aza-standy-tar-auymdasty-y-turaly
logo
Ыстамбұлда жерлестеріңді қайдан табуға болады: «Түркиядағы қазақстандықтар» қауымдастығы туралы
Главный (каз)

08.12.2022

Ыстамбұлда жерлестеріңді қайдан табуға болады: «Түркиядағы қазақстандықтар» қауымдастығы туралы

Шолпан Испулаеваның Түркияда тұрып жатқанына бірнеше жыл болды. Ол «Түркиядағы қазақстандықтар» тобын қалай құрғанын және оның қызметі туралы айтып берді.


Шолпан Испулаева, қаласы — Ыстамбұл, «Казахстанцы в Турции» қауымдастығының негізін салушы, @westwind_box

Шолпан Испулаева

Бәрі қалай басталды


Мен Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында туып-өстім.
Осыдан бес жыл бұрын бір ғана чемоданмен және мен гид-аудармашының дипломымен әрі қарай өзімді дамыту үшін Астанадан қоныс аудардым. Сөйтіп Ыстамбұл қаласында WESTWIND Travel агенттігін аштым.

Мен өте белсенді адаммын, сондықтан мүмкіндігінше жерлестеріме қоныс аудару, демалыс және медициналық қызмет көрсету мәселелерінде көмектестім. Жеке авторлық турлар ұйымдастырдым. Түркияда көптеген қызықты іс-шаралар, хоббиге және демалысқа арналған орындар, бизнес пен студенттер үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Мен өмірдің осындай қызықтарын біреулермен бөліскім келді. Мысалы, жерлестеріңмен бірге концертке немесе көрмеге баруға, Түркияны бірге саяхаттауға, баспана немесе жұмыс туралы ұсыныстар алуға дегендей. Жерлестер қауымдастығын құру идеясы осылай туды.

Мақсаты туралы


Басқа елге көшіп келген кезде бастапқыда қаншалықты қиын болатынын өз тәжірибемнен білемін, әсіресе түрік тілін жақсы білмесеңіз.
Сондықтан топ құрудың ең пайдалысы — шетелдегі өмір туралы білгеніңмен бөлісу және жақында көшіп келгендерге қолдау көрсету мүмкіндігі. Мұны топтың әкімшісі ретінде мен ғана емес, басқа мүшелер де жасай алады. Біз қоныс аудару, көлікті пайдалану және шот ашу, нотариус немесе аудармашы табу, мектептер мен университет стипендиялары бойынша кеңестер береміз. Бұл тақырыптар қоныс аударатындардың барлығын қызықтырады.

Казахстанцы в Турции

Топ 2018 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінде оның 6 000-нан астам мүшесі бар. Мен бізде осындай достық пейілді және мейірімді қауымдастықтың болғанын мақтан тұтамын. Кейін Түркияның жекелеген қалалары мен қызметтер үшін одан басқа шағын топтар бөлініп шықты.

Топ 2018 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істеп келеді


Топта екі әкімші бар.
Олар қатысушылардың қарым-қатынасын этика тұрғысынан реттейді, алаяқтықтың орын алмауын қадағалайды. Диас Найман осы жаққа қоныс аударатын отандастарымызға кеңес береді.

Қауымдастықтың қызметі туралы


Біздің қауымдастықта адамдар футболдан спорттық турнирлер өткізеді, теннис ойнайды, бешбармақ пен дәстүрлі шай ұсынылатын мерекелерге жиналады, үстел ойындарын ойнап, бір-бірімен танысу үшін кофеханаларда кездеседі.

Казахстанцы в Турции

Мегаполистегі өмір қауырт. Қарым-қатынасқа уақыт табу қиын болуы мүмкін. Бірақ жерлестерімізбен бірге Каракөй немесе Кадыкөй айлағында кездесіп тұрамыз. Ханзада аралдары мен Қара теңіз жағажайларына саяхат ұйымдастырады. Осы жылдың көктемінде мен алматылық суретші Гузель Закирдің көрмесін ұйымдастыруға көмектестім.

Қауымдастыққа қалай кіруге болады

Казахстанцы в Турции


Біз жаңа мүшелерге әрдайым ашықпыз.
Ең бастысы – чат ережелерін сақтау. Біз саясатты талқыламаймыз, бір-бірімізді қорламаймыз, келісілмеген тауарлар мен қызметтерді сатуды қолдамаймыз. Бірақ топта керемет іс-шараларға баратын серіктестерді, сондай-ақ аудармашыларды, көмекшілерді және фотографтарды таба аласыз. Біз Түркиядағы қонақтарымыз үшін қызықты мерекелік бағдарлама дайындап, оны корпоративтік немесе жеке қажеттіліктермен біріктіруге қуанышты боламыз.

Казахстанцы в Турции

«Түркиядағы қазақстандықтар» қауымдастығы аз уақытқа болса да келгендерге ашық. Мысалы, сіз демалысқа бара жатсаңыз, бірақ кіммен баратыныңызды білмесеңіз, осы жерден серіктестер таба аласыз.

Жоспарлары жайлы

Казахстанцы в Турции


Біз отандастарымызбен, түрік шеберлерімен тақырыптық кездесулерді көбірек өткіземіз.
Мұндай іс-шаралар Қазақстаннан келген уақытша келушілер үшін қолжетімді болады. Барлық сұрақтар бойынша @venuspower телеграмм арқылы хабарласуға болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстан тарихындағы ұлы әйелдер
Қазақстан тарихындағы ұлы әйелдер
Индонезияға виза: Балиде саяхаттау үшін нені білу керек
Индонезияға виза: Балиде саяхаттау үшін нені білу керек
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Қазақстанда IT-компанияны ашу туралы не білуіңіз керек: кадрлар, мемлекетті қолдау, перспективалар
Қазақстанда IT-компанияны ашу туралы не білуіңіз керек: кадрлар, мемлекетті қолдау, перспективалар
2024 жылы қайда бару керек: танымал саяхат бағыттары
2024 жылы қайда бару керек: танымал саяхат бағыттары