facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
yr-yzstandy-yeld-dubay-a-k-shu-zh-ne-emirates-airlines-kompaniyasynda-y-zh-mysy-zhayynda
logo
Қырғызстандық әйелдің Дубайға көшуі және Emirates airlines компаниясындағы жұмысы жайында

08.07.2019

Қырғызстандық әйелдің Дубайға көшуі және Emirates airlines компаниясындағы жұмысы жайында

Айдана Құдайбергенова, 32 жаста, туған қаласыБішкек, Emirates Airlines компанияның қызметкері

4.jpg


Бішкек — Дубай


Мен экономикалық факультетті бітірдім, екінші курста банкте тағылымдамадан өте бастадым. Екі жылдан кейін, мені маман ретінде заңды тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бөлімінің штатына алды. Бұл банкте бес жыл жұмыс істедім, кейін ол банкроттыққа ұшырады.

Мен жаңа жұмысты іздей бастадым және жұмысқа орналастыру бойынша араб орталығына түйіндемемді жібердім. Бұл орталық ағылшын тілін білетін мамандарға араб елдерінде жұмыс табуға көмектеседі. Өзіне қызметкерлерді іздейтін ірі компаниялар бұндай орталықтарға жүгінеді.

3.jpg

Дубайда жұмыс істеп, жақсы өмір сүрген таныстарым болды, сол себепті мен де байқап көруді шештім. Сұхбаттасудан өттім және бір-екі күннен кейін маған жауап берді.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Алғашқы әсерім – 50 градус ыстық және ылғалдылық бұл өте жақсы әсер болды деп айта алмаймын.

Бірден көзге түсетіні – тазалық пен тәртіп, керемет жолдар, осы жолдарға қарап несиеге болсын көлік алуды қалайсың.

Алғашқы әсерім – 50 градус ыстық және ылғалдылық – бұл өте жақсы әсер болды деп айта алмаймын


Бұл елде барлығы басқаша. Осында жабық киімде жүретін адамдар аз екенін түсінген кезде, менің стереотиптерім жойылды – барлығы заманауи, еуропаша жүреді.

5 (1).jpg

Сонымен қатар Араб Әмірлігінде жұмыс аптасы жексенбі күннен басталатыны таң қалдырды. Осыған әлі күнге дейін үйрене алмай жатырмын.


Өмірі жайында


Дубайда қатаң заңдарға байланысты қылмыстың көрсеткіші төмен болғаныны ұнайды. Түнгі үште көшеге шығып, серуендеуге болады. Егер қоғамдық орында телефоныңды қалдырып кетсең, саған оны міндетті түрде қайтарып береді. Бұл біздің Қырғызстанда үйренген нәрселерімізден өте ерекшеленеді.

Осында керемет метро бар. Қалада ойын-сауықтар, саябақтар көп – демалыс күндері баруға болатын жерлер толып жатыр. Қырғызстанда адамдар демалу үшін дәмханаға барады немесе табиғатқа шығады.

Жергілікті адамдар жұмысбасты болып келеді, әрбір минуты маңызды орын алады. Кейбір кезде демалыс күніңді достарыңның демалыс күндерімен сәйкесстендіруге қиын болады – адамдар шынымен көп жұмыс істейді.

Араб Әмірлігінде көп адамдар спортпен шұғылданады, жүгірумен айналысады. Дубайда мешіттер көп, ал жанында спорттық залдар орналасқан. Мешіттер де, залдар да адамдарға лық толы. Әрбір дерлік тұрғын үй кешенінде бассейн бар – бұл күшті және ыңғайлы.

1 (1).jpg


Жұмысы жайында


Осында келгеннен кейін, маған визаны рәсімдеп берді, үш айға тұратын жерді ұсынды. Мен сатушы қызметіне орналастым, Dubai Mall-да жұмыс істей бастадым. Бірақ бір жылға жетпей, жұмыстан шығып кеттім де, басқа жұмысты іздей бастадым.

Көп сұхбаттасулардан өттім, өзіме сай болатын жерді көп іздедім. Маған Dolce & Gabbana бутигіне сатушы қызметін ұсынды. Жалақысы жоғарырық болды және мен бұл қызметке қайтадан шығуға дайын болдым. Бірақ сол кезде маған әуежайға жұмысқа қабылдағаны жайында хат келді.

Мен әрқашан саяхаттауды армандаған едім, сол себепті бірден келістім. Шамамен екі ай тренингтен өттім, осы уақыт аралығында баспананың, көліктің және ұсақ шығындардың төлемдері өтелді.

2.jpg

Қазірде мен Emirates Airlines компаниясының әуежайында жұмыс істеп жатырмын. Бизнес-зал үшін жауап беремін, бұл бірінші және бизнес-класстың жолаушыларға арналған лаундж-аймағы. Олар осында демалып, тіркеліп, жұмыс істей алады.

Компания жыл сайын әлемдегі кез-келген нүктеге тегін билет ұсынады


Бізді тұрғын үймен, көлікпен қамтамасыз етеді. Жалақы толықтай жеке шығындарға, ақша жинауға және саяхаттауға қалады. Компания жыл сайын әлемдегі кез-келген нүктеге тегін билет ұсынады. Сонымен қатар бізде барлық қалған билеттерге 90 % жеңілдігіміз бар. Бұл көп саяхаттауға мүмкіндік береді. Мысалы, қазірде мен Ұлыбританияға бару үшін визаға тапсырыс бердім.

Егер жұмысқа демалыс күндері шықсаң, саған екі еселенген тариф бойынша төлейді. Біз үш күн жұмыс істеп, екі күн демаламыз. Бірақ Дубайда екі демалыс күні – бұл өте қымбат. Сол себепті мен демалыстың бір күнінде жұмыс істеуге тырысамын. Кейбір кезде барлық демалыс күндерімді айдың соңында жинап, бір аптаға үйіме, Қырғызстанға барып келу үшін, демалыссыз жұмыс істей аламын.

WhatsApp Image 2019-07-01 at 00.40.30 (2).jpeg

Сонымен қатар бізге жақсы спорттық залға тегін баруға мүмкіндік беретін платина картасын ұсынады. Оған қоса біз осы картаны әртүрлі қонақ үйлерде, бассейндерде, мейрамханаларда жақсы жеңілдіктер алу үшін қолдана аламыз.

Бізде жұмысқа кешігіп келетіндерге қатал қарайды, ешқандай кешірім жасамайды. Егер қызметкер жылына төрт-бес рет 10-15 минуттан кешігіп жүрсе, жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін. Сол себепті жұмысым мені қатал тәртіпке үйретті – мен өзіндігінен әрекет етіп, ұқыпты бола бастадым.


Көшіп кетудің ықпалы


БАӘ – көпұлтты ел, осында алуан түрлі адамдар өмір сүреді. Сол себепті осында сенің дүниетанымың толықтай өзгереді – әртүрлі тілдер, әртүрлі өмір салты, әртүрлі мінез-құлықтар. Мен адамның ұлтына қарап, оның өзін қалай ұстайтынын болжап айта аламын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Албания, Черногория және басқалары: Еуропаның қай елдеріне визасыз баруға болады
Албания, Черногория және басқалары: Еуропаның қай елдеріне визасыз баруға болады
Taylor Swift, Coldplay және Enrique Iglesias: 2024 жылдың ең көп күтілетін концерттері
Taylor Swift, Coldplay және Enrique Iglesias: 2024 жылдың ең көп күтілетін концерттері
Әлемдегі үздік 10 қысқы ойын-сауықтар
Әлемдегі үздік 10 қысқы ойын-сауықтар
Баруға тұрарлық Қазақстанның ең әдемі 10 қорығы мен ұлттық саябағы
Баруға тұрарлық Қазақстанның ең әдемі 10 қорығы мен ұлттық саябағы
Креативті Шымкент: жас және шығармашылық қалалықтар үшін 7 кеңістік
Креативті Шымкент: жас және шығармашылық қалалықтар үшін 7 кеңістік