facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
yr-yzstanda-densauly-ty-zha-sartu-a-bolatyn-zherler-5-emd-k-sauy-tyru-ortaly-y
logo
Қырғызстанда денсаулықты жақсартуға болатын жерлер: 5 емдік-сауықтыру орталығы

19.07.2019

Қырғызстанда денсаулықты жақсартуға болатын жерлер: 5 емдік-сауықтыру орталығы

«Қырғыз теңіз жағалауы»

Ыстықкөл жағалауындағы 850 адамға дейін жайғаса алатын үздік шипажайлардың бірі.

Шипажайда кең, таза, құмды және абаттандырылған жағажайы бар. Фонтандар, гүлзарлар, раушан көшеттері, жазғы би алаңы және спорт алаңдары орналасқан көгалдандырылған шипажай кешені. Шипажайдың емдеу ғимараттары жаңа жабдықтармен жабдықталған. Кешенді емделу дәрігердің тағайындауы бойынша 5 процедураны қамтиды.

Мекен-жайы: Шолпон-Ата қаласынан 10 км және Бішкек қаласынан 260 км жердегі Бостері ауылы, Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында.

Бағасы: тәулігіне 44 $ бастап

Қызмет түрлері:

— бассейн

— тұзды үңгірлер

— минералды термалды су, балшықпен емдеу

— климатотерапия

— SPA

— таңғы ас

— фитнес-орталығы

— теннис алаңы

— үш рет кешенді тамақтану.

Толық ақпарат.


«Радуга» демалыс орталығы


Жыл бойы жұмыс істейтін «Радуга» демалыс орталығы көркем табиғи жерде орналасқан. Бұл қырғызстандар және жақын, алыс шетелден келетін туристер арасындағы ең танымал жерлердің бірі. Демалыс орталығы халықаралық дәрежедегі 29 коттедждерді және еуропалық стандартқа сай нөмірлері бар 2 ғимаратты қамтиды.

Мекен-жайы: Ыстықкөл ауданы, Сары-Ой ауылы, Шолпон-Атадан 14 км жерде

Бағасы: 90—280 $

Қызмет түрлері:

Жолдамамен демалушылар үшін дәрігердің тағайындауы бойынша SPA-орталықтағы 5 емдеу сауықтыру процедурасы жолдаманың құнына кіреді. Бағдарлама әрбір қонақ үшін орталықтың мамандарымен жеке таңдалып ұсынылады және сауықтыруды, жасартуды, ағзаның релаксациясын қамтиды.

— бассейн

— сумен емдеу

— сауна

— хош иістендіру

— уқалап сылау

— косметолог қызметі

— тұзды бөлме.

Толық ақпарат.


«Көгілдір Ыстықкөл шипажайы»

Шипажайдың территориясында шолпон-ата балшығының кен орны және су процедуралары кезінде қолданылатын минералды судың көздері орналасқан. Демалушылар ұйықтайтын 2-, 3- және 4-орынды нөмірлері бар төрт корпуста жайғастырылады.

Мекен-жайы: Бішкек қаласынан 250 км жерде, Шолпон-Ата қаласындағы Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында.

Бағасы: тәулігіне 20 $ бастап

Қызмет түрлері:

— минералды, оттекті, інжу, көмірқышқыл ванналар

— үш рет тамақтану

— косметикалық кабинет

— экскурсиялар және Тянь-Шань тау шатқалдары бойынша туристік сапарлар

— емдік душ, балшықты аппликациялар, ингаляциялар.

Толық ақпарат.


«Шолпон-Ата» мемлекеттік резиденциясы


Демалуға арналған, емдік процедуралары мен үш рет тамақтану ұсынылатын, жыл бойы жұмыс істейтін шипажай.

Мекен-жайы: Ыстықкөл ауданы, Шолпон-Ата қ., Советская к., 131

Бағасы: тәулігіне 82—530 $

Қызмет түрлері:

Қонақтарға заманауы спорт және емдік кешендердің қызметтері ұсынылады:

— эконом-класстан бастап апартаменттерге дейін жайлылықтың әртүрлі деңгейіндегі нөмірлер

— диагностика

— сумен емдеу

— сауна

— бассейн

— уқалап сылау.

Толық ақпарат.


Issyk-Kul Aurora

Ғимараттың жобасы Мәскеу қаласының курорттық және туристік кешендердің эксперименттік жобалау орталық ғылыми-зерттеу институтында жасалды. Ең ескі және таңдаулы шипажайлардың бірі. Емдеу процедураларының кең кешені ұсынылады.

Мекен-жайы: Шолпон-Ата қаласынан 20 км жердегі Бұлан Соготу ауылы.

Бағасы: тәулігіне 38—161 $

Қызмет түрлері:

— үш рет тамақтану

— емдік процедуралар

— сауна және монша

— атпен серуендеу

— балшықпен емдеу

— інжу-минералды ванналар.

Толық ақпарат.


Суреттің дереккөзі: knews.kg

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.