facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
yden-shy-pay-a-sayahatta-yz-almaty-zh-ne-almaty-oblysynda-ysta-ne-steuge-bolady
logo
Үйден шықпай-ақ саяхаттаңыз. Алматы және Алматы облысында қыста не істеуге болады

13.12.2022

Үйден шықпай-ақ саяхаттаңыз. Алматы және Алматы облысында қыста не істеуге болады

Алматы — мың бояулы қала. Мұнда әркім өзіне қызық нәрсе таба алады. Толығырақ бүгінгі материалда.

Алматыда қайда тұрақтауға болады


Терезесінен тау көрінетін қонақүйлер: Be Fine, Tenir Eco Hotel, Country Village Resort, SAMAL Hotel Resort & SPA, S.N.e.G Hotel & Restaurant, Namaste Shalle 2000M.

Көлсайдағы қонақ үй-жайлары: Tau Kolsay, Kolsay Lakes Town, Hotel Kolsay Grand, TauHouse, Kolsay Nomads

Қонақүйлер мен хостелдер: Business Hostel L.E.S, Interhouse Almaty, Hostel Viator, Hostel 211A, Hostel Del Luna


Тамашалауға болатын жерлер


«Көк базар»


«Көк базар» — Медеу ауданында орналасқан қаладағы ең көне базарлардың бірі. Сауда алаңы 1875 жылы көпес Рафиковтың тапсырысымен салынған. Мұнда қала тұрғындарының балғын жеміс-жидектер, ет өнімдерін, түрлі дәмдеуіштер және т.б. сатып алуларына болады.

«Дом на Барибаева 36»


«Дом на Барибаева 36» — кездесулер ұйымдастыруға, бос уақытыңды тиімді өткізіп, дамуға және жұмыс жасауға болатын креативті арт-кеңістік. Мұнда шығармашыл адамдар жаны қалаған нәрсемен айналысып, шығармашылық әлеуетін дамытады, жүзеге асырады. Сондай-ақ бұл жерде ниеттес адамдар қауымдастығын табуға немесе құруға болады. Көптеген адам өз білімімен, тәжірибесімен бөлісіп, жаңа таныстықтар орнатады.

Фурманова, 124


Фурманова, 124 — қала тұрғындары демалыс күндерін өткізуді ұнататын жергілікті барлар орналасқан орын. Мұнда түрлі форматтағы мекемелер бар. Мысалы, LATE NIGHT SHOW BAR-да beer-pong, үстел теннисін және басқа да ойындарды ойнауға болады, ал «Домашний» барында үйдегідей музыка қосып, теледидар көруге болады.

Басты ботаникалық бақ


Басты ботаникалық бақ — ғылым мен мәдениет тоғысқан ашық аспан астындағы орталық. Мұнда Қазақстанның, Еуропаның, Қырым мен Кавказдың, Солтүстік Америка мен Шығыс Азияның бірегей флорасы жинақталған. Ботаникалық бақтың ауданы 103,6 гектарды құрайды. Мұнда жылыжай, зертханалар, дендропарк, тоғандар және басқа да көптеген нәрселер орналасқан.

Терренкур


«Терренкур» сөзі француздың «terrain» — жергілікті жер және немістің «kur» — емдеу сөздерінен құралған. Яғни «жергілікті жермен емделу» дегенді білдіреді. Жолдың жоғарғы бөлігі Керей-Жәнібек хандар, 310 мекенжайы бойынша орналасқан АВ мейрамханасының тұсында болса, ал төменгі бөлігі Достық даңғылы, 104 мекенжайындағы «Арман» кинотеатрының арт жағымен шектесіп жатыр. Ұзындығы 4,5 километр.

Көктөбе


Көктөбе — теңіз деңгейінен 1130 метр биіктікте орналасқан тау. Мұнда бұралаң тасжолмен немесе аспалы арқан жолымен фуникулерде көтерілуге ​​болады. Бұл жерден қаланың керемет панорамалық көрінісі ашылады. Оның аумағында хайуанаттар бағы, көптеген мекемелер, аттракциондар орналасқан.

Көлсай көлдері


Көлсай көлдері – солтүстік Тянь-Шаньдағы үш көлдің жүйесі. Қазақ тілінде «Көлсай» сөзін «шатқалдағы көл» деп түсіндіруге болады. Күн сәулесінің түсуіне қарай, көлдердің суы да түсін үнемі өзгертіп отырады: ашық көктен қанық зүбәржат түске дейін.

Қайыңды көлі


Қайыңды көлі Алматы облысы Саты ауылынан 11 км жерде, теңіз деңгейінен 1667 метр биіктікте орналасқан. Көл шамамен 100 жыл бұрын жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған.

Қара каньон


Өз атауында тұрғандай, жартастары қара болғандықтан, «Қара каньон» аталып кеткен. Шатқалдың түп жағында жасыл желекке оранған Шарын өзені ағып жатыр. Ауа райына, тәулік уақыты мен жыл мезгіліне байланысты судың түсі көк немесе зүбәржат болып өзгеріп тұрады.


Қандай дәм татуға болады


Алматыдағы мейрамханалар түрлі елдердің тағамдарын ұсынады. Мұнда еуропа, кәріс, үнді, қазақ, шығыс тағамдарын таба аласыз.

Бешбармақ


Қазақтың ұлттық тағамы. Sandyq мейрамханасында тапсырыс берген уақытта даяшы қазақ асүйінің тарихы мен ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып береді.

Тарыдан жасалған ақ шоколадты чизкейк


Тарыдан жасалған ақ шоколадты чизкейк Мәншүк Мәметоваға арналған. Оны Кеңес Одағының Батыры атағын алған тұңғыш қазақ әйелінің даналығы мен күш-қуатын білдіретін ағаш түрінде әзірлейді.

Алматының алмалары


Алматы — жер бетіндегі барлық алмалардың атасы саналатын «Сиверс алма ағашы» өсетін қала. Мұнда алманың көптеген сорты бар.

«Рахат» шоколады


Алматыда ірі кондитерлік фабрикалардың бірі — «Рахат» орналасқан, оның өнімдерін қазақстандықтар өте жақсы көреді. Жергілікті тұрғындардың шетелдіктерге «Қазақстан» шоколадын сыйлап, ұлттық мәдениетімізбен таныстыру дәстүрі бар.

Лағман


Алматы өзінің шығыс тағамдарымен танымал. Мұнда лағманның 8-ден астам түрін ұсынатын көптеген дәмханалар бар.

Хого


Хого — дастархан басында қайнаған сорпаға пісіретін дәстүрлі қытай тағамы. Сорпаға ет, түрлі тұздықтар, теңіз өнімдерін, саңырауқұлақтар қосады.


Бос уақытты тиімді өткізу


Экскурсиялар


Алматы — кез келген жасқа және кез келген қалауға сай келетін ойын-сауық табуға болатын үлкен қала. Жергілікті тұрғындар демалыс күндерін табиғат аясында өткізгенді ұнатады: тауға шығады, саябақта серуендейді, табиғаттың көрікті жерлерін тамашалайды. Қалада қаланың ең әдемі жерлеріне саяхат ұйымдастыратын көптеген туристік компаниялар бар.Танымал туристік орындарда жеке гид жалдауға болатын және аймақ туралы толық ақпарат беретін visit орталықтар бар. Қазір Ayusai Visit Center, Gorelnik Visit Center, Altyn Emel Visit Center, Medeu Visit Center жұмыс істейді.

Шопинг


Алматыда қажеттінің бәрін табуға болатын неше түрлі сауда орталықтары бар. Esentai Mall сауда орталығында Prada, Louis Vuitton, Chanel, Dior және т.б. сәнді брендтер орналасқан. Танымал жергілікті брендтерден: JENIL, HOWE, anima, The Nomad Child, MUSE, NYMPH, MIMI ILNITSKAYA, Chopx бар.

Тау шаңғысы курорттары


Алматы таулы жерде орналасқандықтан, түрлі курорттар бар.

Shymbulak


Қазақстанның ең танымал және көне тау шаңғысы курорты — Shymbulak. FIS халықаралық тау шаңғысы федерациясының аттестациясынан өткен үш жылдамдықтағы төменге түсу жолы бар.

«Ақбұлақ»


Фрирайд пен бэккантри әуесқойларына «Ақбұлақ» тау шаңғысы курорты ұнары сөзсіз. Мұнда үш негізгі беткей бар: ұзындығы 2,5 км Талғар-1, 55 градустық беткейдегі Талғар-2 және жаңадан бастаушыларға арналған 250 метрлік жаттығу беткейі.

OI-QARAGAI


OI-QARAGAI шипажайының беткейлері — техника мен трюктерді жаттықтыруға тамаша жер. Жаңадан бастаушы деңгейінен тәжірибелі райдерге дейінгі деңгейге арналған түрлі қиындықтағы 20 жол бар. Сондай-ақ тюбинг үшін бөлек төбешік бар.

Pioneer

Таулы курорт табиғаты жайқалған Іле-Алатау ұлттық саябағының аумағында орналасқан. Мұнда теңіз деңгейінен 1970 метр биіктіктен шаңғы тебуге болады. Курорттың негізгі жолы орманның ортасында орналасқан. Бұл шаңғы тебу кезінде ғажап атмосфера тудырады.

Термалды сулар


Алматыға жақын жерде Шонжыда ағзаға пайдалы минералдармен байытылған термалды бұлақтар бар. Кез келген ауа райында су ыстық болады, сондықтан алматылықтар қыста осында демалуға келеді.

Eco Park «Ыстық сулар»


Ең танымал демалыс орындарының бірі. Мұнда бірден термалды бассейнге шығуға болатын жайлы бөлмелер бар. Кешен аумағында жабық күркелер мен түрлі тағамдарға тапсырыс беруге болатын орындар бар.

Four Seasons


Four Seasons-та термалды суы бар төрт бассейн, жайлы коттедждер, кафелер мен бар жағдай жасалған бөлмелер бар. Қонақтар өздерінің жеке террассасын пайдалана алады.


Театрлар


Оңтүстік астана театрларының атмосферасы батыл эксперименттер мен классикаға, танымал режиссерлер мен актерлерге, көрермендердің жүрегін жаулаған спектакльдерге толы. Олардың аттары бүкіл елге танымал.

М. Ауезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры


Театрдың өз көрермендерін тамаша қойылымдармен қуантып келе жатқанына 100 жылға жуық уақыт болды. Бұл сахнада дәстүрге сай, оңтүстік астананың театр және кино жұлдыздары, үздік өнерпаздары өнер көрсетеді. Репертуары алуан түрлі және қазіргі драматургия мен әлемдік классиканы қоса алғанда, театр елуге дейін спектакль қояды.


М. Лермонтов атындағы Ұлттық академиялық орыс драма театры


Қаладағы ең көне театрлардың бірі. Оның тарихы 1933 жылдан бастау алады. Бүгінгі таңда театр алаңы көрерменге ең әсерлі классикалық және заманауи пьесалардан тұратын бірегей репертуар ұсынады.

«Жас Сахна»


Театрды еңбек сіңірген Халық әртісі Бәйтен Уәлиханұлы Омаров құрған. Театр сахнасында әр елден келген режиссерлер актерлер мен орындаушылардың жаңа буынын тәрбиелей отырып, шығармашылық идеяларды жүзеге асырады. Мұндағы репертуар алуан түрлі: Шыңғыс Айтматов Сомерсет Моэммен, балалар спектакльдері ересектермен, классика заманауи драматургиямен қатар өмір сүреді.


«ARTиШОК» театры


«ARTиШОК» театры — Қазақстандағы тұңғыш тәуелсіз театр ұжымы. Театр заманауи драматургияға маманданған. Жылына бірнеше премьера шығарып, шетелдік режиссерлерді ынтымақтастыққа тартады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры


Театр ғимараты – Алматының көрікті жерлерінің бірі. Қыста «Жаңғақ шаққыш» және «Аққу көлі»
спектакльдерін тамашалауға болады.


Галереялар


Aspan Gallery


Aspan Gallery-де үнемі заманауи өнер көрмелері өтеді. Мұнда отандық, сондай-ақ шетелдік суретшілердің туындыларын тамашалауға болады.

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы


Мұражайда экспозициялар мен көрмелер үнемі өткізіліп тұрады. Жекелеген залдарда ұлттық музыка ойнап тұрады.

Esentai Gallery

Esentai Gallery-де танымал суретшілердің әртүрлі техникадағы жеке көрмелері өтеді: коллаж, кескіндеме, сурет салу, бейне-арт, ассамбляж, тоқыма бұйымдары, заманауи өнер.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қалай кепілді түрде шенген визасын алуға болады: тәжірибелі саяхатшыдан 8 кеңес
Қалай кепілді түрде шенген визасын алуға болады: тәжірибелі саяхатшыдан 8 кеңес
Әлемдегі үздік 10 қысқы ойын-сауықтар
Әлемдегі үздік 10 қысқы ойын-сауықтар
Бухараға саяхат. Өте жайлы қонақ үйлер
Бухараға саяхат. Өте жайлы қонақ үйлер
Taylor Swift, Coldplay және Enrique Iglesias: 2024 жылдың ең көп күтілетін концерттері
Taylor Swift, Coldplay және Enrique Iglesias: 2024 жылдың ең көп күтілетін концерттері
Тель-Авив, Манама және Джидда — Қазақстаннан ұшатын жаңа әуе бағыттары
Тель-Авив, Манама және Джидда — Қазақстаннан ұшатын жаңа әуе бағыттары