Ашық аспан астындағы археологиялық парк «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Қазіргі Алматы орналасқан жердің тарихы 28 000 жылдан асады. Климатының жайлы, топырағының құнарлы және суының мол болуының арқасында бұл жер ешқашанда бос жатпаған. Бұған археологиялық қазбалар барысында табылған көптеген заттар дәлел. Шамамен б.з. дейінгі Х ғасырдан бастап бұл жерде ірі көшпелі тайпалар - сақтар пайда болған, кейіннен бұларды үйсіндер алмастырды.
Бұрынғы сақ тайпасының өмірі жаңғыртылған «Боралдай сақ қорғандары» паркінде екі басты нысан - ортасынан жарылған қорған мен ежелгі сақ тұрғын үйінің макетін көруге болады. Келушілер уақытты анықтау үшін қолданылған күн сағатты және қайта құрылған тоқыма станогын тамашалайды.
Дерек көзі: kazinform.kz