facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
venada-it-biznes-mamandy-yna-t-su-zh-ne-tanymal-bloger-bolu-zhayynda
logo
Венада «IT-бизнес» мамандығына түсу және танымал блогер болу жайында

02.08.2019

Венада «IT-бизнес» мамандығына түсу және танымал блогер болу жайында

Бақдаулет Закиров, 19 жаста, студент, блогер, @bahontis

Венада «IT-бизнес» мамандығына түсу және танымал блогер болу жайында


Өзі және әуесі жайында


Мен студентпін, «IT-бизнес» мамандығы бойынша Венада оқып жатырмын. Instagram желісінде блогымды жүргіземін.

Менің парақшам – бұл менің әуесім, хоббиім. Бұл кәсібім мені рахатқа бөлейді. Желіге бейнелер мен суреттерді салғаннан аудиториям күлімдеп, позитив алатындықтан, мен рахаттанамын.

Барлығы үш жыл бұрын dubsmash бейнелерін түсіру тренді пайда болған кезден басталды. Мен Instagram-ға бейнемді салдым. Бір үлкен паблик репост жасағаннан кейін, маған аудитория келді. Сол кезде 500 оқырман мен үшін көп болатын, қазірде олардың саны шамамен 150 000 дейін жетті.

Венада «IT-бизнес» мамандығына түсу және танымал блогер болу жайында

Спортпен айналысуды ұнатамын. Төрт жыл бойы үлкен теннисті үйреніп, ойнап жүрмін.

Жастар үшін сүйікті істің болғаны маңызды деп ойлаймын. Көңіл күйді түсірмей, күйзеліске ұшырамау үшін, бірдеңемен айналысу керек, өзің үшін маңызды және пайдалы істі табу керек. Әрдайым жаңа нәрселермен: сурет салумен, суретке түсірумен, бейнероликтермен, блогтармен айналысып көруге болады. Мен барлық салалармен қызығып, дағдыларымды дамытуға тырысамын.


Мамандығы жайында


Менің таңдауыма бұл мамандықтың әлемдегі жаңа мамандық болып табылатыны ықпал етті. Маған оны зерттеп білу қызықты болды.

Менің таңдауыма бұл мамандықтың әлемдегі жаңа мамандық болып табылатыны ықпал етті


Қазақстандағы университеттерде «IT-бизнес» мамандығы жоқ, сол себепті мен шетелге түсуді шештім. Мен оқуды жақсы көремін, мені IT саласы және әлемдегі болып жатқан бизнес процестер қызықтырады. Менің ойымша, бұл талап етілетін және актуалды мамандық.

Венада «IT-бизнес» мамандығына түсу және танымал блогер болу жайында


Өмірлік қағидалары жайында


Адамның екі жүзді болмағаны маңызды. Мен біреудің шынайы болмағанын ұнатпаймын. Егер сен қарапайым болсаң, үлкен адиторияң мен танымалдылығыңа қарамастан, сол қалпыңды сақтау керек.

Мен әртүрлі мәселелер бойынша күйзеліске түсуді ұнатпайтын адаммын. Себебі бұл мәселелердің ешқайсысы физикалық тұрғыдан болсын, эмоционалды тұрғыдан болсын маған қатысы жоқ.


Стилі жайында


Мен үшін киімнің трендте немесе сәнді болғаны маңызды емес. Бастысы – ыңғайлылық және киімнің ұнамды болуы. Сол себепті менің сүйікті брендім — Zara.

Венада «IT-бизнес» мамандығына түсу және танымал блогер болу жайында


Бос уақытын қалай өткізеді


Мен бос уақытымды інілеріммен өткізуді жақсы көремін. Олар – теннисшілер және біз жиі бірге ойнаймыз. Мен оларға тәлімгерлік етемін, дұрыс ойнап, қозғалуды үйретемін. Сонымен қатар бос уақытымда фильмдер мен сериалдарды көруді ұнатамын.


Әлеуметтік желілер, музыка және кино жайында


Мен музыканы ұнатамын, жақында жаңа әнімді шығардым. Мені меломан деп атауға болады, себебі мен әртүрлі жанрларды тыңдаймын. Бүгін Бахты қосып, ертең Дрейктің әндерін тыңдай аламын.

Венада «IT-бизнес» мамандығына түсу және танымал блогер болу жайында

Маған кино индустриясы ұнайды. Соңғы сүйікті сериалым – «Очень странные дела» және Marvel фильмдері. Сонымен қатар маған Зак Эфронның шығармашылығы ұнайды, ол түскен барлық фильмдерді көріп шықтым.

Смартфонымда Instagram және YouTube қосымшаларын ғана қолданамын. Instagram желісінде шығармашылығымды дамытамын, ақпарат аламын. Әлемде не болып жатқанын білу үшін, жаңалықтар парақшаларына жазылғанмын. Көңіл көтеру үшін YouTube желісінде отырамын.

Әлеуметтік желілер тәуелділігіне қарсымын


Әлеуметтік желілер тәуелділігіне қарсымын. Өмірде болып жатқан нәрселерден рахаттану керек, олар туралы барлық адамдарға айту міндетті емес. Демалыста біреудің тек әдемі суреттер мен бейнелер жайында ойлайтынын ұнатпаймын. Әлеуметтік желілер сенің қай жерде серуендеп, қалай демалып жатқаныңмен бөлісу үшін жасалмаған.

Венада «IT-бизнес» мамандығына түсу және танымал блогер болу жайында


Шабыт жайында


Шығармашылықта және өмірімде дамуға Америкада тұратын шетелдік блогерлер шабыттандыралы. Маған Логан Полан мен Кейси Нейстедтің шығармашылығы ұнайды. Олар қызықты контент жасайды және көп нәрселерге қол жеткізді.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.