Айдос Меңдалиев Tynda Music-тің құрылуы және жобаның басқалардан ерекшелігі туралы айтып берді. Сондай-ақ әлемнің ең үздік скрипкашысы Максим Вегнеровтің Қазақстанға келуі туралы.
Айдос Меңдалиев, 27 жаста, қаласы — Алматы, музыкант, кәсіпкер, @aidosmendaliyev
Бәрі неден басталды
Мен музыкантпын, дирижермін және и кәсіпкермін. Tynda Music жобасының негізін қалаушымын. Оркестр классикалық музыканы, танымал мультфильмдер мен фильмдердегі саундтректерді орындайтын концерттер ұйымдастырамыз.
Бес жасымнан бастап музыкамен айналысамын, яғни музыка мектебінде оқи бастаған кезімнен. Дәл осы мектепте Байғали Серкебаев, Айман Мұсахаджаева, Жәния Әубәкірова сынды шеберлер білім алған. 10-сыныпта мен дирижер боламын деп шештім. Сөйтіп Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына түсіп, Нұрлан Жарасовтан дәріс алдым.
Біз танымал музыканы орындайтын оркестр құруды пандемияға дейін жоспарлаған едік. Бірақ өз қызметімізді Қазақстанда шектеулер алынған соң ғана бастадық.
Мен бағдарлама таңдап жүрген болатынмын, бірде музыка мектебіндегі Ludovico Einaudi концертін көріп қалдым. Сол жерде біраз таныс музыканттар өнер көрсетім жатқан, мен оларға бұл концертті Алматы, Астана, Қарағанды қалаларында қоюды ұсындым. Осылайша жоба басталып кетті.
Команда жинау қиын болды. Үлкен бағдарламаларда жұмыс істеуге дайын 30 жасқа дейінгі жастарды оркестрге шақырамыз. Музыканттардың барлығын бала кезімізден білеміз, бірге оқып, бірге өстік. Біз үшін қатысушылардың жігерлі болуы және ортақ іске барынша білек сыбана кірісуі маңызды. Музыканттар — эмоционалды адамдар. Сахнада олар барын салады.
Сондай-ақ барлық процесті жүйелеу маңызды болды. Команда менің қатысуымсыз өз бетінше жұмыс істеді.
Tynda Music туралы
Tynda Music — түрлі музыканы орындайтын симфониялық оркестр және хор. Танымал саундтректер ғана емес, классикалық шығармаларды да орындайды. Бірден екі бағытта жұмыс істейтін біз ғанамыз. Біз Ludovico Einaudi-дің неоклассикалық музыкасын, Ханс Циммердің саундтректерін, Макс Рихтердің туындыларын да ойнай береміз.
Tynda Music — түрлі музыканы орындайтын симфониялық оркестр және хор
Біздің жобаның негізгі мақсаты атауынан туындайды, яғни қазақтың күшті сөзі — «тыңда». Біз адамдардың сапалы музыканы жанды орындауда тыңдағандарын қалаймыз.
Tynda Music-тің шығармашылық және әкімшілік командасы бар. Екіншісі концерттер ұйымдастыратын жеті адамнан тұрады. Шығармашылық топ әрқашан бағдарламаға байланысты әртүрлі. Жазда 150 адам болып Baluan Sholaq аренасында өнер көрсеттік. Ал Einaudi бағдарламасында 7 адам өнер көрсете алады.
Көрермендер жайында
Біз — Baluan Sholaq аренасында 2022 жылдың қыркүйегінде концерт көрсеткен алғашқы симфониялық оркестрміз. Алғашқыда оркестрмен аймақтарға гастрольдік сапармен шыға бастадық, өйткені ол жақтарда қызықты іс-шаралар аз. Біз ол жақтарға барған кезде, үнемі қолдауға ие боламыз. Қазақстан халқына өз шығармашылығымызды танытып жүргенімізге қуаныштымын.
Концертімізге алғаш рет келген және алда не күтіп тұрғанын білмейтін адам музыканттардың қайтып барын салғанын көріп, керемет қуат алады, эмоционалды күйді бастан кешеді. Адамдар өздеріне таныс, жақсы көретін музыканы тыңдайды. Біреу күледі, біреу жылайды, бірақ барлық қонақ жарқын эмоцияларды сезінеді.
Максим Венгеровтің концерті жайлы
Мен көптен бері Қазақстанға әлем жұлдызын шақырғым келіп жүрген. Маған «алты қол алысу» теориясы көмектесті, осылайша біз Максим Венгеров келіп өнер көрсетеді деп келістік. Ол —Grammy сыйлығының иегері, әлемдегі ең үздік скрипкашы. Максим Венгеров Қазақстанға келіп, 14 және 15 ақпанда Ғашықтар күнінде бізбен бірге өнер көрсетті. Бұл оның Қазақстандағы тұңғыш үлкен концерті.
Көбінесе біз танымал музыканы орындалатын концерттер береміз, осылайша көрерменді өнерге тартамыз. Біз адамды классикалық музыкаға жетелейтін «көпір» қызметін атқарамыз.
Біз басқа да қызықты жобаларды қарастырып жатырмыз. Жақында оларды Instagram желісінде жариялаймыз. Тыңдармандарымызды таңғалдырамыз деген ойдамын.