Ақтау және Маңғыстау облысы
Ақтау — Каспий теңізінің жағалауындағы ірі қала және Маңғыстау облысының орталығы. Жақын шетелдердің көп туристері бұл жақтың табиғатын ерекше бағалады. Экзотиканы және бірегей табиғаты бар жерлерді іздейтін саяхатшыларға осы аймақты таңдауға кеңес береді.
Әлемнің бірде-бір бөлігінде кездеспейтін тас кесектері, ерекше әдемі таулар, оазистер, каньондар мен пейзаждарды Маңғыстау облысында табуға болады.
Теңіз қаласы да бей-жай қалдырмайды. Әсіресе, Ақтау жағалауының көптеген көрікті жерлері бар.
Атырау
Батыс Қазақстанға саяхатқа келгендер міндетті түрде Атырауға да келеді. Қала көпірлерімен, Жайық өзенімен және ең дәмді фишбармақпен танымал. Қала қонақтарының ерекше назарын Азиядан Еуропаға жаяу жүріп өтуге мүмкіндік беретін көпір алады.
Қарағанды
Қарағандыға тарих қызықтыратын туристер немесе өзінің ата-бабалары туралы мәлімет іздеп жүрген, ТМД елдерінің адамдары келеді. Кеңес үкіметі кезінде Қарағанды облысында ең үлкен лагерь ГУЛАГа НКВД орналасқан. Қарағанды облысының Долинка кентінде репрессия құрбандарына арналған Мұражай бар.
Павлодар
Баянауылдың ісем табиғаты жайлы Қазақстаннан тыс та біледі. Табиғатты және адамдар көп болмайтын жерлерді ұнататындар Павлодар облысына келеді. Рессейлік туристердің көбісі Баянауыл ұлттық паркінің табиғатына ерекше баға беріп үлгерді.
Саяхатты жоспарлау барысында туристер уақыт тауып, Павлодар қаласына да соғуға кеңес береді. Қалалық жағажай сіздерді бейжай қалдырмас.
Түркістан
Фотоның дерек көзі: @ahmed_yassaviy
Қазақстан мен Орта Азияның ең көне қалаларының біріне туристер әр жыл сайын көбейіп келуде. Қала тарихқа бай және кезінде Ұлы Жібек жолының сауда нүктесі болған. Көп саяхатшылар Түркістанды «қазақстандық Мекке» деп атайды.
Қаланың басты көрікті жері — Қожа Ахмед Яссауидің кесенесі.
Өскемен
Көп шетелдіктер саяхаттау үшін Шығыс Қазақстанды таңдайды.
Өскеменде Шығыс Қазақстанның облыстық сәулет-этнографиялық, табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы мен Үлбі мен Ертіс өзендері құйылатын әдемі жағалау таң қалдырады. Судың түсі әртүрлі, өзендердің шекаралары анық көрінеді.
Бұдан басқа, қаланың жанында көлікпен оңай келуге болатын көптеген табиғи көрікті жерлер бар. Тәжірибелі саяхатшылардың пікірінше, мұндай әдемі орындарды әлемде табу қиын. Туристер Өскемен ГЭС-ін, Бұқтырма су қоймасын, Зайсан көлдерін, Окуньки көлдерін, Киин-Керіш шатқалын, Сібін көлдерін аралауға кеңес береді. Бұл толық тізім емес.
Сондай-ақ, қала қысқы демалыс әуесқойларын тартады. Өскеменнің жанында көптеген тау шаңғы базалары орналасқан.
Шымкент
Қаланың Республикалық маңызы бар мәртебесі бар. Шымкенттің жанында көптеген тарихи және қасиетті орындар орналасқан: кесенелер, қорғандар, үңгірлер, Отырар, Сауран және т.б. ежелгі қалалардың қалашықтары.
Щучинск — Бурабай
Бурабай курорты — туристер арасында ең қолжетімді және танымал орын. Ресейлік саяхатшылар мұнда жеке автокөлікпен, теміржол жолдарымен жетеді, ал жазғы уақытта бірнеше ірі қалалардан тікелей автобустар қатынайды.
Бурабай көптеген табиғи көрікті жерлерімен танымал және отбасылық демалыс үшін тамаша жер.
Фотоның дерек көзі: @kuznetsovkz
Материалды жасауда көмек көрсеткендері үшін Ольга Гвоздюковаға — @ya_varejka, Ваерия Ульяноваға— @lerikaleto, Маргарита Паркиноға— @margo.parkina, Элизе Арыстановаға және «Арман Тур» ұлттық туроператорының менеджері Айжан Өміралиға алғыс білдіреміз.