Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

Туған жеріңізде саяхаттаңыз. Қазақстандағы жаяу серуендеуге арналған ең танымал бағдарлар
1401

11.03.2023

Туған жеріңізде саяхаттаңыз. Қазақстандағы жаяу серуендеуге арналған ең танымал бағдарлар

Біз Қазақстандағы көркем көрініске жол ашатын тау бағдарларын жасадық. Хайкинг, яғни жаяу серуендеуге арналған ең жақсы локацияларды сақтап алыңыз.


Көкжайлау

Көкжайлау — Алматыға жақын әрі қолжетімді бағыттардың бірі. Үстірт Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 1450-ден 1740 метрге дейінгі биіктікте жатыр. Мұнда жылы мезгілде келіп, тамашалауға болатын сарқырама да бар.


Бутаков сарқырамасы

Бұл жолды ересектер де, балалар да оңай еңсереді. Жүргіншілер табиғаты әдемі жерлерден өтеді. Жол бойында туристерге арналған жабық демалыс орындары мен орындықтар бар. Жаяу серуендеудің соңғы нүктесі – Алматы маңындағы ең үлкен сарқырамалардың бірі. Мұнда судың сылдырын тыңдап, сұлу көріністі тамашалай аласыз.


Мыңжылқы

Мыңжылқы — теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте жатқан таулы аймақ. Үстірттен Тұйықсу мұздығын және Құмбел сілемінде орналасқан «Локомотив», «Зоя Космодемьянская», «Молодежный», «Титов» шыңдарының көркем көрінісін тамашалауға болады. Осы жерден «Амангелді» және «Октябренок» шыңдарына да көтерілуге болады.


Фурманов шыңы

Ең танымал шыңдардың біріне апаратын жол бойында әдемі фотосуреттер түсіруге болатын әткеншектер орналасқан. Фурманов шыңына апаратын соқпақ Кімасар шатқалымен өтеді. Шыңның биіктігі — теңіз деңгейінен 3053 метрде.


Шымбұлақ шыңы

Ең жақын және туристерге қолжетімді шыңдардың бірі, оған тез әрі оңай жетуге болады. Биіктігі теңіз деңгейінен 3450 метр. Бағыт «Комби-2» гондолды жол стансасынан басталады. Шыңнан Богданович мұздығы көрінеді, оны: Чкалов шыңы, Комсомол шыңы, «Физкультурник» шыңы, «Пионер» шыңы, «Амангелді» шыңы, Абай шыңы, «Школьник шыңы», «Эдельвейс» шыңы қоршап тұр.


Ескі жапон жолы

Жол Проходная өзенінен басталады, ал әрі қарай құбыр бойымен баспалдақпен көтерілу керек болады. Ол — әдемі табиғаты баурап алатын жеңіл бағдар, тіпті хайкингті жаңадан бастағандар үшін де қолайлы. Бұл жерден Көкшоқы тауының, Қарғалы шыңының және Үлкен Алматы шыңын тамашалауға болады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу