facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
toronto-alasynda-y-aza-tar-k-sh-p-ketu-t-rmys-ru-zh-ne-canada-goose-kompaniyasynda-zh-mys-steu-zhayynda
logo
Торонто қаласындағы қазақтар. Көшіп кету, тұрмыс құру және Canada goose компаниясында жұмыс істеу жайында

29.03.2019

Торонто қаласындағы қазақтар. Көшіп кету, тұрмыс құру және Canada goose компаниясында жұмыс істеу жайында

Әсел Акчулакова, туған қаласы — Қарағанды, жеткізушілерді іздестіретін маман

0.jpg


Қазақстан — Қытай — Канада


Мен Қарағандыда тудым, жастық шағымды Алматыда өткіздім, сол жердегі ҚазХҚжӘТУ-ні бітірдім. Оқумен қатар жұмыс істедім. Менің қызметім әрқашан импорттық сатып алулар және халықаралық жеткізушілермен жұмыс жасаумен байланысты болды.

Кейін мен МВА дәрежесін алып, Қытайға көшіп кеттім. Сол жерде мен мүлдем басқа ел мен мәдениетте тұрып көру тәжірибесін алдым, бұл тәжірибе кейінгі уақытта маған көмектесті. Қытай – салт-дәстүрлері өзгеше болып табылатын ерекше мемлекет. Адамдарға бұл елде өмір сүру ұнайды, сол себепті иммигранттар көп. Мен Қытайда алты жыл тұрдым, көп жақын достарға ие болдым, бірақ бұл менің узақ мерзімді келешегім үшін сай келмеді. Маған Батыс пен Америка көбірек ұнайды.

Менің немере ағам және құрбым Канадаға көшкеннен кейін, менің де таңдауым осы елге түсті. Канада – жаныма жақын болып табылатын көпмәдениетті, ашық мемлекет. Сол себепті мен дәл осы елге көшіп кетуді қаладым.

Канада – жаныма жақын болып табылатын көпмәдениетті, ашық мемлекет


Мен Қазақстанға оралып, көші-қон бойынша ыңғайлы бағдарламаны іздей бастадым. Құрбым Канаданың үкіметі белгілі мамандықтар үшін жаңа бағдарлама ашып жатқанын айтты. Бұл Federal Skilled Workers бағдарламасы еді. Ол мерзімді түрде жылына бірнеше рет іске асады және мамандықтардың тізімі әрқашан өзгеріп отырады. Әдетте бұл Канадада жетіспейтін мамандықтардың тізімі. Сен Канадада жұмыс істеуге дайын кәсіпқой ретінде өтінімді жібересің. Бұл өтінім сенің сауатты маман екеніңді және жергілікті компаниялар сені шақыруды қалайтынын білдіреді. Сенің кәсіби тәжірибең, білімің, жасың және тілдерді білу деңгейің бағаланады. Бұл тармақтардың барлығына баллдар қойылады және нәтижесі баллдар мен өтінімдердің көлеміне байланысты, себебі әртүрлі мамандықтарға арналған орындар саны шектеулі.

Мен мамандықтардың тізімін зерттеп шықтым, менің мамандығым да тізімнің ішінде болды. Сол себепті мен барлық құжаттарды жинап, өтінімді онлайн жүйесімен жібердім. Күту мерзімі ұзақ уақытты алды, маған жарты жыл өткен соң жауап берді. Бірақ кейбіреулер одан да артық уақыт күтеді. Мен барлық рәсімдерден өтіп, екі жарым жыл бұрын Канадаға көшіп кеттім.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Алғашқы әсерім жағымды болды. Аэропорттағы көші-қон бақылауы мені өткізбей қала ма деп уайымдадым. Бірақ барлығы тез өтті, қызметкерлер ізгі ниетпен қарсы алды.

Маған адамдардың әдептілігі ұнады – барлығы күлімсіреп, амандасады, қоғамдық көлік жүргізушісіне алғыстарын айтады. Тұрғындар үшін жасалған ыңғайлылық пен жайлылық, жүргізушілердің сыпайлылығы таң қалдырды. Осындағы өмір әлдеқайда байыпты түрде өтеді. Бұл мен қалағынның өзі болып шықты.

Алғашқы қиындықтар пәтер іздеумен байланысты болды. Торонто қаласында пәтерді жалдап тұру үшін, мінездемелердің, банк шотының болуы міндетті және депозитті енгізу қажет. Барлық құжаттар келісімшарт арқылы рәсімделеді. Егер бірдеңе жетіспесе, жалға беруден бас тартуы мүмкін. Сонымен қатар қаланың орталығында бағалар өте жоғары. Мен ыңғайлы нұсқаны таба алдым, метроның жанында орналасқан шағын студияны жалға алдым. Жұмысым болмағандықтан, мен ақша жинай бастадым. Көшіп келетін адамдарға дайын болу керек. Сен қай кезде тұрақты табыс алып тұратыныңды білмейсің. Сол себепті ақша жинап келу керек.

7.jpg

Тағы бір қиындық – жұмыс табу. Менің арнайы бағдарлама бойынша Канадаға келуім жұмысқа орналастырудың кепілі болмады. Кейбір адамдар жұмысты бірден табады, бірақ негізінен посткеңестік елдерден келетін иммигранттар қиындықтарға тап болады. Жақсы компанияға орналасу үшін, Канадада жұмыс істеу тәжірибесіне ие болу керек. Осыған да дайын болу керек, байқап көріп, шыдамдылықты таныту қажет. Ерте ме, кеш пе барлық адамдар өзіне сай келетін істі табады.


Канададағы өмір жайында


Канаданың өзіндік ерекшелігі – ашықтық және көпмәдениеттілік, осында бүкіл әлем бойынша адамдар келіп тұрады.

Канада еліндегі әрбір халық өзінің мәдениетін сақтай отырып, оны канадалық мәдениетпен біріктіруге тырысатыны ұнайды. Мен бұрын итальяндықтар мен гректер тұрған көше бойында тұрамын. Бірақ қазірде осы жерде қытайлықтар да, ямайлықтар да тұрады. Бұл шағын көше болғанымен, барлық халықтар достық қарым-қатынаста тұрады – күнде көрісіп, амандасады және бір-бірімен араласады.

Канадада иммигранттарға арналған тегін және қолжетімді қызмет түрлері көп


Канадада иммигранттарға арналған тегін және қолжетімді қызмет түрлері көп. Мысалы, егер сіз жұмыс іздесеңіз, тегін көмек алуға болатын кеңселер бүкіл қала бойынша орналасқан. Оған қоса сізге біліктілікті арттыру курстарын, бейімделу курстарын ұсына алады, түйіндемені құруға, сұхбаттардан өтуге көмектесе алады. Мен келген кезде, осындай бағдарламадан өттім. Бұл ақылы болатын, бірақ үкімет курс шығындарының басым бөлігін өтейді.

IMG_E0609.JPG

Сонымен үкіметтен жәрдемақы алып тұру үшін, кеңселердің бірінде қажетті үлгіні толтырып беруге болады. Бұл көмек балалары бар отбасыларға айрықша пайдалы, себебі осында тұру Қазақстанға қарағанда әлдеқайда қымбатқа түседі.

Канадада медициналық қызмет тегін көрсетіледі. Егер жұмыс істесеңіз, жұмыс беруші мемлекет тарапынан өтелмейтін жағдайлар үшін медициналық сақтандыруды ұсынуы міндетті.

Тұрғындар үшін тегін әлеуметтік клубтар көп – бассейндер, спорт залдар, мұз айдындары. Егер қаласаңыз, көп пайдалы нәрселерді тауып, тек тұрғын үй мен тамаққа ғана шығындануға болады.


Жұмыс жайында


Көшіп келгендердің көбісі қызмет көрсету саласына жұмысқа орналасуы мүмкін екенін білемін. Сол себепті, менің жолым болды деп ойлаймын. Менің бірінші жұмысым бір қаржы компаниясының кеңсесінде болды. Мен басшылыққа тұрақты жұмыс орнын іздеп жатқанымды, бірақ қажет болса, кеңседе көмектесе алатынымды айттым. Мен ассистент қызметін атқардым, қандай да бір табысқа ие болу үшін, жай ғана қағаздар бойынша және басқаларға көмектесіп жүрдім. Оған қоса менде басқа жұмыс іздеу мүмкіндігі болды.

Мамандығым бойынша киім сататын компанияда жұмыс істеу – арманым болды


Мамандығым бойынша киім сататын компанияда жұмыс істеу арманым болды. Маған сән саласында жұмыс істеу ұнайтын. Нәтижесінде, менің арманым жүзеге асты, мен Canada Goose компаниясына орналастым. Бұл мамықтан жасалған сырт киімді өндіретін танымал компания болып табылады. Мен өз мамандығым бойынша сатып алу саласында жұмыс істеймін. Жұмысты тауып алу үшін шамамен бір жыл уақытым кетті.

CG xmas.jpg

Жұмысқа орналасу қиын болмады, менің жолым болды. Менен сұхбат алған адам түйіндемемнің әсерлі екенін айтты. Сұхбаттың басым уақытында ол маған компания және менің алдағы қызметім жайында әңгімелеп берді. Кейін мені бірден жұмысқа алды. Бастапқыда менде уақытша келісімшарт болды, ал жарты айдан кейін мені тұрақты қызметке ауыстырды. Жақында қызметім көтерілді, бұл да қуантарлық жағдай.

Маған біздің компаниямыз, ұжымымыз, жұмыс мәдениетіміз ұнайды – барлығы ақкөңіл, мейрімді. Канадада барлық адамдар қызметіне тәуелсіз бір-біріне құрметпен қарайды. Біздің open space кеңсесі – жұмыс үстелдері орналасқан үлкен кеңістік. Сен барлығын көріп отырасың, кез-келген адамның қасына бара аласың. Директорлар да осы кеңістікте отырады және кез-келген қызметкерді әрдайым тыңдауға дайын. Бұл Қазақстандағы және Қытайдағы жұмыс мәдениетінен ерекшеленеді.


Мемлекеттің ықпалы


8.jpg

Канададағы адамдар қарым-қатынасқа ашық, ізгі ниетті болып табылатындықтан, мен де одан сайын ақкөңіл бола бастадым. Көптеген сұрақтарға теріс түсініктерден арылып, ақылға салып қарауға тырысамын.

Канада мені болашақ күйеуіммен кездестірді, жақында біз некелестік. Ол мен пәтер жалдап тұрған көше бойында тұрды. Біз күн сайын жұмысқа барарда жолығып жүрдік және осылайша таныстық. Біз екі жылдай біргеміз, жақында ол маған ұсыныс жасады.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы