facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
top-kz-y-ayly-zh-ne-ti-md-kliningt-k-yzmet-k-rsetud-alay-zh-zege-asyru-a-bolady
logo
Top.kz. Ыңғайлы және тиімді клинингтік қызмет көрсетуді қалай жүзеге асыруға болады

02.03.2019

Top.kz. Ыңғайлы және тиімді клинингтік қызмет көрсетуді қалай жүзеге асыруға болады

Алмас Кебекбаев, 27 жаста, туған қаласы — Шымкент, жинап тазалау бойынша top.kz онлайн-қызметінің бас директоры

IMG_6919.jpg


Жоба жайында


Мен әрқашан кәсіпкерлікпен және IT саласымен қызығатынмын. FLEX бағдарламасы бойынша, кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-да оқыған кезде, бағдарламалауды оқыдым, өзімді ғылымда және кәсіпкерлікте байқап көрдім.

Қазақстанға оралғасын, мен Алматыда Samsung компаниясында жұмыс істей бастадым. Мен жалғыз тұрдым және үйді жинауға уақытым жетпейтін. Осы мәселені шешу үшін арнайы адамды немесе қызмет көрсетуді табуға тырыстым. Бірақ нарықтағы барлық қызметтер тым қымбат немесе сенімсіз болатын. Мен сияқты лайықты баға бойынша сапалы және қауіпсіз жинаа тазалауды қалайтын жастар не істейтіндері жайында ойлана бастадым. Америкада осындай қызмет түрлері көп және олар үлкен сұанысқа ие.

Маған қызықты болды және мен қарапайым сайтты жасап шығардым, байланыс телефонымды көрсетіп, мәнмәтіндік жарнаманы іске қостым. Үй иелері мен кеңсе жетекшілері соншалықты көп қоңырау шалатынын күткен жоқпын. Сол себепті мен бұл саланы зерттей бастадым, тіпті негізгі жұмысымен қатар демалыс күндері өзім барып үйлерді жинайтынмын.

Top.kz – бұл нарықтық және корпоративтік бағыт бойынша жинап тазалаудың қызметі

Ақырындап өз ісін бастауды қалаған серіктестерді таптым. Олар менімен бірге жобамен айналыса бастады және біз Top.kz қызметін жасап шығардық.

Top.kz – бұл нарықтық және корпоративтік бағыт бойынша жинап тазалаудың қызметі. Яғни біз пәтерледі, үйлерді, кеңселерді, сауда орталықтарды жинап тазалаумен айналысамыз. Біз өзімізді IT-компания ретінде ұсынамыз, себебі біз клинингтік сала бойынша IT-шешімдерді енгіземіз.

Біз компаниядағы барлық болып жатқан процестер үшін жауап береміз. Алғаш рет клиенттерімізді сақтандыра бастадық, себебі олар өз үйлеріне бейтаныс адамды кіргізеді және өздерін қауіпсіздендіруді қалайды. Бізде сақтандыу компаниямен келісімшартымыз бар. Егер бір себеп бойынша мүлікке зақым тигізсе, ол барлық мәселелерді шешеді.

IMG_6945.jpg

Біз Астана және Алматы қалаларында, сонымен қатар корпоративтік бағыт бойынша басқа қалаларда да жұмыс істейміз.


Қызмет көрсетуді қалай пайдаланады


Біздің қызметімізді пайдалану үшін, сайтқа кіріп, тұрғын бөлме мен санитарлық тораптың санын, қажетті қосымша қызметтерді таңдау керек. Мекен-жайды көрсетіп, уақытты таңдау және картаны бекітіп, үйді тазалау шеберін күту керек.

Біз мақсатты түрде шаршылардың орнына тұрғын бөлмелердің саны бойынша жинау нұсқасын таңдадық. Осындай бағыт АҚШ-да қолданылады және ол ыңғайлы болып табылады, клиенттің уақытын үнемдейді.

Top.kz қызметіндегі барлық процестер онлайн жүзінде іске асырылады. Сіз апта сайынғы тазалау қызметіне жазыла аласыз және белгіленген уақытта арнайы адам келіп тұрады. Жазылымның құны автоматты түрде шешіледі, бұл жайында сізге алаңдамауға болады.

Егер сізге шебер ұнамаса, сіз оны қара тізімге енгізе аласыз және ол сізге келмейтін болады. Және керісінше – егер сізге қызмет көрсетудің сапасы ұнаса, оны атап өтуіңізге болады және ол сізге жиірек келетін болады. Шеберлердің өздерінде де бұндай рейтинг бар – қара тізім және таңдамалы. Себебі жинап тазалайтын шебер де біздің клиентіміз, біз оған жұмысты ұсынамыз. Бұл теңгерімді сақтауға және екі жақтың сұраныстарын қанағаттандыруға көмектеседі.


Қызмет көрсету адамдарға несімен тиімді


Мен New York Times-тің зерттеулерін оқыдым, сонда адамдар үйді өздері жинамай, бұл қызметке тапсырыс берген кезде, өздерін бақыттырақ сезінетіні жайында жазылған. Адамдар үшін ақшаны уақытты үнемдейтін қызметтерге жұмсау ұнамдырақ.

IMG_6917.jpg

Жинап тазалау аптасына кем дегенде үш сағатты қамтиды. Әдетте демалыс күніңіздің үш сағаты кетеді. Демалыс күндері бұл поцестерге осыншама уақытты жұмсамау үшін, мамандандырылған қызмет көрсетуді пайдалануға болады. Өз шаруаларымен айналысып, таза үйге қайтып келген кезде, көңіл-күйің жақсарады.

Адамдар үшін ақшаны уақытты үнемдейтін қызметтерге жұмсау ұнамдырақ

Сонымен қатар біз адамдарға табыс табуға көмектесеміз. Біздің шеберлеріміздің жағдайлары әртүрлі және біз оларға еңбек етіп, лайықты ақша табуға көмектесеміз.

Біздің ісіміз клиенттеріміздің арқасында дамып жатыр. Клиенттердің қайтып келуінің жоғары проценті – біз үшін жақсы көрсеткіш болып табылады.


Қиындықтар жайында


Басты қиындық – адамдар, қызметкерлер. Шеберлер жауапты және жинақы болуы қажет. Ондай адамдарды табу қиын. Оған қоса ерекше тиімді шешімдерді ұсына алатын сауатты өңдеушілерді, маркетологтарды табу оңайға соқпайды. Әдетте біз осындай адамдарды Украина немесе Ресей елдерінен табамыз.

Алматы мен Астанада орташа есептегенде 1500 тазалаулар өтеді. Бірақ осы қызметтердің барлығын мамандандырылған компаниялар көрсетпейді. Клинингтік компаниялар өзара бәсекелеске түспейді – олар бұл салада дамыған сұр нарықпен күреседі.


Жоспарлар жайында


Біз алдағы даму стратегиямызды өңдеп жатырмыз. Клининг – бұл тек бастамасы ғана, біз басқа ілеспе қызметтерді енгізуді қалаймыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
БҰҰ-да мансапты қалай құруға болады: талаптар, артықшылықтар мен кемшіліктер
БҰҰ-да мансапты қалай құруға болады: талаптар, артықшылықтар мен кемшіліктер
Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар
Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар
Қазақстанның 20 шабыттандырушы кәсіпкерлері
Қазақстанның 20 шабыттандырушы кәсіпкерлері
Мадияр Тойболды деген кім
Мадияр Тойболды деген кім
Мұқағали Мақатаевтың нақыл сөздері
Мұқағали Мақатаевтың нақыл сөздері