Соңғы уақытта еліміздегі ұлттық кино жанры қарқынды дамып келеді. Осыдан бірнеше жылдар бұрын әртістерді сырттан шақырған болсақ, қазір арамызда талатты да дарынды жастарымыз көзді қуантады. Ал біз сіздерге осы саладағы үздік деген ондықты ұсынбақпыз.
Бұл тізімдегі бірінші орында, ұлттық «Құлагер» сыйлығының иегері, театр мен кино актеры Берік Айтжанов. Берік өзі көрермендерін қуанып, олардың арасында тіпті «Қасым хан» аталып үлгерді.
Екінші орында, Санжар Мадиев. 1986 жылы 4 тамызда Алматыда дүние келген ол, бала кезден жан-жақты болып өседі.
Үшінші орында, Тәуекел Муслим. Көрермендердің көзайымына айналған, қазақстандық актер жанкүйерлерін үнемі жаңа жобаларымен қуанту үстінде. Сонымен қатар, отбасына да, жұмысына да, әлеуметтік желігеде уақыт табу үстінде.
Төртінші орында, Асылхан Толепов. «Жау жүрек мың бала» фильмінен кейін танымал болған бұл жас талант, қазіргі уақытта өз жұмысын жалғастыруда.
Бесінші орында,Әсел Сағатова. Елімізге ғана емес, шетелге де танылып үлгерген талатты қыз, бүгінде ең сұлу актрисалар тізіміне кіреді.
Алтыншы орында,Әлия Әнуарбек. «Ағайынды», «Жау жүрек мың бала» фильмдерінен соң көрерменнің көзайымына айналған сұлу қыз, бүгін екі қыз тәрбиелеп отыр.
Жетінші орында, Нұртас Адамбай. Нұртасты білмей адам кемде кем. Өз жолын КТК-дан бастаған таланттың атын естігенде көз алдымызға «келін Сәбина» келеді.
Сегізінші орында, Жәния Джуринская. Еліміздегі сұлулардың тізіміндегі актриса, бүгінде бір отбасынынң отын жағып, ана атанып отыр.
Тоғызыншы орында, Әсел Сәдуақасованы білмейтін адам жоқ. Өз жолын әншіліктен бастаған ол, бүгінде кино саласында сұранысқа ие танымал актриса.
Оныншы орынды әнші, актер, композитор, тележүргізуші Нұрлан Әлімжанов. Бүгінгі біздің тізімді жеті қырлы бір сырлы дарын тәмәмдайды.