facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
tokyo-international-university-aza-standy-studentter-zhaponiya-a-alay-o-u-a-t-suge-bolatyny-turaly
logo
Tokyo International University. Қазақстандық студенттер Жапонияға қалай оқуға түсуге болатыны туралы

23.02.2023

Tokyo International University. Қазақстандық студенттер Жапонияға қалай оқуға түсуге болатыны туралы

Tokyo International University студенттері Жапонияның жоғары оқу орнына түсу және оқу процесінің ерекшеліктері туралы айтып берді.


Дильназ Елеусізова, 19 жаста, қаласы — Токио, студент, @di_jp17

дильназ е.jpg

Жоғары оқу орнын таңдауы туралы

Мен екінші курс студентімін және Tokyo International University жанындағы Peer Assistant жетекшісімін.

14 жасымда жапон мектебінде алмасу бағдарламасымен оқыдым. Tokyo International University мені өзінің орналасқан жерімен қызықтырды. Бірінші және екінші кампус Токиодан бір сағаттық жерде, ал жаңа кампус Токионың 23 ауданының бірі — Тошимада, Икебукуро станциясында орналасқан.

Оқуға түсуі туралы

Оқуға түсу процесі күрделі.

Біріншіден, университетте ағылшын тілінде оқуға болатын үш факультет бар: International Relations, Digital Business and Innovation және Business Economics. Осыған байланысты ағылшын тілін білетініңді растайтын құжат керек. Екіншіден, оқуға қабылдау кезінде барлық студент автоматты түрде грантқа түседі, алайда ол 30%-дан 100%-ға аралығындағы жеңілдікпен болады. 100% грантқа ие болу үшін сізге жақсы мотивациялық хат, мұғалімдердің пікірі, өте жақсы баға және волонтерлік қызметтің болуы міндетті.

Үшіншіден, Жапонияға құжат тапсыру кезінде барлық құжатты кәдімгі пошта арқылы университет кеңсесіне жіберу маңызды.

Оқудың ерекшеліктері туралы

Tokyo International University артықшылығы — студенттерді Жапониядағы өмірге бейімдеуге көмектесетіндері. Бағдарлама ағылшын тілінде болғанымен, Жапонияда бұл тілде сөйлейтіндер аз. Сондықтан университетте Peer Assistans бар. Біз студенттерге сим-карта қосуға, банк шотын ашуға, тіркеуге, сақтандырумен қамтамасыз етуге, келісімшартқа қол қойдыруға көмектесеміз.

Университет жатақхананы оқудың бірінші жылында ғана қамтамасыз ететінін есте ұстаған жөн. Ал келесі жылынан бастап студенттер пәтерді өздері табуы керек.

Атмосферасы жайлы

Университетте түрлі елден келген студенттер білім алады. Күзде әр елден келген студенттер ұлттық тағам әзірлеп, сахнада қойылым көрсеткен фестиваль өтті. Мен ұлттық киіммен кампусты араладым. Қазақтың ұлттық киімі барлығын тәнті етті!

Токио — үлкен мегаполис, мұнда әрі-бері ағылған ығы-жығы халық. Бұл қала экстраверттерге өте ыңғайлы. Токионың өзінде тұру қымбат, алайда қаланың шет жақтарының бағасы қолайлы. Студенттердің көпшілігі кафе мен дүкендерде жұмыс жасап, қосымша ақша табады.

Университет маған не берді

Біздің тамаша профессорларымыз бар. Олар бізге сапалы білім береді.

Мен университетті Токиоға барғысы келетін, бірақ ағылшын тілінде бағдарлама іздейтіндерге ұсынар едім.


Данияр Берікұлы, 20 жаста, қаласы — Токио, студент, @jamayamami

данияр б.jpg

Жоғары оқу орнын таңдауы туралы

Мен Tokyo International University-дің екінші курс студентімін.

Шетелде білім алу бала кезімнен бергі арманым еді. Павлодардағы НЗМ-де оқып жүргенде мен Tokyo International University бизнес және IT саласында ағылшын тілінде білім беретінін білдім.

Оқуға түсуі туралы

Біздің университетте НЗМ оқушылары жылына екі грантқа квота алады. Мен солардың бірімін.

Оқуға түсу үшін университетке соңғы үш жылдағы бағалардың транскриптерін, екі оқытушының ұсыныс хатын, мотивация хатын және басқа да көптеген құжат жібердік.

Мен екі іріктеу кезеңінен өттім. Бірінші кезеңде үміткерлердің басым бөлігі өте алмады. Екіншісіне 11 адам ғана өтті. Мені таңдағаннан кейін маған жапон визасына құжаттарды дайындауға көмектесетін агенттіктің байланысын берді.

Оқудың ерекшеліктері туралы

Университетте оқу процесі қарқынды жүріп жатады, дегенмен әр студенттің өз ісімен айналысуына да уақыт табылады. Яғни оқу мен жеке өмірдің арасында тепе-теңдік бар.

Ағылшын тіліндегі бағдарлама үш мамандықты ұсынады: Digital Business and Innovation, Business Economics және International Relations. Мен DBI студентімін. Мамандығымның артықшылығы – бағытты таңдау мүмкіндігі және материалдардың вариативтілігі. Бізге IT немесе бизнестің біреуін немесе екі сала арасындағы балансты, мысалы, Fintech-ті таңдауға болады.

Әрбір пән мен мұғалімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Бір пәнде емтихан болмауы мүмкін, ал енді бірінде арнайы есептерді шешіп, бағаңды көтеруге рұқсат етіледі.

Алайда мұның бір кемшілігі бар: пәндерді таңдау кезінде әрбір студент «лотерея ойыншысына» айналады. Әсіресе бірінші курс студенттері өздеріне қандай мұғалімнің түсетінін және оның сабақты қалай жүргізетінін білмейді.

Атмосферасы жайлы

Маған университет өмірі ұнайды.

Біріншіден, университет әкімшілігі студенттерге орналасуға және жапониялық халыққа қызмет көрсету орталығында тіркелуге көмектеседі.

Екіншіден, біздің кампустарымыз әдемі. Бірақ университет Токионың орталығынан алыс. Икебукурода келесі күзде жаңа кампус ашылады.

Үшіншіден, ешқашан жалықпайсыз. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген достарым бар. Бір сабақта Шри-Ланка мен Германиядан келген студенттердің қасында отырсаңыз, екінші сабақта британдық, перулық немесе оңтүстік африкалықтармен сөйлесіп отырасыз дегендей.

Университет маған не берді

Болашағым өз қолымда екенін түсіндім. Бос уақытыңызда немен айналысатыныңыз, не нәрсеге қызығатыныңыз, кіммен араласатыныңыз өте маңызды. Қосымша жұмыс табуыңыз керек, тағылымдамадан өтетін жер және пайдалы курстар іздеуіңіз қажет, яғни болашақта керек болады-ау дегеннің бәрін қазірден бастап ойластырған дұрыс.


Ғазиза Мәди, 18 жаста, қаласы — Кавагое, студент, @gazizasss

газиза м.jpg

Жоғары оқу орнын таңдауы туралы

Өткен жылы мен физика-математика бағытындағы НЗМ-ды бітірдім. Қазір Tokyo International University-дің «Цифрлық бизнес және инновация» мамандығы бойынша бірінші курс студентімін.

Мен бұл университетті жаңа мәдениеттерді зерттеу, ой-өрісімді кеңейту, баға жетпес өмірлік тәжірибе мен сапалы білім алу мүмкіндігі үшін таңдадым.

Оқуға түсуі туралы

Оқуға түсу үшін IELTS, SAT сияқты емтихандарды тапсыру керек. Сыныптан тыс жұмыстар, бағалар, мотивациялық және ұсыныс хаттар — өтінішіңіздің маңызды құрамдас бөлігі. Сіз оқығыңыз келетін университеттер мен сол ел туралы мұқият зерттеуіңіз керек. Сондай-ақ өтінішті толтыруға ерекше назар аударғаныңыз жөн. Мен мектепте оқып жүргенде-ақ мақсатыңызды айқындап алуға кеңес беремін.

Оқудың ерекшеліктері туралы

Бізде түрлі елден келген студенттер мен профессорлар бар. Tokyo International University-де түрлі мәдениет өкілдерінен қызықты нәрселер үйреніп, күн сайын жаңа әлем ашасыз.

Университеттің кемшілігі — Токиодан шалғай орналасқандығы. Тілді білмеу де кейбір процестерді және жапондық студенттермен қарым-қатынасты қиындатады, бірақ бұл жапон тілін үйренуге мотивация береді.

Атмосферасы жайлы

Университетте бәрі тату, достық қарым-қатынаста. Жапондар сыпайы және мейірімді, бірақ ашылып сөйлесе бермейді. Жапон мәдениеті мен олардың әлеуметтік нормаларына кез келген адам тез үйреніп, қабылдап кете алмайды. Шағын қалаларда тыныш өмірді сүресіз, бірақ үлкен қалаларда өмір ырғағы басқаша. Бұл контрастпен өмір сүруге және әр сәттен ләззат алуға мүмкіндік береді.

Университет маған не берді

Университет мені толерантты және басқа мәдениеттерге ашық болуға, ауқымдырақ ойлауға үйретті.


Адия Қобыланды, 17 жаста, қаласы — Токио, студент, @koblanndy

адия к

Жоғары оқу орнын таңдауы туралы

Мен Tokyo International University-дің бірінші курс студентімін. Мен TEDxTIU клубының ораторлық комитетіндемін.

Әртүрлі халықтан құралған қоғамда өмір сүргім келетін. Себебі шетелде құнды тәжірибе алатынымды, әлемнің түкпір-түкпірінен достар табатынымды білдім. Осылайша, 11-сыныпта Жапонияда оқимын деп шештім. Tokyo International University-де мені факультет бағдарламасы мен оның ауқымы қызықтырды.

Оқуға түсуі туралы

Қабылдау процесінде таңдаған университет туралы барлық ақпаратты зерделеу маңызды. Осылайша сіз олардың қандай қасиеттер мен білімді бағалайтынын білетін боласыз.

Эссе жазғанда, өзіңіз қажет деген нәрселерді жазыңыз. Университеттер үшін сіздің дауысыңызды естіп, даралығыңызды көру маңызды.

Оқудың ерекшеліктері туралы

Университеттің артықшылығы — оқу орнының бағдарламасы мен саясаты. Алайда университет өкілдерінің барлығы ағылшын тілін біле бермейді, бұл қарым-қатынасты қиындатып, біраз кедергі туғызады.

Атмосферасы жайлы

Жапонияда менің ойлағанымнан да керемет болып шықты. Адамдардың менталитеті біз үйреніп қалған Қазақстаннан бөлек. Адамдар сыпайы, тыныш.

Токиодағы өмір ешқашан бір орында тұрмайды. Қаланың атмосферасын бір сөзбен айтып жеткізу қиын.

Университет маған не берді

Университет қарым-қатынас орнатуға және тіпті стресс жағдайларында жұмыс істей білуге ​​үйретті.

Tokyo International University тек оқуға ғана емес, жұмыс істеуге, сүйікті ісіңмен айналысуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.