facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
tl-t-lekter-t-rkiyany-b-l-m-beru-zh-yes-arzan-tama-zh-ne-aza-standy-o-amdasty-zhayynda
logo
ҚТЛ түлектері Түркияның білім беру жүйесі, арзан тамақ және қазақстандық қоғамдастық жайында

09.04.2019

ҚТЛ түлектері Түркияның білім беру жүйесі, арзан тамақ және қазақстандық қоғамдастық жайында

Ғалым Жарасов, 21 жаста, туған қаласы — Ақтөбе, студент-математик


Галым 1.jpeg

ҚТЛ-дегі оқуы жайында


Мен ҚТЛ-ға 2010 жылы түстім, ал 2015 жылы лицейді бітірдім. Біз алған сапалы білім үшін ҚТЛ-ға алғысымды білдіремін. Мен бес жыл бойы олимпиадалық математикамен айналыстым – аймақтық, облыстық және республикалық олимпиадаларға қатыстым. Соның арқасында Үндістандағы олимпиадада «алтынға» ие болдым. Бұл мені ҰБТ-дан босатып, Түркия еліндегі жоғары оқу орнына түсуіме ықпал етті.

Олимпиадаларға дайындалу барысында алынған білімнің арқасында менің университеттегі бірінші және екінші курсым жеңілірек өтті. Мен дәрістердің көбісін жақсы білдім, ақпараттың жартысын бір жерлерде естідім, бұл маған пән бойынша хабардар болуға көмектесетін.

Тағы бір басымдықтың бірі, әрине, түрік тілі болды. Ол маған тезірек бейімделуге, көп қызықты адамдармен танысуға көмектесті.

Қоғамдастық – ҚТЛ-дағы оқудың ерекшелігі еді. Бізді көп естеліктер байланыстыратын аға-інілерге ие болдым.

Галым.jpeg


Түркия еліндегі оқуы жайында


ҰБТ сертификатын алғаннан кейін, мен Middle East Technical University оқу орнына түсуді шештім. Бұл университетке түсу үшін, SAT, IELTS және тағы басқа емтихандарды тапсыру қажет болды. Олимпиаданың нәтижелері, ҰБТ сертификаты, емтихандардағы жақсы баллдар маған оқудың 50 % жеңілдгіне ие болуға мүмкіндік берді.

Түркияда ең жақсы білім беру жүйесі. Осында мұғалімдер жұмысының сапасын қатаң қадағалайды және бағаларға қатысты пара немесе ұры-қарылыққа жол берілмейді.

Егер сен мемлекеттік университетке түссең, бір жылғы оқудың құны 1000 $ және одан жоғары тұрады. Жекеменшік университетте бағалар 10 000 $ басталады. Айырмашылық өте үлкен, сол себепті көбісі мемлекеттік оқу орындарға түсуге тырысады. Бірақ бұл Қазақстанға қарағанда бәрібір тиімдірек болып табылады. Мысалы, METU-дағы оқу жылына 1000 $ тұрады, ал Қазақстанда оқудың құны 1 000 000 теңгеге дейін жетеді. Түркияда арзанырақ баға бойынша сапалырақ білім алуға болады.

Түркия еліндегі білім беру жүйесінің ерекшелігі – оның иілімділігі


Түркия еліндегі білім беру жүйесінің ерекшелігі – оның иілімділігі. Осында мамандық пен кәсіп түсініктері – екі түрлі нәрсе. Егер мен мамандығым бойынша математик болсам, кәсібім бойынша кез-келген маман иесі бола аламын. Қазірде мен компьютерлік инженерия, экономика және испан тілі бойынша курстарға барып жүрмін. Осында барлығы әркімнің ұнататын әуестері бар екенін түсінеді, сол себепті студенттерге өз болашағын таңдауға мүмкіндік береді.


Түркиядағы өмір мен шығындар жайында


Түркия елінде қазақтар көп, қазірде мен ҚТЛ және жергілікті қазақтар арасында әртүрлі кездесулерді ұйымдастырамын. Түріктердің өздері бізді ағайынды ретінде қабылдайды және достық қарым-қатынасты ұстанады.

Мемлекеттік оқу орнындағы оқу орташа есептегенде 2000 $ құрайды. Біз айына тұрғын үйді жалдауға және азық-түліктерге шамамен 120-150 мың теңге жұмсаймыз. Жалпы оқудың 10 айына сізге барлық шығындар мен оқудың құнын есептегенде орташа 1 500 000 теңге қажет.


Жоспарлар жайында


Бүгінде мен Procter & Gamble компаниясында сұхбаттасудан өтіп жатырмын, оларға Gillet, Pampers, Head & Shoulders және тағы көптеген брендтер тиесілі. Мен Мәскеудегі IT-позициясына үміттенемін.

Болашақта жеке кәсібімді ашу ойы бар, ал қазірде саяхаттауға деген үлкен ниетім бар.


Қуандық Клименов, 22 жаста, туған қаласы ― Астана, «химиялық инженерия» мамандығының студенті


Куандык.jpeg

ҚТЛ-дағы оқуы жайында


ҚТЛ-дағы уақытты қысқаша сипаттасам, бұл:

— жатақхана

— асхана

— кантин

— таңдау бойынша алынған олимпиадалық пән

— ағылшын тіліндегі сабақтар

— футбол

— үстел теннисі

— кітаптар

— мұғалімдер және абишкалар

— этюд.

Кез-келген мектептің жалғыз құндылығы – оның оқушылары. ҚТЛ мұғалімдері бұны толықтай ұғынады. Олар бізге сенеді – бұл ең бастысы.

ҚТЛ-нің бар ерекшелігі – оқушылар үшін дұрыс таңдалған орта, мүғалімдер мен тәрбиешілер.

ҚТЛ түлектері – бұл әртүрлі елдердің өкілдері кіретін үлкен қоғамдастық. Қазақстандықтар жайында айтсам, олар мені Түркияда қарсы алды, бастапқы уақытта мен олармен тұрдым. Біз тығыз араласамыз, киноға, боулингке барамыз, әртүрлі жарыстарға қатысамыз.


Түркия еліндегі оқуы жайында


Мен 2015 жылы Анкара қаласындағы Hacettepe University түрік университетіне түстім. Бұл оқу орнын менің мектептегі ұстазым ұсынды, себебі сонда тегін оқуға болады. Мен ҰБТ-ны тапсырдым, құжаттар пакетін жинадым, сайтта біз үшін маңызды болып табылатын төрт мамандықты таңдауға қажетті сауалнаманы толтырдым. ҰБТ-ны тапсырғаннан кейін, университетке атестаттың орташа балы қажет, ол 4,5 баллдан төмен болмауы керек. 2015 жылы SAT және оқуға түсуге арналған басқа да емтихандарды тапсыру талап етілді, сол себепті мен үшін барлығы жеңіл өтті. Мен құжаттарды шілде айының басында тапсырдым, ал тамыз айында жауап алдым.

Осындағы оқу Қазақстандағы қағида бойынша өтеді: жарты ай оқу, кейін емтихан және қорытынды емтиханға дейін осы жүйе екі рет қайталанады. Қорытынды емтихандар кезінде оқу болмайды, ал нәтижелер бойынша пәннің орташа бағасы шығарылады.

Әрбір кампустың ерекшелігі бар. Мысалы, менің университетімде тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана бар. Емтихандар кезінде студенттердің басым бөлігі кітапханада қонады, ал оқу орынның қызметкерлері түнгі уақытқа дейін қалған студенттерге тегін шәй мен кофе ұсынады.

Менің университетімде тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана бар


Тақырыптық қауымдастықтардың көп болуы мен үшін тағы бір таң қаларлық факт болды. Осында америкалық футболдан бастап, актерлік шеберлікке дейін барлығы бар. Кез-келген студент өзіне сай келетін ортаны табуға құқылы, ең бастысы – бұның барлығы тегін.

Түркияда жайлы оқу үшін, пәндер бойынша жақсы білім базасына ие болу керек. Осында студенттердің соңынан ешкім жүгірмейді. Егер үлгермей жүрсең, одан да көбірек тырысу керек деген сөз. Бірақ университет курсты жабуға үлгермей жатқан немесе емтиханнан құлаған студенттерге мүмкіндік береді. Студент бұл курсты келесі жылы қайтадан алуға құқылы. Жүктеме көбірек болады, бірақ сол пәнді ақылы түрде өтуге міндеттемейді.

Мен өз күшімді толық бағаламай, техникалық пәндер бойынша күрделі жерлерді қуып жете аламын деп ойладым. Нәтижесінде талай рет емтихандардан құлап, жазғы мектепке қалатынмын. Бірінші және екінші курстар өте қиын өтті, бірақ қазір мен барлық пәндерімді тапсырдым.


Түркиядағы өмір мен шығындар жайында


Түркияда мемлекеттік жатаһханаларда тұру арзанырақ, бірақ орынға ие болу қиын. Жекеменшік жатақһаналарда орындар көбірек, бірақ бағасы да екі есе жоғары. Достармен пәтер жалдап тұруға болады, бұндай жағдайда жалдаудың құны бюджеттің үлкен бөлігін алады. Айына 300-400 $ жұмсау ұтымды шешім. Бұндай сомамен пәтерді жалдап, қала бойынша қыдыру, дәмханалар мен мейрамханаларға бару мүмкіндігіне ие боласыз.

Университеттік кафетериінде таңғы ас шамамен 150 теңге, ал кешенді түскі ас немесе кешкі ас шамамен 200 теңге тұрады.


Жоспарлар жайында


Мен университетті бітіргесін, жұмыс тауып, тұлға ретінде дамып жетілуді қалаймын. Мен мәселелерді қажеттілігіне орай шешуге және қысқа мерзімді мақсаттар қоюға дағдыландым.


Амина Чайа, 20 жаста, туған қаласы — Павлодар, студент


Амина.jpg

ҚТЛ-дағы оқуы жайында


Мен ҚТЛ-ға 2010 жылы түстім. Әрбір лицей оқушысына таныс нәрселер болады: ұзын торлы белдемше, темір подностар, сындырылған шыны үшін барлық асханаға естілетін шапалақтар, «йатыш» кезінде немесе ұйықтар алдында сырлы және шынайы әңгімелер.

Лицей – бұл емтихандардың алдында бір-бірін ұйықтатпай, «3 в 1» кофені ішетін кездер. Бұл таңертеңнен кешкі тоғызға дейін болатын сабақтар, этюдтер, олимпиадалар және тәртіп, 24/7 бойы естілетін күлкі. Бұл тәрбиешілердің, мұғалімдердің қамқорлығы мен өсиеттері. Осында бір-бірін жақсы көруді, құрметтеуді және қолдауды үйренесің. Лицейдің ерекшелігі – сапалы, жанашыр, еңбекқор адамдар және бұндай жерге сай атмосфера.

Лицейдің басты артықшылығы – ағылшын және түрік тілдерін білу.


Түркия еліндегі оқуы жайында


Мен 2015 жылы лицейді бітіргесін, бірден Түркия еліне оқуға түстім. Бүгінде мен Анкара қаласындағы Қиыр шығыстық техникалық университетінің төртінші курс студентімін. Мемлекеттік басқару және саясатты оқып жатырмын.

Түркия еліндегі оқу – бұл қолжетімді баға бойынша берілетін сапалы білім. Көптеген жоғары түрік оқу орындары халықаралық деңгейде мойындалған, олардың Еуропа, АҚШ және Шығыс Азия елдерімен ауысып оқитын бағдарламалары және шетелдік тағылымдамаларды өтейтін жағдайлары бар.

Университеттер жекеменшік және мемлекеттік болып бөлінеді. Жекеменшік университеттерінде оқудың құны бірнеше мың доллардан басталады, ал мемлекеттік университеттердің құны әлдеқайда төмен.

Түркия еліндегі оқу – бұл қолжетімді баға бойынша берілетін сапалы білім


Көптеген университеттерде әртүрлі факультеттерге түсу үшін шамамен бірдей талаптар қойылады. Түсуге жеңілірек болатын университеттер бар. Әдетте бұндай оқу орындарында тек мектепті бітіру дипломы қажет.

Көптеген түрік жоғары оқу орындары ҰБТ-ны қабылдайды. Сонымен қатар кішкентай қалаларда орналасқан университеттерге түсу үшін арнайы YOS емтиханы бар. Ағылшын тілді жоғары оқу орындарында IELTS немесе TOEFL-ді талап етеді, оған қоса SAT емтиханын қабылдайды.


Түркиядағы өмір мен шығындар жайында


Түркияда оқитын студенттердің басым бөлігі – ҚТЛ түлектері. Осында біздің отандастарымыз тәжірибелерімен бөлісетін, бір-бірін қолдайтын шағын қоғамдастық бар. Бұл қоғамдастық бірінші курста, барлығы жаңадан танылатын кезде айрықша пайдалы.

Оқудың құны университетке байланысты өзгеріп отырады. Біздің университетте оқудың құны семестр үшін шамамен 200 $ құрайды. Жақсы үлгерім үшін 50 ― 100 % жеңілдіктер беріледі.


Жоспарлар жайында


Мені Қазақстанның белсенді және жан-жақты жастары қызықтырады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.